Жабайы а?дар. ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тобы: Ортаңғы топ
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің мақсат –міндеттері:
Ақпараттық құзіреттілігі: 1.Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Олардың түрлерін бір-бірінен ажырата білуге және қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Жабайы аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Коммуникативтік құзіреттілігі: 2. Оқу іс-әрекет барысында жұмбақ, өлеңдер айту арқылы сөздік қорларын байыту.
Проблема шешу құзіреттілігі: 3. Жануарлардың айырмашылықтар мен ерекшеліктері туралы білімдері бекіту.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті кезінде қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту, ойын- жаттығу.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің өтілу әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, суретпен жұмыс, саяхат , дидактикалық ойындар
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Оқыту құралдары: Аңдардың суреттері(макеті), жұмсақ ойыншықтар, шыршалар, ағаштар, (қыс мезгілінің бейнесі),
Сөздік жұмыс: Жабайы аңдар, аю, қасқыр, қоян, түлкі.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: «Пілдің баласы» ертегісін оқып беру.
Қостілділік бөлім: жабайы аңдар – дикие звери, аю- медведь, түлкі - лиса, қасқыр – волк, қоян – заяц.
Оқу іс-әрекетінің барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешенің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, біздің оқу іс – әрекетімізге қатысу үшін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қонақтармен, бір –бірімізбен амандасайықшы?
Дөңгеленіп тұрамыз
Шеңберді біз құрамыз.
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдаймыз.
Әлемде болсын жылулық,
Әрбір үйде тыныштық.
Қайырлы таң балабақша,
Қайрлы таң достарым.
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем!
-Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатып бір сандықша тауып алдым. Ол жәй сандықша емес, сиқырлы сандықша екен. Бұл сандықшаның ішіне жануарларды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарларды сандықтан босатады. (Әрбір жауаптағы жануарлардың суретін атқ арқылы көрсету).
Жұмбақтар.
1.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
2.Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
3. Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
4. Аузы бейне шалғы – орақ,
Шөп емес бірақ малды орады.
Жылулық шеңберін құрып, өлең жолдарын хормен айтады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар жасырылған жануарлардың атауларын табады.
-аю
-түлкі
-қоян
-қасқыр.
Ұйымдастырушылық – ізденіс кезеңі
-Ендеше, балалар, біз осы жабайы аңдардың атауларын үш тілде қайталап, айтып көрелік.
Аю- медвед- bear
Қасқыр – волк – wolf
Түлкі – лиса – fox
Қоян – заяц- rabbit
-Балалар, біз нелерді сиқырдан босатуға көкмектестік?
-Қандай аңдар?
-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
-Олар қайда мекендейді?
-Неліктен жабайы аңдар деп айтамыз?
-Балалар, бізде бүгін ерекше күн. Біз орманға саяхатқа барамыз.
-Балалар, саяхатқа шығар кездегі өлеңімізді айтайықшы?
Орманға біз барамыз,
Табиғатқа қараймыз.
Ақшыл түсті қарлары,
Орман іші ғажап – ақ
Ағаштары әдемі –ақ
Көргенді таң қалдырар.
-Балалар, қараңдаршы орман іші неткен әдемі!
-Нелерді көріп тұрсыңдар, ненің дауысы шығады?
-Балалар мынау не?
-Аю қандай?
-Ол не жейді?
-Аюдың түсі қандай?
Аю- жабайы аң. Өсімдіктермен қатар жануарлармен де қоректенеді.Сонымен бірге араның балын жақсы көреді. Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында көп қоректеніп, енесіне май жинайды. Егер күзде аю қоректенбесе, ол қыстың ортасында апанынан көтеріліп,орманннан қорек здейді. Аю өз апанын құлаған ағаштың тамырын қазып, сынған шырша бұталарымен көмкеріп жасайды. Аюдың баласын – қонжық дейді. Аю- өкіреді, ақырады.
-Аю қалай жүреді, кім көрсете біледі?
-Аюдың көңіл күйі жоқ сияқты, аюға арнап кім тақпақ айтып береді?
-Жарайсыңдар балалар, аю сендерге риза болып жатыр. Жұмбақтың жауаптарын үш тілде қайталап, жаттайды.
-аңдарды
-қоян, аю, түлкі, қасқыр, кірпі.
-жабайы аңдар,
-орманда, далада.
-себебі олар далада, орманда мекен етеді, және өз қоректерін өздері тауып жейді.
Өлеңді бірге қайталайды.
-жануарларды, құстарды.
-құстардың дауысы
Аю туралы мағлұмат алады.
-Аю.
-Ірі, епсіз, қорбаңбай.
-бал
-қоңыр.
-қорбаңдап жүреді.
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен.
Теріп – теріп алайық.
Қалтамызға салайық
Рефлексифті - коррекциялаушы
-Балалар мынау не?
-Қасқыр қандай?
-Ол не жейді?
-Қасқырдың түсі қандай?
Қасқыр – күшті, батыр, жыртқыш аң. Құйрығымен аяқтары ұзын. Қасқырдың терісі ашық,сұр түсті болады. Қасқырды “табиғат” тазалықшысы – санитары деп атайды. Себебі ол кез – келген жыртқыш аңдар сияқты, ауру және әлсіз жануарлармен қоректенеді. Қасқыр ұлиды. Қасқырдың баласын – бөлтірік деп атайды.
