?аза? тілінен Тікелей эфир та?ырыбына саба? жоспары. 6 сынып


6 сынып Қазақ тілі 12.04.16 жыл
Тақырыбы: Тікелей эфир Оқыту мақсаты: 1. Жаңа тақырыпты меңгерту.2. Топтағы жұмыс арқылы топтағы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын дамыту. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу түрлері. Үш тілде амандасу. Қазақша, ағылшынша, орысша.Сәлеметсізбе! Hello! Good morning! Здравствуйте! ІІ. Өткен тақырып бойынша түсініктерін байқау. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ1. Мәтінді тыңдап, сабақтың тақырыбын шығару. 2. Мәтінмен жұмыс.
Мен бүгін «Балапан» телеарнасына шақыру қағаз алдым. «Бауырсақ» бағдарламасында өткізілген викторинаға қатысып, ең жоғары ұпай жинадым. «Бауырсақ» бағдарламасының жүргізушісі Ақмаржан мені бүгінгі хабардың тақырыбымен тансытырды. Қазақтың ұлттық тамағы «ұлтабарды» дайындау тәсілін «Ұлытау» мейрамханасының аспазы көрсетті.. Хабар тікелей эфирде өткізілді.
Мәтінді мұқият тыңдап мәтін бойынша сұрақтар дайындайсыңдар. 3. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасау.4. Сергіту сәті. «Балдәурен»  Қоржын сұрақ стратегиясы. Шеңберге тұрамыз.  Сұрақты ұстап алып жауап беріңдер. 1. Қазіргі кезде телевидениеде қандай өзгерістер бар? 2. Телевидение бұрын қандай болды? 3. Қазір телевидение қандай? 4. Оның пайдасы? 5. Зиянға нелерді жатқызуға болады? 6. Қазіргі телевидениеде қандай жаңалықтар бар? 5. Қазір сіздер тапсырма орындайсыздар.  Сөйлемдерде керекті жалғауларын қойыңдар. 1. Телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезең.. бастан кешіп отыр. 2. Телехабарлар.. түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану үрдісі пайда болды. 3. 1958 жылы 8 наурыз.. Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады және диктор... көрермендерді екі тілде құттықтады. ІҮ.Қорытынды жасау.Ү. Бағалау.ҮІ. Үйге тапсырма:
Теледидардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелеу. «Теледидардың бүгіні мен ертеңі» атты презентация жасайды.