Темір, хром ж?не оларды? ?осылыстары


Күні: 28.02.2017 ж Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Хром және темір оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты: Хром және темір қосылыстарын, химиялық қасиеттерін меңгерту
Күтілетін нәтиже: Оқушылар хром және темір элементтеріне сипаттама бере біледі; олардың қосылыстарының химиялық қасиеттеріне реакция теңдеулерін жаза біледі; реакция теңдеулерін теңестіру арқылы есептер шығара алады.
Көрнекілігі: плакаттар, сызбалар, картотекалар, слайд, периодтық кесте
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс
І. Сабақтың барысы: амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ- жауап)
Мыс және мырыш металдарының периодтық жүйедегі орнын сипаттаңыз?
2. Мыс қандай металл?
3. Мырыш қандай металл?
4. Мыс пен мырыштың балқу температуралары?
5. Мыстың қандай қосылыстарын білесіз?
6. Мырыштың қандай қосылыстарын білесіз?
ІІІ. Жаңа сабақ (Қазақстанның 7 кереметі)
(Сабақтың тақырыбы суреттер арқылы ашылады)
Есептер: Формуланы табу
Хром тобына Темір тобына
W (К) –26,5% W(Ғе) –51,9%
W(Cr) – 35,4% W(О) –45,3%
W(О) – 38,1% W (Н) – 2,8%
КхСrуОz -- ? ҒехОуНz -- ?
“Хром ” тобы “Темір ” тобы
Жауабы: Жауабы:
KCrO4 Fe (OH)3
Мұғалім дәлізден жыртылған қағаз тауып алды. Қағазда төмендегідей реакция теңдеулері бар еді. Осыны аяқтаңыздар:
“Темір” тобына
Fe+ H2O = FeO.+ H2
FeO+ H2SO4 = FeSO4+ H2O
Fe2O3+ 2NaOH= 2Na FeO2+ H2O
“Хром ” тобына
2Cr+ N2 = 2CrN
2Cr+ 3H2SO4 = Cr2 (SO4)3+ 3H2
CrCl2+ 2NaOH= Cr (OH)2+ 2NaCl
IV.Бекіту сұрақтары
d – элементтер қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
а) оң в) теріс с) екі жақты
2. CrO қосылысында хром қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
а) +3 в) +2 с) +1
3. Хромның балқу температурасы
а) 10830С в) 18550С с) 15390С
4. Қай реакция жүрмейді?
а) Zn+НСІ→ в) Сu+НСІ→ с) Ғе+НСІ→
5. Сутектермия әдісімен алынатын металл?
а) сутек в) хром с) темір
6. Темір (ІІ) гидроксиді әрекеттесуі мүмкін зат
а) О2 в) НСІ с) NаОН
7. Қазақстандағы темір кен орны:
а) Рудныйда в) Хромтауда с) Маңғыстауда
8. Ең қатты металл
а) алюминий в) мыс с) хром
9. Тұз қышқылымен әрекеттеседі:
а) күміс в) сынап с) хром
10. d - элементтерді табыңыз:
а) Na,Zn,K,Са в) Cu,Mg,AI,К с) Zn,Cu,Fe,Cr
1 а 6 в
2 в 7 а
3 в 8 с
4 в 9 с
5 с 10 с
V.Бағалау
VI. Үй тапсырмасы: “Хром, темір қосылыстары”
184 бет №4 есеп
190 бет №7 есеп