?аза?стан тарихы п?нінен ?аза? хал?ыны? ?алыптасуы та?ырыбы (5 сынып)


§27. Қазақ халқының қалыптасуы. Халық – бір елдің барлық тұрғыны, тілі, тұрмыс-тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет-бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендейтін адамдар қоғамы."Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат"."қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі, "бір атаның баласы" деген ұғым.IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. 1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбе" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.Алаш мыңы — Алаш — ҚазақXVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы. Этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:1. Ру-тайпа.2. Халық.3. Ұлт.Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;4. халықтың тілінің қалыптасуы;5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы. Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:а) ішкі аумақтық тұтастық;ә) этностық туыстық;б) шаруашылық-мәдени бірлік;в) саяси басқару ортақтастығы.Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:сарыүйсін; шапырашты;ошақты; ысты;албан; суан;дулат; сіргелі;қаңлы; жалайыр;шанышқылы. Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):арғын; найман;қыпшақ; қоңырат;керей; уақ.Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Байұлы 12 атадан тұрды. Олар:шеркеш;есентемір;таз;ысық;адай;беріш;байбақты;қызылқұрт;тана;масқар;алаша;алтын; Әлімұлын «алты ата әлім» дейді. Олар:шекті;шөмекей;төртқара;кете;қаракесек;қарасақал «Жетіру» аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар:табын;тама;кердері;керейт;телеу;рамадан;жағалбайлы