Статья по теме самообразовании Метатану стратегияларын пайдалану ар?ылы о?ушыларды? сыни т?р?ыдан ойлау ?абілеттерін дамыту


Тақырыбы: Метатану стратегияларын пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
«Қалай оқудың жолын үйрену»  тақырыбының атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану (ойлану туралы ойлау) үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу   қабілеттерін дамытады. Метатанымдылық арқылы  олар өздерінің оқуына саналы түрде қарайды, оқыту тапсырмаларын шешу үшін  өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады,  сондай-ақ өздерін оқушы ретінде сезіне бастайды.  Өзін-өзі  реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті  екендігі анықталды.
«Метатану» термині оқушылардың   ойлану туралы ойлау дағдыларын жатқызуға болады.  Шетелдік зерттеушілердің анықтамасы бойынша    метатануды  өлшеудің  үш құрылымын сипаттайды:
өзін оқушы деп білу;
мақсаттар мен әрекеттерді білу, түсіну және бағалау;
тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оның мониторингі.
Алғашқыда  жеке білім ретіндеөзін оқушы ретінде тани отырып, бала өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, білім алу бойынша жұмысқа қатысты ұнайтынын, не ұнамайтындығын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды. Кейін    оқушы  өзінің  мақсаты мен әрекетін біледі, түсінеді және бағалауды қамтиды. Бұл оның бағытталушылық қабілетін қалыптастырады.
Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады  :
тапсырмамен жұмыс жасау үдерісінде  өздігінен бағытталушылығы;
оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Білімді меңгеруде оқушылардың тәжірибесін пайдалана отырып, ойланудың күрделі қадамдары ашыла береді.
«Қалай оқудың жолын үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасын ұсынады.   Ол жобаның мақсаттары:
оқушының оқу мен оқыту  туралы әртүрлі пікірін ұғыну;
оқушыға кеңес берудің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу;
мәдениет мектептерінде ашық және «қауіпсіз» диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау болатын.
Оқушылармен пікірлесу, әңгімелесу барысында алалықсыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және «дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.   Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты  қызықты және маңызды сұрақтарды қамтылады. Олай болса, оқушы қалай оқу керек екендігін меңгерген жағдайда шәкіртті өмір сүруге және адам болуға баулу ұстаздың басты мақсаты іске асады деген үміт болу керек.      
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 - бет)Сабақтар топтамасының жалпы мақсаты: Орыстың белгілі ақыны А. С. Пушкиннің өмірбаяны, шығармашылығы туралы деректерге сүйене отырып, топта бірігіп жұмыс істеу, білімдерін жүйелеп қолдану, жауаптарын дұрыс, нақты тауып айтуға қалыптасу, ақпарат талдау дағдысын қалыптастыру, адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, ақпаратты өз бетінше іздеуге бағыттау, ой қорытуға дағдылану.Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (49 бет)Сыни тұрғыда ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара бұл байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.Сабақ барысында белгілі бір модульді іске асыру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып оқушыға қалай оқу керектігін үйрету қажет деп ойлаймын. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, ойлау нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;- жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.Оқушылардан оқуды талап еткен кезде мұғалім өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, сондықтан мұғалім оқу ортасын құруы керек, сонда оқушы ақпаратты енжар қабылдамайды, оқу үдерісіне белсене қатысатын болады. Әр сабақтың үдерісіне белсенді қатысу арқылы оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір - біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Олар тәуекелге барудан қорықпайды, ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. «Жаңаны білгісі келу» олар үшін маңызды қадам. Осындай жұмыстар жүргізілуі кезінде белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған.
«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы бұл технология жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады. Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.
Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:
1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.
2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.
3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.
4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.
5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.
6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.
7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүені бұзу үшін оқытуды жаңаша үйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.
2. Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.
Деңгейіне қарап сарслап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясынан,

стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.
Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына, жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
“Сын тұрғысынан ойлау” жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынса құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы                                                       шарттары:
Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
-1051560100965
-1108710160654