Ана тілі. Бас ?ріппен басталып жазылатын с?здер. С. К?беев «Екі со?а». 1-сынып


Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С. Көбеев «Екі соқа».Сабақтың мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту. Мәтіннің негізгі идеясын ашу.Сабақтың міндеттері:Білімділік: Жер – су аттарының бас әріппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету.Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың іскерлік, танымдық қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдері: Проблемалық, ішінара ізденіс, өзіндік жұмыс, салыстыру, сұрақ-жауап.Көрнекілігі: Карта, суреттер, тор басқан және тот баспаған темірлер, сызбалар, карточкалар т. б.Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математикаСабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.Құрал – жабдығын ретке келтіру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.1. Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?2. Ендеше, балалар «Кісі аттарын жалғастыр» ойынын ойнайық.3. ОлжасНазерке Осы балалар қайда тұрады?Ернар- Қапшағай ненің аты?- Қапшағайда қандай су қоймасы бар?- Қапшағай су қоймасына қандай өзен құяды?- Іле өзені қай көлге құяды?Картадан көрсету.ҚапшағайІле Ненің аты? (Жер – судың аты)БалқашІІІ. Жаңа сабақ.1. Мақсат қою- Ендеше, балалар бүгін сабақта жер-су аттарының қалай жазылатынын білеміз.2. 135 – жаттығу (оқыту, жаздырту, талдау, сұрақ-жауап арқылы қорыту)- Алматы ненің аты?- Балқаш ше?- Медеу ненің аты?- Жер-су аттары қандай әріппен жазылады? (Ережені шығарту оқушылардан сұрау)3. Салыстыру. Ережені хормен оқыту.4. 136 – жаттығу (ауызша)5. Топпен жұмыс.6. Ұнаған жердің, судың атын қатыстырып сөйлем құрату.ІV. Сергіту сәті.Қане, қанат жазайық,Қарлығашқа ұқсайық,Қарлығаш болыпҰшып – қонып,Ұшып – қонып алайық.1. – Қарлығаш қандай құсқа жатады?– Көктемде жүргізілетін қандай жұмыс түрлерін білеміз?– Жерді немен жыртады?2. Спандияр Көбеевтің «Екі соқа» атты шығармасын оқиық.а) Сөздік жұмыс (соқа, тот)ә) Мәтінді мәнерлеп оқып беру.б) Сұрақ-жауап арқылы қорыту.- Екі соқа қайдан істеліп шықты?- Біреуі кімнің қолына түсті?- Егінші соқамен не істеді?- Ал, екінші соқа не істеді?3. а) Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?ә) Мақалды оқыту, түсіндіру.адамның атын шығарадыЕңбек білім бередіөнерлі етеді4. Ойын: «Кім тапқыр?»Қанат, Марат екеуі,Қамшы өре аладыТалғат, Талап екеуіТамаша ән саладыСамат, Сағат екеуіТөгілтіп күй шертеді.Бабақ, Барақ екеуі,Біледі көп ертегі.Балаларды өнерліЕсептеп көр, сен енді? ! (8)(Балалардың атын атап бер)V. Қорыту.Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білдік?VІ. Бағалау.