3-сынып Ана тілі Халы??а жеткіз к?йімді презентация


Тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді Мақсаты: әңгіменің мазмұнымен таныстыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтау,күй өнерінің құдыреттілігін ұғындыруМіндеттері:1) сөздік қорларын молайту, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, нақты,дәлелді жауап айтуға үйрету;2) топ алдында сөйлеуге, пікір айтуға баулу; 3) критерийлер бойынша өзін-өзі бағалауға үйрету; І. ҰйымдастыруПсихологиялық дайындық Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. ІІ. Үй тапсырмасы “Білу” Мәжит Сейфуллин “Сәкен аға” Мәтін кім туралы? Ол кім?Мәтінде қай жыл мезгілдері туралы жазылған?Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?“Кісідегінің кілті – аспанда” деген мақалдың мағынасын түсіндір.Сәкеннің қарындастары кімдер? Сәкен оларды қалай қамқорлады?Сәкеннің анасы балаларына қандай жылы сөздер айтты? І топ: Әңгімеде “жатақ” деген сөзді қалай түсіндіреді? ІІ топ: Іңкәрбек неге кейіді? Сәкен оған қалай көмектесті? ІІІ топ: Сәкенге мінездеме беріңдер. Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. Абай. ІІІ. Жаңа сабақ. “Түсіну” Ұжымдық жұмыс 1. Автор туралы мәлімет Сәрсенбаев Әбу (Әбуғали) (1905 – 1995) – қазақ ақыны, жазушысы. Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы (1987). С-тың Еділ толқыны атты тұңғыш дастанынан (1937) бастап көптеген жыр жинақтары жарық көрген. Таңдамалы шығармаларының екі томдығы баспадан шыққан (1981).«Ант», «Күн қасиеті», «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» т.б. шығармалардың авторы. 2. Мәтінмен жұмыс. “Халыққа жеткіз күйімді” мәтінін дауыстап, бөліктерге бөліп оқу 3. Ой қозғау. Мәтін бойынша сұрақтар Бұл мәтінде кімдер туралы әңгімеленіп отыр? Бұл адамдардың есімдері таныс па? Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды, неге қуанды? Динаның Құрманғазы атасының алдында ойнап берген күйі қалай аталады? Құрманғазы Динаға қандай бата берді? Дина атасына қандай ант берді? Ол антын қалай орындады? Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсыңдар? Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Күйді тыңдап, билесек, Жақсы сергіп қаламыз. 4. Жоспар бойынша әңгімелеу “Қолдану” Жар жиегіндегі қарияАрындаған асау күйДомбыра ұстаған жас қызКүйші назыХалыққа жеткіз күйімдіАнтқа адалдық ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. “Талдау” Топтық жұмыс “Кейіпкерге хат жазу” І топ: Құрманғазыны суреттеуІІ топ: Жас қыз Динаны суреттеуІІІ топ: Күйді суреттеу Тест жұмысы “Жинақтау” Әңгіменің авторы кім?А. Әбу Сәрсенбаев В. Құрманғазы С. ДинаЖар жиегіндегі көгалда кім отырды? А. Құрманғазы В. Махамбет С. ҰзақМәтіндегі Дина орындаған күй қалай аталады?А. Бұлбұл В. Адай С. Көбік шашқан4. Дина Құрманғазыдан нені мұра етті? А. домбыра В. Қобыз С. СыбызғыБіздің ауданымыз кімнің есімімен аталады? А. Дина В. Құрманғазы С. Махамбет “Бағалау” Авторға тілек Әңгіме ұнады ма? Әңгімеден не ұқтың? Авторға не айтар едің? Ү. Қорытынды. Кері байланыс Сабақ маған не берді? Қорытынды ұпайларын санау. Өзін - өзі бағалау. 10 – 12 ұпай - “5” 9 – 7 ұпай - “4” 2 – 5 ұпай - “3” Үйге тапсырма: 203 – 206 беттер түсініп оқу, 8 – 9 тапсырма