Презентация по коучингу М??алімдерді? диалогтік о?ыту ар?ылы с?ра? ?ою да?дысын ?алыптастыру


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ, СҰРАҚ ҚОЮ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Мақсаты:-диалог арқылы рефлексивті ой тудыру;-мұғалімдердің сұрақ қою дағдысын дамыту Сұрақ қоюСыныпта сұрақ қоюдың үлгісі : «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақтар екені анықталды. Мысалға:Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?Жауап (оқушы) : Екі жүз алты.Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.. Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді. Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді Сұрақ қою маңызды дағдыларының бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін қолдана алады:Төмен дәрежеліЖоғары дәрежеліТөмен дәрежелі сұрақтарЖоғары дәрежелі сұрақтар Төмен дәрежелі сұрақтарды- «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілетіне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың мынадай тәсілдерін пайдалануға болады:Түрткі болуСынақтан өткізуБасқаға бағыттау Түрткі болу:Бұл сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сынақтан өткізу:Бұл сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге , өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыларға бағдар беріп отырады. Басқаға бағыттау:сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау ,мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытуда, мұғалім сұрақ қою арқылы:- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;-білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;-оқушылардың бір- бірінен үйренуіне , басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;-ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді; Оқушыларға қойылатын сұрақ түрлері:- «Егер де....?»- «қалай ойлайсыңдар.....?»- «Кубизм» әдісі бойынша: Кім? Не? Неге? Қашан? Қайда? Қалай? Қандай?- деген сұрақтар қою. Назарларыңызға рахмет !