Ислам пайда болуы ж?не оны? ?дет-??рыптары мен д?ст?рлері.


Сабақ: §16
Сабақтың тақырыбы: Ислам: пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегіндегі наным - сенім жағдайы, Ислам дініндегі сенім негіздері, бес парыздың міндеттелуі мен жалпы ерекшеліктері және бүгінгі күнгі таралу деңгейі туралы түсінік беру.
Дамытушылық :
Қосымша деректі материалдармен,фактілермен таныстыру арқылы оқушылардын ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік :
Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін,
рухани-адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің
жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,талдау,пікірлесу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезені.
2.Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
3.Жаңа білімді хабарлауға даярлық.
4.Жаңа білімді түсіндіру.
5.Бекіту.
6.Қорытындылау,бағалау.
7.Үйге тапсырма.
1. Миға шабуыл
1.Дінді қалай түсінесіндер?
2.Ислам дінінің ең қасиетті кітабі қалай аталады?
3.Ислам діні қазақ хаңдығына қай ғасырдан бастап еңді?
4.Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні?
5.Діннің адам өміріндегі маңызы қандай?
2. «Топтастыру стратегиясы»/мұғалім түсіндіреді/.Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:
адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;
имансыздықтан тұншығуы;
Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;
Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.
Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.
Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар.
Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.
Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.
Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті).
Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).
Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды.
(Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі). Халқының ежелден ұстанатын діні - ислам.
Исламның таралу аймағы
VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.
Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.
90%-ы Сунниттер.
Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.
120 –дан астам елде Ислам діні таралған.
Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.
Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.
Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:
1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы
1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы
1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы
IV. Білімді бекіту.
1.Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб түбегіндегі наным-сенім жағдайы қалай еді?2.Ислам діні сенім негіздері бойынша қандай дінге жатады?3.Ислам діні қандай бес парызды міндеттейді?4.Ислам дінінде нелерге сену міндеттеледі?5.Ислам дінінің жалпы ерекшеліктеріне нелер жатады?
V. Жаңа материалдың қабылдануын тексеру
Ислам дінінің 5 парызы
Исламдағы шариғаттың 4 мәселесі

Төрт үлкен періште

Әлемдік діндердің
қасиетті кітаптары
Иманның 6 шарты

VI.Жаңа материалды бекіту
Тест
Дәуіт пайғамбарға түскен кітап
А) Құран В) Інжіл С) Зәбур Д) Тәурат
Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште
А) Жәбірейіл В) Микәйіл С) Исрафил Д) Әзірейіл
Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі
А) Ораза ұстау В) Тәрбие (Аһлақ) С) Кітаптарға сену Д) Қажылық
Ислам діннің бес парызының бірі
А) Періштелерге В) Тағдырға сену С) Амал
Д) Куәлік сөзін айту
Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?
А) 630 В) 622 С) 610 Д) 609
Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында? (екінші)
1962 жылы Меккеде ... әлемі Лигасы құрылды. (Ислам)
... Иран мен Ирак аумағында кездеседі. (Шииттер)
Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. (29)
Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... . (Сунниттер)
Исламның жазбаша және ауызша халық шығармашылығымен байланысы.
(Әл-фараби,Абай,Шәкәрім,Шоқан Уәлиханов,Ыбырай Алтынсарин) пікірлерін тыңдау.
VIІ. Үйге тапсырма беру
Дінтану негіздері. Ғ.Есім., т.б. Алматы «Білім» баспасы 2010
§11. 1. 131-148 бб. 148 беттергі сұрақтарға жауап беру
Озық тапсырма:
1. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) (реферат)
2. Қасиетті кітап – Құран (хабарлама)