?зін-?зі тану ??ыпты бала,?депті бала 3 сынып


Күні: 18.01.2017ж
Бекітемін: оқу ісінің меңгерушісі: К.Абылбекова
Пәні: Өзін-өзі тану сыныбы: 3 оқушы саны:11
Сабақ тақырыбы : Ұқыпты бала –әдепті бала
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, ызгілік,таза ниет, адал еңбек.
Мақсаты
Балаларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:*Ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру.
*Сыпайылылық қарым - қатынастарын дамытуұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Ертай Ашықбаевтың «Мен өсемін»
өлеңін қосылып айтуМен өсемін, өсемін Жасыма жас қосылып. Інімнің де төсегін Жинап берем. Осыны ұқ Бұзауды да бағамынАйран керек, сүт керек,Дейді әжем: «Қарағым, Сенен соны күткен ек».
Баламын ғой мен деген,Керек ойын сауық таБірақ қазір жем беремҚаз, үйрекпен тауыққаҚызықсам да жиі менШуылына көшеніңКөмектесем үйімеМен осылай өсемін.
Үй тапсырмасын сұрау
Е.Өтетілеуовтың «Ұқыптылық » әңгімесін мазмұндап келу.
1.Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
2.Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
3.«Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз«Ұқыптының уақытты мол»
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Мұғалім сыйы
Әңгімелеу
Әдеп
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды . Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір.Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке кележатты. Бір аялдамадан соң алдынғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдің қасына келіп:
-Әже, мына орынға отырыңыз,-деді
Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамадан кейін әжей орынынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесіне екі алма алып, Аянға ұсынды .
Мә, қалқам, ала ғой.
О, не дегеніңіз рахмет, әже !
Алманы орының үшін беріп тұрғаным жоқ .
Әдептілігіне сүйсінген алғысым ғой,-деді әжей Аянға күлімдей қарап.
Аян мен Арман автобустан түсіп мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Т.Қажыбаев
Топпен жұмыс:І топ (ұқыпты балаға тән қасиеттерді тап)таза,білімді,сыпайы,еңбекқор,әдепті,сабырлы,табанды,қабілетті,өнерлі, іздегіш.ІІ топ (ұқыпсыздықтан арылу ережесін құру)жалқаулыққа бой алдырмау,ерте тұруға бейімделу, дөрекілік танытпау, тазалықты сақтауға әдеттену, білімді өнерді игеруге ұмтылу.
Шығармашылық жұмыс:Мақал-мәтелдін жалғасын тап.(жұппен жұмыс)
1...... тоны тозбас,...... ісі оңбас.
2..... – істің көркі.
3.Аға әдепті болса,……..
Апа әдепті болса,...........
4. Ағадан-.........
........- ізет
5.Әдептілік белгісі-.............
6.Әдепті бала -.......
Әдепсіз бала-........
Шығармашылық жұмыс:Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
1. Ұқыптының тоны тозбас, Ұқыпсыздың ісі оңбас.
2.Ұқыптылық – істің көркі.
3. Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
4. Ағадан-ақыл
Ініден – ізет.
5.Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.
6.Әдепті бала –арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала .
Жеке жұмыс (ұқыптылыққа байланысты бір шумақ өлеңді жатқа айту)
Сылдырлайды сылдыр суМөлдір суға қолыңды жу.Жуынсаң сен әрдайымАппақ бетің маңдайың,Тазалықтың досы,Су дегенің осы.
Ақ матадай түгі барҚызыл – жасыл гүлі бар.Жұмсақтығы мамықтайСүртінесің жалықпай.Тазалықтың досы,Сүлгі деген осы.
Сабындаған кезіңде,Ашытады көзіңді.Бола білсең төзімді,Тап – таза етер өзіңді.Тазалықтың досы,Сабын деген осы.
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда ,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең .
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам менің әманда
Кіші пейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары .
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Кім үлкенді тыңдаса,Кім үлкенді сыйласа,Үлкен кісі жұмсаса,Қайда болсын барамын.Ата менен ананың,Айтқан тілін аламын.Үлкендерден содан да,Ылғи алғыс аламын.
Төсекті өзім жинаймын.Ешкімді де ұрмаймын.Ешкім маған тимейді.Мен де бәрін сыйлаймын.
Ұлы мақсат шыңына
Шықпай әсте қоймаймын.
Талмай оқып ізденіп,
Игеремін ғылымды.
Жұмбақ - өлең «Бұл не?»
1) Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.Кетіп кір - ласың, тап - таза боласың. Бұл не? (Сабын)
2) Шомылған баланы аймалап аладыСүртеді қолыңды, сүртеді жонынды. Бұл не? (Сүлгі, орамал)
3) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
4) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе. Бұл не? (Айна)
Оқушылар бір –біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір – біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.
Ө.Тұрманжановтың
«Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласынаБір жолдың шығарын сан саласына.Ей балам шамаң келсе жақсылық ек,Ақ пейіл адамзаттың арасына.Егерде жол үстінде тіккен жатса,Кірер деп аяғына біреу бассаЕрінбей – ақ иіліп қолыңменен,Сол тікенді көтеріп алып таста.Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекерСоны көрген соңы жас солай етер.Жақсы үлгіні жалпы дәстүр жасап,Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
Топпен ән айту«Айгөлек әні»
Соңғы тыныштық сәтін орындау