Саба? барысында білім алушыларды? эмоционалды? интелектісін дамыту


Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі
Абушарипова Шынар Темирбековна
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Тақырыбы: Сабақ барысында білім алушылардың эмоционалдық интелектісін дамыту
Мақсаты: Берілген тақырып мазмұнына сәйкес білім алушылардың көңіл-күй сезімін, эмоциясын реттеуін тренинг өткізу арқылы дамыту жолдарын айқындау.
Елдегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістерімен байланысты жас жеткіншекті оқыту жөнінде өте маңызды мәселелер туындап отырады.
Қазіргі дамыған ХХІ ғасыр жастарына білім беру мәселесіне сәйкес жас жеткіншектерді тәрбиелеу барысында әр түрлі эмоционалдық жағдайлар көрініс тауып жатады.
Эмоция – латын сөзі еmovere, толқыту, қоздыру деген мағынаны білдіреді Көңіл–күй – бұл қатты білінбейтін, тұрақты эмоционалды қалып. Көңіл – күй түсіңкі немесе сабырлы, қобалжулы немесе жабырқаңқы, салтанатты немесе көңілді болуы мүмкін. Оқушының жоғары сезімдері бара – бара терең, негізделген бола бастайды: өнегелілік, интелектуалдылық, эстетикалық.
Сондықтан біз сабақ барысында оқушылардың эмоционалдық интелектісін дамыту үшін өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беріп отыруымыз керек..Жеке тұлға ретінде өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі эмоциясын реттей білу туралы түсініктерін кеңейту. Эмоциясын реттей білу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу. Адамның өз «Менін» сезіне бастауын Абай атамыздың тілімен айтқанда, кісінің өзіне - өзі ұдайы есеп беруінен, өзін - өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Біріншісі - өз бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – тұйықтықтан, үшіншісі – ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Бұл мақсат ты ,яғни оқушылардың эмоционалдық интелектісін дамытуды қазақ тілі сабақтарында екуара сұхбат құрастыру, мәтінмен жұмыс жүргізу, пікірталасқа түсе білу әдістері арқылы жүзеге асыруға болады.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер осы тақырыпқа сәйкес мен сіздермен кішігірім тренинг өткізсем деп едім.
Тренингімізді бастамас бұрын .   «Менің көршімнің есімі»  атты психологиялық дайындықтан өтіп алсақ қалай қалайсыздар? Бір -бірінің алақандарын алақандарына қойып, әркім кезекпен қасында тұрған атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын бір сөзбен ғана көршісіне сипаттама беріп өтсе. Мысалы: Шынар шырайлы, т.б.
Бір –бірлеріңіздің алақандарыңызды алақандарыңызға қойғанда қандай сезімде болдыңдар?
Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік!
Тренингіміздің І бөлімі .Өзіңді өзің тани біл.
-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазасыздар.
Мен _____________________________
Мен______________________________
Мен______________________________
Мен______________________________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?
Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.
Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат алу керек екен.Олай болса келесі бөлім:
2. Оқып, талдап,ғибрат қыл.
-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.)
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.
-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.
-Әкесі неге қарапайым талап қойды?
-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?
-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:
3.Жақсы мен жаман қасиеттер.
Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.
Маған қарап тұрған кім?
Ол қандай адам?
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызда қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)
Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?
Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.
-Олай болса, келесі бөлім:
4.«Тазарту».
Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».
5. Қорытынды.
Жоғарыда өздерініңіз біраз кемшіліктер туралы, көптеген жақсылықтар туралы айтып өттіңдер. Бәріміз де пендеміз, жаратылыста кем – кетіксіз адам болмайды, дегенмен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.Адам ғалам, ғажайып жеке - дара,Жан құмары – ізденген мәңгі сана.Өзіңді - өзің танысаң – істің басы,Түзеген өз ғаламын болған дана.
Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.
Тренингке келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!