-Қасқыр туралы кім тақпақ біледі?
-Балалар мынау не?
-Түлкі қандай?
-Ол не жейді?
-Түлкінің түсі қандай?
Түлкі – қасқырға қарағанда денесі кішілеу, Құйрығы ұзын үлпілдек, ұшы ақ, аяқтары қысқалау болады. Мұрыны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді, көзі қырағы. Оның Терісі бағалы, түсі – қызғылт сары. Одан Көбінесе тымақ тігеді, ол қазақтың ұлттық ас киімі. Оның баласы – жәутік деп аталады.
-Балалар, қараңдаршы, түлкінің көңіл күйі жоқ сияқты,көңіл күйін көтеру үшін тақпақ айтып берейік.
- Ендеше, түлкі туралы кім тақпақ айтып береді?
-Мінеки, балалар, түлкінің көңілі көтеріліп, сендерге разы болып жатыр.
-Балалар, мынау не?
-Қоян қандай?
-Ол не жейді?
-Қоянның түсі қандай?
Қоян – шөпқоректі жануар. Оның денесі иілгіш, жүгіруге икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы естиді. Жазда түсі сұр болады да, қыс мазгілінде жүні ақ түске енеді. Қоян ағаш бұтақтардың қабығын және сәбізді кеміреді. Қоянның баласын – көжек дейді. Ол шыңғырып дыбыс шығарады. Қоянды үйде де ұстауға болады. Жануарлардың бәрін қыстың суығынан олардың өздерінің терісі – үлпілдеген жүндері, індері мен апандары қорғайды.
-Қоянның көңіл –күйі жоқ сияқты.
-Ендеше, тақпақ айтып берелік?
Қасқыр туралы мағлұмат алады.
-Қасқыр.
-айбатты, күшті.
Жәндіктермен, өзінен әлсіз жануарлармен қоректенеді.
-сұр түсті.
Мен - көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым
Аш болсам ұлимын
Ауылды торимын.
Түлкі туралы мағлұмат алады.
-Түлкі.
-қу, айлакер.
-балық, тауықты
-қызғылт сары
Түлкі , түлкі, түлкішек,
Түнде қайда барасың?
Апам үйіне барамын.
Апаң саған не берер?
Ешкі сауып сүт берер
Лақ сойып ет берер.
Оны қайда қоясың?
Тал түбіне қоямын
Ит жеп кетсе қайтесің?
Таяқ ала қуамын,
Жеткізбесе қайтесің?
Жылай –жылай қаламын.
Қоян туралы мағлұмат алады.
-Қоян
-үлпілдек сүйкімді жануар.
-сәбізді жақсы көреді.
-ақ
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Саяхаттан бақшаға қайтып оралу.
Сергіту сәті.
Орманға барсақ түлкі бар,
Сайға барсақ қоян бар.
Байқаңдар қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.
Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны.
Мақсаты: Жабайы аңдарды үй жануарларынан ажырата білуге үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Барысы: Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.
«Төлін тап» ойыны.
Бұл ойында әр малдың суретінің астындағы қалташаға өздерінің анықтаған төлдерінің суреттерін дәл тауып салу керек.
-Балалар, қараңдаршы, қоянымыз әлі көңілсіз. Көңіл – күйін қалай көтерсек болады, айтыңдаршы?
-Ендеше, қоянымыздың көңіл – күйін көтеру үшін және де қыс мезгілінде тоңып қалмас үшін қоянға киімін яғни жүнін жасайық.
Жапсыру. (Жұлмалау әдісі арқылы)
Альбоммен жұмыс. «Қоян» тақырыбына жапсырмалау.
Қоянның жүнін ақ түсті майлықты жұлмалау арқылы бөліп, желімге батырып, қалың етіп дайын қоян суретінің денесіне қалың етіп жапсырады.
«Біз не білдік?»
-Өзі өте қу, жүрген жері айқай – шу аң?
-Көзі қысық, құлағы ұзын, қорқақ аң?
-Қорбаңдаған, епсіз, өзі балды жақсы көреді?
-Түсі сұр, тістері ақсиған, сондай қорқынышты аң?
-Балалар, біз саяхатқа қайда бардық?
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Орманнан нелерді көрдіңдер?
-Балалар, бүгінгі оқу іс –әрекетімізде нені жапсырмаладық?
-Қоянды жапсырмалаған сендерге ұнады ма?
Оқу іс –әрекетіне белсене қатысқан балаларға қуанышты хабарлама тарату.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып- ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Дидактикалық ойынды орындайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Білімдерін пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Жабайы аңдардың және олардың балаларының аттарын атап, көрсете біледі.
Баланың меңгеруі: Жабайы аңдар қайда мекендейтінін және аңдардың атауын үш тілде атай білуге үйренеді.
Баланың жасай алуы: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында жұмбақ шешті, тапсырма берілген шарт бойынша орындайды. «Қоян» тақырыбына жапсырмалайды.