?арттарым асыл ?азынам акция аясында ?тілген іс -шара туралы м?лімет.


«Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2016 – 2017 оқу жылы
"Қарттарым асыл қазынам" акция аясында өтілген іс -шара туралы мәлімет.

Теректі орта мектебінде Халқаралық қарттар мен мүгедектер күніне байланысты 2016 жылдың 26-29-қыркүйек аралығында «Жас ұлан» ұйымының топтары 5-10 сынып оқушылары ауылдың көмек қажет ететін жалғыз басты қариялары бекітіліп берілді. Осы уақытқа дейін әр сынып өздеріне бекітілген қарияларға көмектерін көрсетіп, міндеттерін атқаруда. Оқушылар қариялардың үйлерін жинау, ағарту, ауласын тазалау, су әкелу, отынын бұтау сияқты жұмыстарын тиянақты жасап, қариялардың алғысына бөленуде. Күз кезінде бақша жұмыстары – картоп қазу, жеміс жинау, қыста ауланың қарын тазалау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ балалар қарттармен әңгімелесіп, олардың ақылдарын тыңдап, өздерінің мейірімділік қасиеттерін жетілдіруде.
Оқушылар өз сыныптарына тіркелген әрбір қариялардың үйлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.
Мектеп директоры Н.Ластоверов
Орын.: Х.Асхар
Тел.:4-80-12