?арты бар ел, ?азыналы ел атты 1-?азан ?арттар к?ніне арнал?ан сценарий


Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Күні: 1.10.2016 ж
Тақырыбы: «Қарты бар ел – қазыналы ел»
Түрі: Мерекелік құттықтау
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті _______________сізді 1-қазан қарттар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Мектеп оқушыларының дайындаған шағын мерекелік құттықтауын қабыл алыңыз!
Жүргізуші: Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- дей келе асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер!
Әбіш: Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Мадина: Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Дәулет: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейіркүн көзімен пара –пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Аида: Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғыпал бөбектерім сендер мұны
Ата – әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүргізуші: Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Сіздер барда артады берекеміз,
Жақсылық пен қашанда тез өсеміз.
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тар қамасын әрдайым мерекеңіз.
Мерекеңіз құтты болсын асыл жандар,
Келеріне білген әрқашан биік заңғар.
Күш-қуат, асыл- сана тірек болып,
Сіз үшін ата берсін бақытты талай таңдар!
Жүргізуші: Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан - үн!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын!- Саятұлы Дәулет пен Тоқтауова Айназдың орындауында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыз!
Көктүбек орта мектебі

 
Мерекелік құттықтау
  
Тәлімгер: А.Тәкібаева
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Г.Нұғыманова
2016-2017 оқу жылы