?зін-?зі тану саба? жоспары 11 сынып Маманды? — жетістік мерейі


«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: Талдықорған қаласы, «№2 орта мектеп» КММ, 18.12.2015ж., №
Сабақтың тақырыбы: Мамандық жетістік мерейі. Сынып: 11  Сабақтың мақсаты: • Өз қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауға көмектесу; • Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. • Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. • Мамандық әлемінен ақпараттар алу. Сабақтың міндеттері: Мамандықты талдай білуге үйрету; Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету. Сабақтың түрі:Қайталау сабақ ,аралас сабақ . Сабақтың әдіс-тісілдері:сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, нақыл сөздер,шырша, шырша ойыншықтары, А4 ақ қағазы, түрлі түсті қарындаштар, журналдар. Сабақтың мазмұны мен барысы: 1. Шаттық шеңбер: Мұғалім оқушылармен амандасып , шаттық шеңберге шақырып оның жүргізілуімен таныстыру. Әуенді қосып топпен билейді, әр түрлі сандарды көрсетіп топты өзгертіп отырады.Соңында қалған топ жұптасып орындарына отырады. 2. Үй тапсырмасын сұрау: «Үмітім үзгім келмейді» Н. Келімбетовтың мазмұнндау. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? Жақсы маман болу үшін адам нені білу және үйрену қажет? 3. Жаңа ақпарат. - Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат. - Ойланайық. Пікірлесейік - Сіз қандай маман болуды армандайсыз? - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан,қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе,оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар? 4. Тапсырма мен жұмыс. 1.Топ - Қазіргі замандағы мамандықтар . 2.Топ - Қажет етілмей қалған мамандықтар. 3. Топ - Өздеріңнің болашақтағы мамандықтарың. 5. Тыныштық сәті: 6. Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып,ойыңды дәлелде. 1. Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады 2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты 3. Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады 4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады 5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек 6. Ақша болса, мамандық қажет емес 7. Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет 8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі 9. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды 10. Мамандық таңдау – күн көріс қамы 7. Үйге тапсырма: Өздеріңнің өмірдегі ұстанымдарыңды жазып келу . 8.Қорытындылау . Ынта болса адамда. Қиын іс жоқ ғаламда. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін. Алда келе жатқан жаңа жыл мейрамына қарсы бізддің шыршамыздың ойыншықтары ілінбей қалыпты , шыршамызды алған әсерлерімізбен,тілектерімізді айтып ойыншықтармен әшекейлейік.