Коучинг жоспары: SMART ма?сат ?оя білу


Коучинг жоспары

Аты-жөні: Мурзабекова Гулмира Загыперовна
Еңбек өтілі: 13,6 жыл
Жұмыс орны : Тасты-Талды орта мектебі
Лауазымы: мұғалім
Санаты: І
Тақырыбы: SMART мақсат
Жалпы мақсаты:
SMART мақсат
«Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау. Критериалды бағалау» модулімен тікелей байланыста екенін түсіну;
онымен ықпалдасатын модульдермен таныстыру,
табыс критерийін құрып үйрену.
Табыс критерийі:
мақсаттың нақты;
қолжетімді;
нәтижеге қол жеткізетін;
уақыты шектеулі екенін біледі.
Күтілетін нәтижелер:
коучинг соңында SMART мақсат құрып үйренеді;
табыс критерийін құрып үйренеді
Ресурстар: «өзара оқыту» топтық жұмыс, «ойлан – жұптас – бөліс» стратегиялары, ақпараттар, маркерлер, стикерлер.
10.11.2015ж Сабақ тақырыбы: SMART мақсат қоя білу.
Жалпы мақсат: Оқытудың айқын мақсаттары мен табыс критерийлерін пайдалану үдеріске қалай ықпал ететіндігін түсінеді.
Сілтеме: Үлестірме материалдар, оқу ақпараттары
Табыс критерийі мақсаттың нақты; қолжетімді; нәтижеге қол жеткізетін;
уақыты шектеулі екенін біледі.
Оқу нәтижелері: коучинг соңында SMART мақсат құрып үйренеді;
табыс критерийін құрып үйренеді
Сабақта қолданылатын материалдар: флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, бояу құралдары, конверт, оқу ақпараттары
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Оқу ақпараттары, кері байланыс суреттері, ресурс жазбалары, интернет желісінен алынған материал, «өзара оқу», жұптық, топтық жұмыс, «ойлан-жұптас-бөліс», постер қорғау
Оқуға арналған тапсырма: Ресурстық үлестірме материалдардан оқу ақпараттары
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
(2 мин) Өлең жолдары арқылы топқа бөлінеді Мұғалімдер екі топқа бөлінеді.бөлінеді.
(10 мин)
СМАРТ мақсат туралы түсіндіру Тыңдайды, түртіп алады.
10 минут
Жұптық жұмыс. Оқу ақпараттарын таратады Жұппен оқиды
(10 мин)
Топтық жұмыс
Флипчарт береді Ойларын ортаға салады
(10 мин)
Түйіндеген ойларын постерге, флипчартка түсірулерін сұрайды Әр топ өздерінің ойын берілген флипчартқа түсіріп, жоба қорғайды.
Қорытындылау
(5 мин)
Кері байланыс
Өз оқушыңды танисың ба?
Кері байланыс суретінен белгілейді.
Рефлексия
(3 мин )
Стикерлер мен конверт беріледі Әр топ мүшесі коучинг барысын бағалап, өз бағасы мен тілегін, ұсынысын стикерлерге, қағаз кесінділеріне жазып, конвертке салады.


Өзара оқыту


Ойлан – жұптас - бөліс


SMARTмақсат құрып үйрену


Жоба қорғау

Кері байланыс

Ой бөлісу, жоба құру

Рефлексия
СМАРТ мақсат құрып үйренуге арналған бұл коучингте мұғалімдер өзі оқу, өзара оқу, бірін-бірі оқыту арқылы мақсатқа жетті деп ойлаймын. Екі топқа бөлінген мұғалімдер коучинг бойы нәтижелі де мазмұнды жұмыс жасады. Тартысты өтті. Мұғалімдер мақсат құруға арналған, табыс критерийлерін құрып үйренуге арналған әртүрлі оқу материалдарын алдымен жұп болып, оқып, ойласып алды да сосын түйген ойларын ортаға салып, топ болып талқылады. Интернет желісінен алынған материалмен танысты. Сосын оларға мақсат құруда көмектесетін пайдалы сөздер тізбегі берілді. Соның бәрін пайдалана отырып, мұғалімдер коучинг соңында жоба қорғады.Өздерінің бүгінгі тақырыпқа қаншалықты жақын келгендіктерін, түсінгендерін өз ойларын дәлелдей отыра жеткізді. Сабақ соңында кері байланысты қағаз кесінділеріне , стикерлерге жазып арнайы дайындалған конвертке салды.
Коучинг өз мақсатына жетті деп ойлаймын.