Т?рлет,т?рлет Жа?а жыл ерте?гілік


Тақырыбы. Төрлет төрлет жаңа жылМақсаты:балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлес кен ойындар ойнату.Қатысушылар:жүргізуші, Аязата, Ақшақар, аққала, тауық, мешін, балалар, ата - аналар.Музыка ойнап тұрады.
Құтты болсын ағайын!Жаңа жылың тағы даҚол соғып қарсы алайықШақырайық ортағаЕртеңгілік басталсынБіздің «Еркемай» тобында!(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздерме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер.
Ал, бүгін балалар, қандай мереке?Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не!
Балалар:Шырша!
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата мен Ақшақар.
Жүргізуші: қане, онда Аяз Атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (Алыстан Аязатаның дауысы естіледі)
Барлығымыз бірге қол соғып, шақырайық.
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы Аяз Ата Ақшақармен кімнің келгенін, бұл ескі жыл Мешін жылы
Аяз Ата:Сәлематсыңдар ма, балалар!Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.Әсем әні де, биі де барОтыр ата, сәл дем ал.
(Аз ата Ақшақар жане ескі жылмен би)
Жүргізуші:Балалар бүгін біз Жаңа жылдық асыр салуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кімбізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Бекасыл: Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.
Інжу: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Ұлтанбек: Ақ шапанға оранған
Сағындым Аяз-атаны
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Омар: Қуантатын елді
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдық
Бір жасқа енді.
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!
Жургізуші: Балалар мен бір нәрсенің дыбысын естіп тұрған секілдімін, бұл не екен қәне бәріміз есік жақа қарайыкщы.
Аққала:Амансыңдар ма, балалар! Бұл менмін Аққала! Сендердің қар жауғанда қардан жасаитын Аққалаларыңмын!
Жүргізуші: Аққала сен неге көңілсіз тұрсың?
Аққала: Мен жолда келе жатып шырша ойыншықтарын түсіріп алдым. Сендер маған ойыншықтарды жинап көмектесесіңдерме Балалар ?
Жүргізуші: Балалар Аққалаға бәріміз жұмыла қол ұшын созайық, кімнің жылдам екенін көрейік!Ойын: «Кім жылдам?
Мақсаты: балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Шарты жерде жатқан шырша ойыншықтарын жинау.
Тақпақтар:
Аяла: Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер!
Исатай: Аппақ, аппақ қар аппақ
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау-қырау қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ.
Жібек: Құтты болсын жаңа жыл,
Шыршамыз тұр жараса.
Жанында Аяз ата жүр
Қуанады балаша.
Жанерке: Аяз Ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр.
Сәлеміңді қоя тұр Сыйлық алғым келі тұр.
Ақшақар: Өте тамаша, балалар! Әнді керемет айтасыңдар екен
Жүргізуші: Олай болса, балалар, біз ортаға жаңа жылды шақырайықшы.
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)Жаңа жыл келеді.

Мешін:(балалар ға тілектерін айтады) балалар мен сендерге
Жаңа- жылды ала келдім енді мен енді кетуім керек сау болыңдар!
Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, тауықпын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келсін. Мен тұрмын қуанып,Шаттыққа бөленіпБір жыл бойы сіздерменДос болайық шаттанып.
Ақшақар: Балалар, біздің аяз атамыз ыстықтап отқан сияқты. Қане менің ұлпақарларым маған келіңдер. Аяз атамызды салқындатайық.
Аяз Ата: Бәрекелді, Қош келдің Жаңа жыл! Ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Қарақат: Жаңадан тақпақ
Айтамыз жаттап.
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ.
Бейбарыс: Жасыл-желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Мансұр: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
.Асель: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз Ата оралып.Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып берейікші. Атамызбен, Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!Ән: «Шыршаға бардық»
Жүргізуші:Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... (барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді)
Аяз Ата:Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.Ауырмаңдар ешқашан, мықты болып өсіңдер!
Ақшақар:Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.жамандық қастарыңда болмасын.Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Төрлет төрлет жаңа жыл атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!