Математика Белгісіз ?осыл?ышы бар те?деуді шешу (1 класс)


Сабақ тақырыбы: Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу
Күні: 24.02.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Молдамсеитова Г.О.
Сынып: 1 «А» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақта қарастырылатын оқыту мақсаты 1.2.2.2. Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері және таңдау тәсілі негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар үшін:
қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері және таңдау тәсілі негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу.
Бірқатар оқушылар үшін: белгісіз қосылғышты табу тәсілдерін түсіндіру.
Кейбір оқушылар үшін: сұлбалар мен үлгілер бойынша теңдеулер құру және белгісіз қосылғышты табудың тәсілдерін түсіндіру.
Тілдік мақсат Оқушылар игереді: теңдеулердің жазбасындағы белгісіз компонеттерді атау.
Пәндік лексика және терминология: теңдеу, белгісіз қосылғыш, теңдеудің түбірі.
Жазу: Кестеде берілгендер бойынша теңдеу жазу.
Ресурстар: Әр оқушыға арналған:1 ламинатталған қағаз парағы;1 маркер; қосуға берілген қарапайым теңдеулер жазылған­ 14 парақша, асық, қоржын, текше, кеспе карточкалар, смайликтер, жұлдызшалар
ЖоспарСабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
0-3 минут (Ұ) Психологиялық ахуал. Сабаққа жағымды көңіл күй тудыру.
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Ал ендеше достарым
Сабаққа ынта саламыз 4-7
Белсендендіру. Топтық жұмыс.
Әртүрлі математикалық жазбаларды атауды ұсыну.
- Балалар, қараңдаршы алдарыңдағы жазбаларды қандай топтарға бөлуге болады?
- Әріпті өрнектер, санды өрнектер, теңсіздіктер.
- 1 қатар Санды өрнектерді атайды
- 2 қатар Әріпті өрнектерді атайды
- 3 қатар Теңсіздіктерді атайды
Мысалы:
10–8 9 > 6 5 + d 14+ 3
18 > 5 а - 9 12 – 8 22 < 26
20 + х 80 + 10 90 < 100 b - 30 Жинақ
полотносы
Мақсат қою кезеңі:
7-11 Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
-Қоржынға асықтарды балалармен бірге санап салу, тағы бірнеше асықты салып, балалармен бірге қайта санау. Осыған байланысты теңдік құрату. 6 + х = 9
- Сендерге мынадай жазба таныс па? Бұл не?
-Бұл – теңдеу.
- Теңдеу дегеніміз не? Бұл теңдеуде белгісіз компонент не?
- Қосылғыш.
- Бүгін біз сендермен белгісіз қосылғышы бар теңдеулерді шешуді үйренеміз. Оқулық, дәптер
Жаңа материалмен жұмыс
12-24
Жаңаны ашу. Жекелей жұмыс.
Сонымен, балалар алдарыңдағы ламинат қағазға теңдеу құрыңдар. Оқушыларға құрған теңдеулерін оқыту.
х+3=7 5+х=7
-Қай компонент белгісіз? Оны қалай табамыз? Теңдеуді шешу үшін белгісіз санды табу керек. Оны әртүрлі орындауға болады. Сынап көру арқылы орындауға болады. (жинақ полотносында суреттеу). Сондай-ақ есептеуге болады. Ламинаттал
ған қағаз,
маркер
Ой толғаныс
25-30
Жаңаны қолдану. Жұптық жұмыс . «Сиқырлы текше» Кубик лақтыру.
-Балалар, мен текшені лақтырамын. Текшеде түскен санды алдарыңдағы қағаздағы теңдіктегі бос торкөздің орнына қойып, теңдеуді шешіңдер.
-Теңдеуді қалай шештіңдер?
Мысалы: х + = 10 + х= 10 а + = 10
+ а= 10 с + = 10 + х= 10

х + = 10 + х= 10 х + = 10
+ х= 10 х + = 10 + х= 10
Текше, А4 форматқа жазылған теңдеу
Сергіту сәті « Қыдырып қайтайық» Бейнекөрсеті
лім
Бекіту
31-34 Алған білімдерін тексеру.
Дәптердегі тапсырманы орындау (түсіндіре отырып).
Белгісіз қосылғышпен теңдеу құрастыр.
Оқушылар суретке қарап, қосу амалына теңдеу құруы және белгісіз қосылғышты табуы қажет. Құрылған теңдік екі ыдыстың массасының теңдік түріндегі жазбасы болып табылады. Оқушылар теңдеудің шешуін торкөз дәптерге математикалық жазбаның ережесін сақтай отырып, дұрыс рәсімдейді. Мысалы, тепе -теңдікте тұрған табақты таразының бір табағында “х” деп жазылған қапшықпен 3 кг-дық кіртас, ал екіншісінде 5 кг-дық кіртас бейнеленген.
Суретке “х + 3 = 5” теңдеуін құрастыруға болады.т.с.с Дәптер
Қорытынды
35-40 Әріптің орнына сәйкес келетін тиісті санды тауып қорша.
Кеспе карточкалар
Рефлексия
41-45
Рефлексия. «Смайлик»
– жаңа тақырыпты меңгердім, өзім орындай аламын.
– түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.
– ешнәрсе түсінбедім, орындай алмадым.

Смайликтер