Саба? жоспары Компьютер — ?мбебап есептеуіш машина


Қысқа мерзімдік жоспар.
№5 сабақТексерген:
Уақыты: Пән : Информатика Сынып: 5 а,ә,б Күні: 5а,б - 29.09.14ж
5ә- 2.10.14ж.
Сабақ тақырыбы: Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Жалпы мақсат: Білімділік:оқушыларды "компьютер" түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғаш түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру,өзін- өзі реттеуге үйрету.Топта жұмыс істеуге, бір-бірін бағалауға, сыйлауға үйрету
Оқу нәтижесі: Адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрлысын анықтайды, оның қызметін, құрылғыларға сипаттама береді, пернетақтаны қолдана алады.
Негізгі
идеялар: Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру
Оқыту
әдістері: Жаңа әдістер
Сұрақ- жауап, диалог,СТО, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, компьютер
Тапсырмалар: Сұрақтар құрастыру мен терминдерге жауап іздеу, тақырыпқа байланысты постер жасау,сөйлемдер құрастыру.
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сынып оқушыларымен амандасу.
Оқушыларды түгендеу
Ынтымақтастық атмосферасын құру.Оқушыларды топтарға бөлу. Оқушылар тыңдайды
Топтарға бөлінеді,бір-біріне жақсы тілектер айтып,
Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин ) 1. СТО-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы бойынша пайымдау сұрақтар стратегиясы: Тест сұрақтарын орындату:
1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
А) Әріптер В) Мәтіндер С) Сандар Д) нөл мен бірлер
2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) бит В) байт С) 1 Д) Әріп
3. Бір байт ол - ?
А) 10 бит В) 16 бит С) 8 бит Д) 4 бит
4. 1 символдық мәтін әдетте ... кодталады:
А) 1 битпен В) 1 байтпен С) Әріппен Д) 10 битпен
5. 1 Кбайт — ол:
А) 100 бит В) 1000 байт С) 1024 байт Д) 1500 байт
6. 1 Мбайт - ол:
А) 100 Кбайт В) 1000 байт С) 1024 Кбайт Д) 1500 Гбайт
7. 1 Гбайт - ол
А) 1024 Мбайт В) 100 Кбайт С) 1000 Мбайт Д) 1500 Мбайт
8. "Information" сөзінде қанша бит бар?
А) 14 В) 88 С) 72 Д) 128
9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?
А) Мәтін В) Сурет С) Музыка Д) Видео
10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?
А) Мәтін В) Сурет С) Музыка Д) Видео
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Д А С В С С А В А Д
1. Ақпараттың минималды бірлігі не?
2. 1000 байт артық па әлде 1 Кбайт артық па?
Оқушылар тестке жауап береді, жазып болған соң тақтада көрсетілген жауаппен бір бірін тексередіЖаңа сабақ
(15 мин)
1. Әңгіме-диалог.
Жаңа сабақ әңгіме-диалог сұрақ-жауап арқылы басталады
1. Компьютердің үйде қалай қолданатыны жайында айтып беріңдерші.
2. Компьютердің қандай түрлерін білесіңдер?
Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы ол - компьютер.
Компьютер - күрделі құрылғылардың жиыны. ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа - оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. оның бір мысалы ретінде Windows ОЖ атасақ болады.
Компьютер кез-келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі. Компьютер тек сол программаладың жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады.
Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі монитор, принтер, проекторлар және тағы басқа ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
2. Топен жұмыс
А-деңгейлік тапсырма әр қадам бойынша жазылған, оқушылардың тапсырманы тармақ бойынша орындауы жеткіліктіВ-деңгейінің тапсырмасы күрделі. Бұл тапсырманы бермес бұрын оқушылардың орындау қабілетін білу үшін тапсырма мәтінімен танысып, өз деңгейлерін анықтап алуына және тапсырманы таңдауға мүмкіндік беру. Соңынан оқушылардың ақпараттық технологияларды меңгеруіне назар аударуС-деңгейіндегі тапсырма өте қабілетті оқушыларға арналған. Олар үшін тапсырма қадамсыз құрастырылған, яғни оқушы әр программаларда жұмыс істей білуі керек.
А деңгейі Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып оқып білу
В деңгейі Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар. (компьютерді қолдану, компьютердің түрлері)
С деңгейі Өздеріңе белгілі программалардың бірінде "компьютердің түрлері" сызбасын сызыңдар
Деңгей бойынша орындалған тәжірибелік жұмыс жаңа білім алудың жалғасы болып табылады. Оқушылар оқу барысында қызығушылық танытқан бөлімдеріне байланысты қосымша ақпаратты өз бетімен алады. В деңгейлік тапсырманы сыныпқа оқып береді.
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылар берілген деңгейлік тапсырманы орындайды.
IV.Қорытындылау ( 10 мин) Компьютерде орындалған тәжірибелік жұмыс бағаланады.
Жаңа сабақты бекіту. Сұрақ-жауап
Компьютер деген не?
Компьютер қандай қызмет атқарады?
Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
Компьютердің қандай түрлері бар.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) §5 оқу, тест сұрақтарына жауап беру. VI. Бағалау
(5 мин) Критерийалық бағалау , критерийлеріне сай болуын қадағалау формативті бағалау. Бағалау барысында топтар жетекшісі берілген киртерий бойынша бағалайды
VII. Рефлексия(3 мин ) Соңында:
1. Сабақ туралы жалпы ойың?
2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз? Әр бала өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамағанын білдіретін смаиликтерін тақтаға іледі.