Б?л ?ай кезде болады? (М.?лімбаев 1 сынып)


Пәні Ана тілі Сынып: 1 «В»
Сабақтың тақырыбы Бұл қай кезде болады? (М.Әлімбаев)
Жалпы мақсаты Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімерін пысықтау Өлеңді мәнерлеп оқи білуін арттыру, жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, қызығушылығын арттыру, дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы алғанбілімдерін тиянақтай түсу.
 Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдылау.
 Тәрбиелік:Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге үйрету, алғырлыққа баулу, еңбекқорлыққа баулу. Ұқыптылыққа, ептілікке, тәрбиелеу.
Оқу нәтежием
1.Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.
2.Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді
3.Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарға көмектеседі.
Қамтылатын модульдер 1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Кластер
Туындайтын идеялар Бұл қай кезде болады?Көбелек бір гүл де бір,Қызыл жасыл күллі өңір.Аспан төрі ақша бұлт,Бау бақшада барша жұрт.Саңқылдаған саз әні,Көлде құстың базары.Жидек пісіп, толдады.Бұл қай кезде болады?
Сілтеме Мұғалім әдістемесі, ғаламтор жинақтары, бастауыш сыныпқа арналған журналдар.
Қадамдар 1. Ақпараттар алмасу
2.Топпен жұмыс
3.Рефлексия
4.Жеке жұмыс
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушы іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру
Балалар жарты шеңбер болып тұрады,Мұғалімнің қолында бір ұшы байланған әр түсті баулар. Екінші ұшын әр бала қолына ұстап тұрады.Балалар қонақтармен амандасайық..
Енді маған қараңдаршы. Мына ғажайып баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын жіберемін. Қабыл алыңдар! Балалар оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы. Жүрегіміздің соғысын сезінемізбе? Жүрегіміз қандай? Олай болса жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.
( қонақтарға қарап алақанды үрлеу). Балаларды әуен ырғағымен топқа бөлдіртіп, орнына отырғызу. Оқушылар жасыл жапырақ,сары жапырақ, ақ қырау, күн суреттерінің біреуін тағдау арқылы топқа бөлінеді.
1-ші топ: Қыс
2-ші топ: Көктем
3-ші топ: Жаз
4-ші топ: Күз
Балаларға сұрақ қою арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Балалар қазір қандай мезгіл? (көктем)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (үш)
Мамыр көктемнің нешінші айы? (үшінші)
Көктемде күн қандай болады? (жылына бастайды)
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктемде ең алғаш қандай гүл гүлдейді? (бәйшешек)
Үй тапсырмасын сұрау: Әр топтан бір оқушыдан жатқа сұрау. Қалған оқушыларды топтық тапсырма беру арқылы қорытындылау. Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын қорытындыладым.
Бұл мезгіл қай мезгіл туралы айтылған?- Балалар қайда жүгіріп жүр?- Қай жерде аунайды?- Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар?- Өлеңнің авторы кім?
Оқушыларға жаңа тақырыпты айтып өтемін. Сабақтың мақсатымен таныстырамын. Өлеңнің авторы туралы мағлұмат беріп өтемін. Балалар: Сәлеметсіздерме!
менің жүрегім мейірімді, менің жүрегім -батыл,
бақытты, қуанышты, сәтті,аяулы,жылы, қайырымды, жұмсақ.
Оқушылар өздеріне ұнаған суретті таңдап алып, топқа бөлінеді
Оқушыларға қойылған сұрақтарға жауап береді
« Ой қозғау»
191-жаттығу.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тырналар.
Аспан ашық,дала кең,
Кел, қоныңдар, тырналар.
Мен сияқты баламен
Дос болыңдар, тырналар!
2.Өлеңдегі сөздерді буынға бөліп көшіріп жазыңдар.
3.Әр буында неше дауысты дыбыс бар?
4.Дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма?

Оқушыларға тырнаның суретін көрсету арқылы мінездеме беру.
Оқушылар сөздерді буынға бөледі.
Топтық жұмыс 192-жаттығу (топтық)Мына сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
1.Қасында,бір,мая,үйдің,шөп,тұр.
(Үйдің қасында бір мая шөп тұр.)
2.Ұя,тауық,маяға,салыпты.
(Тауық маяға ұя салыпты.)
3.Жұмыртқа,ұяда,алты,жатыр.
(Ұяда алты жұмыртқа жатыр.)
4.Малға,Үсен,берді,шөп.
(Үсен малға шөп берді.)
5.Сүйсініп,бұзаулар,шөпті, жеді.
(Бұзаулар шөпті сүйсініп жеді.) Ашық хатқа салынған сөздерден әр топ сөйлем құрастырады.
Оқушылар берілген тапсырма бойынша бірлесіп, ұйымшылддықпен орындайды.
Жеке тапсырма Математикалық амалдарды орындау арқылы сөздер шығару.
Да+уын-н+ссыз(дауыссыз)
Мат+еме-е+атика(математика)
Дү+ниеж-ж+тану(дүниетану)
Тат-т+сыб-б+мал(тасымал)
Бар-р+лалө-ө+ар(балалар)
Оқушылар өздері жеке орындайды.
Практикалық жұмыс (топпен) Түрлі-түсті картонды пайдаланып өз топтырына берілген ағашқа жыл мезгілдерінің бейнесін мозайка арқылы құрастыру.
І-топ: қыс мезгілі
ІІ-топ: көктем мезгілі
ІІІ-топ:жаз мезгілі
ІҮ-топ: күз мезгілі
Оқушылар берілген тапсырманы түрлі-түсті картоннан қиылған дайын мозайканы желімдеп жасайды
Бағалау Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау. Сабақ соңында қорытынды бағалап, күнделіктеріне қою. «Мен бүгін» Сабақта не үйренгендерін, білгендерін айтады. Білгенін айту.
Үй тапсырмасы 193-жаттығу.
Сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді жазыңдар.
Тақтай, гүл, құлын, көше, үй.
Үлгі: жұқа тақтай.
«Бұл қай кезде болады?»
өлеңін жаттау. Рефлексия алу
Сабақта маған не ұнады?
Менің көңіл күйім................
Жеміс ағашына алмаларды жабыстыру.
Осы сұрақтарға жауап жазады.
«№9 бастауыш мектебі»КММ

Өткізген: 1 «В» сынып мұғалімі Кулбошова Дария
2015-2016 оқу жылы