Сыныптан тыс са?ат Мемлекеттік тіл


Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, олардың сөздік қорын тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру, жазбаша сауаттылықтарын арттыру, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету, оны құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Өткізу жоспары:
Құпия хат. 2. «Полиглот» 3. Топ басшыларының сайысы. 4. «Мың бір мақал» 5. «Есімдер әлемінде» 6. «Тапқыр» сайысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқында «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Бұл мақал бүгінгі таңдағы тәуелсіздік шаңырағын көтерген қазақ мемлекетіне, оның тізгінін ұстаған игі жақсыларына, зиялы қауымына , жас ұрпаққа бағыттай айтылғандай естіледі. ҚР «Тіл туралы» Заңын, ҚР «Тіл саясатының Тұжырымдамасының» шешімін жүзеге асыру негізінде, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімін нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында 11-сынып оқушыларының арасында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында интелектуалды ойын өткелі отыр.
Тіл туралы қанатты сөздер:
Тіл өнері дертпен тең,
Тілін білмеген түбін білмейді.
Ғабит Мүсірепов.
Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер
Бас та жарар, қадір-құтты ол өшірер.
Жүсіп Баласағұн.
Тіл – адамның ойын білдіретін құрал,
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
Шыңғыс Айтматов.
Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын, қадірлі де құдіретті. Қай халықтың болмасын тілі өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз дей отырып бірінші сайысымызды бастайық.
І. «Құпия хат» әр топқа конверт беріледі, құпия хат арқылы жыр шумақтарын оқу, ол үшін әлипби ретін жақсы білулеріңіз керек (5 мин).
І-нұсқа.
25 38 16 38 17 8 18 38 19!
25 38 16 17 28 34 38 18 1737 19 21 16 38 22,
25 38 23 38 16 7 38 8 16 38 17.
1 23 1 16 37 17 17 8 18,
1 23 37 17 17 8 18 15 1 25 1 23 15 20 13 37 22,
25 38 16 7 38 15 20 23 6 1 26
22 1 23 37 11 37 17 3 28 5 38 18 17 8 18 38 19!
(Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім!
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау парызым бүгін менің!)
ІІ нұсқа.
2 26 8 11 20 4, 1 3 1 13 7 37 21 25 14 8 18 7 2 23 38 24 25 38 16 38,
25 35 13 15 1 25 15 1 18 25 20 15 25 1 23, 25 1 16 6 1 25
6 1 23 37 34 25 38 16 38.
15 1 18 34 1 11 1 19 15 1 3 37 16 7 1 13 17 37 11, 10 8 25 8 23 8 18 7 38.
8 24 25 38 16 24 38 18 17 8 17 16 8 14 8 25 25 38 14 2 23 38 24 25 8 28 18 38!
(Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі,
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді.
Естілсін мемлекеттік әр істе үні.)
ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», демекші келесі сайысымыз «Полиглот» деп аталады, бұл сайыста оқушылардың қазақ тілімен қатар басқа да тілдерді меңгергенін білеміз. Жұмбақтың шешімін, мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді тауып, оларды орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. (5 мин).
Өнер алды - ..... тіл. (қызыл, красный, .....)
Күш – білімде, білім - ..... (кітап, ......)
... сүті – бал. ..... тілі – бал. (ана,....... бала,.....)
.... – білім бұлағы, .... – өмір шырағы. (кітап,..... білім,.....)
.... тас жарады, тас жармаса, бас жарады. (тіл,....)
Адамның өзі жетпеген жерге .... жетеді. (сөз,....)
... пәле - тілден. (бас,.....)
Ақыл - ....., ашу – дұшпан. (дос,.....)
ІІІ. Топ басшыларының сайысы. Фразеологиялық сөз тіркестерін шешу. (3 мин)
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман (бейбіт өмір)
Тайға таңба басқандай (анық)
Қой аузынан шөп алмас (жуас, момын); Сүттен ақ, судан таза.(адал, кіршіксіз)
Түймедейді түйедей ету (үлкейту); Үріп ауызға салғандай (әдемі, сүйкімді)
Екі езу екі құлағына жету (қуану); Сөздің майын тамызу (әдемі сөйлеу).
ІV. Келесі байқау «Мың бір мақал» деп аталады. Орыс халқының мақалдары беріледі, ал сіздер соларға ұқсаған қазақ халқының мақалдарын тауып, сызықша арқылы көрсетесіз (3 мин).
Язык до Киева доведет. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамас.
Заставь дурака богу молиться, он и лоб расшибет. Сұрай-сұрай Меккеге де жетесің.
Слово не воробей, вылетит, не поймаешь. Біреуге ор қазсаң, өзің сонда түсесің.
Нет дыма без огня. Жыланның уы тісінде, адамның уы тілінде.
Словом и убить можно. Шаш ал десе, бас алады.
Ласковое слово и кошке приятно. Айтылған сөз – атылған оқпен тең.
Не рой другому яму, сам в нее попадешь. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
V. «Есімдер әлемінде» сайысы. Самое ласковое, сладкое слово? Это собственное имя человека. Әр адамның есімі нені білдіреді, оның шығу тарихы неге байланысты болғаны да әркімді қызықтырады.есімдерді тауып жазу!
1. Красивая как луна – Айсұлу; Лунная душа – Айжан; Шелк – Жібек; Торжество – Салтанат; Ласточка – Қарлығаш.
2. Надежда – Үміт; Утренняя звезда – Шолпан; Жемчуг – Меруерт; Золотоволосая – Алтыншаш; Любовь – Махаббат.
3. Гранат – Анар; Красивая – Әдемі,Сұлу; Будь мужественным – Ербол; Гражданин –Азамат; Глаза как у верблюжонка – Ботагөз.
4. Мужественная душа – Ержан; Справедливый – Әділ; Лунный свет – Айнұр; Лунный цветок – Айгүл; Черноволосая – Қарашаш.
VІ. «Тапқырлар» сайысы. Берілген сөздерден басқа сөздер құрастыру.
ҚҰМЫРСҚА, ЖҰМЫРТҚА. (3 мин)
М: құм, мырс, құр, құс, қысқа, ұрыс, т.б.
М: жым, жұм, тақ, жақ, жұмыр, жырт, жат, т.б.
Мұғалім: Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз шұбарланудан сақтауға, төл тілінде сөулейге тиіс.
Сайыстың қорытындысын шығару үшін сөз кезегі әділ қазылар алғасына беріледі. Жеңімпаздар анықталып, марапатталады.