Елбасы к?ніне арнал?ан кеш


Тақырыбы: «Біздің Елбасы»
Безендірілуі: Мектеп залын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру.
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту, құрметтеу.
1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Оқушылар сапты түзеп, тік тұрыңдар! «Біздің Елбасы» атты өткізгелі отырған мерекелік жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тұғырдан әкелінсін!
Қазақстан-егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Шартарапта шаттығыңдай азат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Гимні қазақтың!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
2-Жүргізуші: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.
Қазақстан – бүгін міне жеке отау салтанаты жарасқан!
Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!
Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан!-дей отырып, келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға сөз береміз.
1-оқушы: Тұрғанбек Назым.
-Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп,шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналды
Ұл туса,бауырына бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасап алмақ!
Жанарың жаудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүние кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты-Нұрдан,аты-Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтыңарман, тілек,бақытынан.
Ел үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
-Нұраға,о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан сізді күткен...
1-Жүргізуші: Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. Келесі кезекті әуелеген әсем әнге береміз.
ӘН: «Қазақстан Республикам менің »
Орындайтындар: 8-сынып оқушылары Малтабар Айзат пен Мақаш Айсұлу.
2-Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөп теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
1-Жүргізуші: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Ол шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың.
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Елбасымыз биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,-деп келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән: «Астана»
Орындайтын: 8-сынып оқушысы Малтабар Айзат.

1-оқушы:Сәбитқызы Әсем
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдаржыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
2-оқушы:Ережеп Мерей
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
2-Жүргізуші: 1990 жыл...
24-сәуірде Қазақ КСР-інің ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің І сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикасының президенті болып сайланды.
25 қазан. «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация Республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді Республикалар одағына кіру ойынан басқа , алғаш рет ҚазКСР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік-құқықтық нормаларын бекітті.
Келесі кезекте «Қыздар-ай»тобының әсем биін тамашалаңыздар.
1-Жүргізуші:
1991 жыл, 1-желтоқсан.
Республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-інің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
485584511239503308985112395016833851123950349251181100

2-Жүргізуші: 10-желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
1-Жүргізуші: 1996 жылы 30 тамызда «Қазақстан Конституциясына 1 жыл» толды. 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Келесі кезекте әсем әнге кезек берсек.
Ән: «Қазақстан»
Орындайтын:5-сынып оқушысы Әліпбай Мерей.
2-Жүргізуші: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»,-дей отырып,келесі кезекте оқушыларымыздың Елбасымызға арналған жыр-шумақтарына кезек берсек.
4-оқушы: Арыстанбек Мейіржан
Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлайды,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы,
Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы.
5-оқушы: Бегалы Бейбарыс
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтті қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
6-оқушы: Құрмантай Мейірман
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы,
Сіз бар жерде еліміз аман ,
Елдігіміз тұғырлы .
Отанымыздың болашағы ,
Бізбен-сіздің қолыңызда.
Аман болып,жүз жасаңыз,
Ел басқарған Нұраға.
2-жүргізуші: Ел тірегі - қайратым,Абыройым, айбатым!Отан даңқын асырдың,Көк туымды жайнатып.Бағымызға жүр аман,Нұр сәулетті, Нұр аға!Оянады көңілден қайдағы арман,
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Президентім бар менің елі түгел,
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп,Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Достық әні шарықтайды төрімнен!-деп келесі кезекті әуелеген әсем әнге береміз.
Ән: «Қазақтай ел қайда »
Орындайтын: 8-сынып оқушылары Иляс Нұрсұлтан мен Мақаш Тоқтар.1-Жүргізуші:Тәуелсіздік, тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк Байрағым, Елтаңба, Әнұраным.
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.
Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!
Ел болып көтерілген шаңыраққа
Тілейміз бақыттылық, баяндалық!-дей отырып келесі сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Шораева Назігай апайға сөз береміз.
2-жүргізуші:Оқушылар сапты түзеп, тік тұрыңдар! «Біздің Елбасы» атты мерекелік жиыннан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тұғырға қайта қойылсын!
1-Жүргізуші: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады.
2-жүргізуші. Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болыңдар дегіміз келеді. Бүгінгі кешімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа»,-деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Көріскенше күн жақсы болсын !