Математикада?ы функционалды сауаттылы?ты дамыту ар?ылы о?ушыларды? танымды? іс ?рекетін ?алыптастыру.


Математикадан функционалды сауаттылықты дамыту арқылы оқушылардың танымдық іс әрекетін қалыптастыру. «Функционалдық сауаттылық» – ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. . Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚР сы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді.   Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмі бөліп көрсетілген. Соның ішінде бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.Білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес келтіру қажет. Оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу басталды. «Екінші механизм – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.Функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше.  Бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген (Vygotsky, 1978;  Wood, 1998). Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуі; Еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білуі; Ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастарының жүйелі дамуы; Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруі; Бағдарламаның бірнеше модулі бар: оқыту мен оқудағы жаң тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес,оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.Математикадағы көп тапсырмаларды қоршаған өмірмен ұштастыруға болады. «Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді» -деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И. Адам тәулігіне 8 сағат ұйықтайды. Адам тәуліктің неше бөлігін ұйқыға жібереді?1/3
Стақандағы қанттың үштен бір бөлігінің салмағы 60г. 1 стақан қанттың салмағы қанша?180 г
Қарбыздың жартысының массасы 4кг тартады. Тұтас қарбыздың массасы нешеге тең?8 кг
.Бір жылда 28 күні бар неше ай бар?Жауап: Барлық айларЖаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?Жауап: Су ағаштың түбінде.Адам бөлменің ішінде болғанда қай уақытта оның басы болмауы мүмкін?Жауап: Терезеден басын далаға шығарып қарағанда 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?Жауап: (3мин)  Назарларыңызға рахмет