Урок ,Презентация ?ке к?рген о? жонар ,шеше к?рген тон пішер


Пәні: Тәрбие сағаты Мерзімі: 12.01.2016 жыл Сыныбы: 5«И»
Сабақтың тақырыбы: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Сабақтың реті: 17-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден, ата-ана, ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, үшіншіден, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу
Күтілетін оқу нәтижелері:
Ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя  арасындағы  байланыс, әкенің  ұлға, шешенің  қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке үйренеді.
Түйінді идеялар: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-тәжірибе
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық әдістер, ДК, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер
І. Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1-әрекет. Шаттық шеңберін құру арқылы оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін тілейді Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.
2-әрекет. «Асық» арқылы топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі
3-әрекет. Интербелсенді тақтадан видео ролик көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Видеоны көре отырып, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
4-әрекет. Топтық жұмыс. Тақырып бойынша «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тақырыбына постер жасау Топтық жұмыс: постер жасау, қорғау.
5- әрекет. « Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалау» әдісі арқылы бағалау Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
6-әрекет. «Ой толғау» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша жалғасын құрау Оқушылар берілген тақырыптың жалғасын құрап, көрсету.
7-әрекет. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Оқушылар бір-бірін бағалайды.
8-әрекет. Жеке жұмыс: «Түртіп ал» әдісі. Мақал-мәтелдің келесі жартысын табу
Оқушылар берілген мақал-мәтелдің жартысын табу, жұмыс дәптерлеріне түртіп алу
9-әрекет. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
Оқушылар бірін бірі бағалайды.
10-әрекет. Үй тапсырмасы Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.
11-әрекет. Жеке жұмыс: «Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату
Оқушылар «Күту ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикер арқылы жазып іледі
Мұғалім Нұрақынова Алмагүл Нұрбосынқызы