Т?рлет т?рлет жа?а жыл


Әсем безендірілген залға балалар кіреді.
Жүргізуші: Жаңа жылым жол болсын,Басқан қадам оң болсын!Келе жатқан жаңа жыл,Бізге құтты жыл болсын!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйде,
Шыға ғой менің төріме.
(Сыйқыршы шығады.)
Сыйқыршы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Міне, менде сендердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып сендердің мерекелеріңе келе жатқан орман тұрғындарын көрдім. Оларды мыстан кемпір сыйқырлап тастапты. Сыйқырын кетіруге менің күшім жетпеді. Балалар сендердің көмектерің керек, маған көмектесесіңдер ме? (Ия)
Балалар сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?
Жүргізуші: Ия, сыйқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі.
Сыйқыршы: Балалар өнерлеріңдң көрсетіп, көңілдене түссеңдер мыстан кемпірдің сыйқыры кетіп, мерекелеріңе орман тұрғындары да келеді.
Жүргізуші: Балалардың таппақтарына кезек береміз.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса. Мейірлан
Оралды өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау, қарлы шың. Арайлым
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға. Олжас
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынған. Жібек
Жүргізуші: Сыйқыршы сен сыйқырыңмен қарап көрші мыстан кемпірдің сыйқыр кетпедіме екен? (Сыйқыршы сыйқырымен қарайды.)
Сыйқыршы: Ия, балалар жануарлардың бірі келе жатқан сияқты.
(Әуен шырқалып, Қоян секіріп келеді.)
Жүргізуші: Ой мынау кім?
Балалар: Мынау, Қоян.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қоян сен Аяз ата мен Ақша қарды және орман тұрғындарын көрген жоқсыңба?
Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.
Жүргізуші: Олар біздің мерекеге келу керек еді, бірақ әлі келмеді. Соған қарағанда мыстан кемпірдің сыйқыры қайтпаған сияқты.
Сыйқыршы: Балалар сендердің өнерлерің мен көңіл күйлерің орманға жетпей жатқан ғой.
Жүргізуші: Олай болса, кәне балалар ән шырқайық. Даусымызды қатты шығарып әнімізді әдемі етіп айтсақ мыстан кемпірдің сыйқыры қайтар.
Хор: «Шыршаға бардық».
Сыйқыршы: Жарайсыңдар балалар, жақсылап ән айттыңдар. Бірақ әлі де орман тұрғындары көрінбейді.
Жүргізуші: Балалар мүмкін біздерге Аққала көмектесер. Сыйқыршы сіз сыйқырыңызбен Аққаланы жандандырыңызшы.
(Сыйқыршы сыйқырлы сөзін балалармен бірге айтып Аққаланы жандандырады).
Аққала: Сәлеметсіздер ме, балақайлар.
Мен көңілді Аққала,
Ойын күлкі әкелдім.
Бақыт, қуаныш сыйлаймын,
Зор денсаулықпенен.
Жүргізуші: Қош келдің Аққала! Біздің басымызға қиындық түсті, сенің көмегің керек. Мыстан кемпір орман тұрғындарын сыйқырлап тастапты. Сыйқырын жою үшін біздер өнер көрсетіп көңілденуіміз керекк екен.
Аққала: Менде өз өнерімді көрсетіп, сендерге көмектесейін.
«Аққалалар» биі.
Аққала: Жарайсыңдар балалар! Балалар мен Ақша қардың келе жатқанын сезіп тұрмын. Сыйқырдың күші жойылған сияқты. Енді менің қоштасатын кезім келді. Сендермен болған маған қатты ұнады. Сау болыңыздар, балақайлар!
(Әуен ойналып, Аққала өз қалпына қайтып келеді).
Қоян: Балалар онда менде орманға барайын. Аяз ата мен Ақша қарға жол көрсетейін.
(Қоянда секіріп шығып кетеді).
Жүргізуші: Олай болса Аяз атамыз бен Ақша қарымыз келгенше балалардың таппағын тыңдайық.
Жылдың әнін бастайық,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды. Ерасыл
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды. Нұрсая
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен. Нұржігіт
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Аппақ, аппақ дала аппақ.
Қырау, қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ. Айару
(Сыйқыршы сөйлейін деп жатқанда, әуен қосылып залға маймыл жүгіріп келеді).
Жүргізуші: Балалар бұл кім екен келген?
Балалар: Мешін.
Мешін: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп.
Бір жыл бойы сіздермен,
Дос болдым шаттанып.
Балалар сендер өнерлі балалар екенсіңдер ғой, кәне, олай болса балалар би билейміз бе?
«Көңілді маймылдар» биі
Жүргізуші: Балалар естейсіңдер ме? (Сықырлаған дауыс шығады.) Біздің көптен күткен қонақтарымызда келген сияқты. (Әуенмен Аяз ата, Ақша қар, Жаңа жыл Тауық келеді).
Аяз ата: Құтты болсын, балалар!
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңдң де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірде өсіп қалдыңдарма?
Ақша қар: Сәлеметсіздер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақша қармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзіңнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақша қармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Тауық: Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын.
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер, төрлетіңіздер. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Балалардың таппақтарына кезек берейік.
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле Төрле Жаңа жыл,
Бізге Құтты жыл болсын. Расул
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны. Айгерім
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап. Хамза
Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр. Қанағат
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақша қарды және Қонақтарымызды ортаға алып ән салайық.
Хор: «Шырша жыры».
Мешін: Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім ойнадым.
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Шынымен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Енді Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр.
Бәрі: Қош, қош Ескі жыл.
Сыйқыршы: Балалар менің де кетер сәтім келді. Мыстан кемпірдің сыйқырын жойдық. Енді мен басқа да сендер секілді балақайларға көмектесейін. Қош сауболыңыздар.
(Сыйқыршы мен Ескі жыл шығып кетеді).
Жүргізуші: Балалар мүмкін аяз атаны би билеп қуантармыз, өнерімізді көрсетерміз.
«Микки Маус» биі.
Аяз ата: Жарайсыңдар қыздарым.
Жүргізуші: Аяз ата қыздарымыздың қандай биші екенін көрдіңіз, ендігі кезекті балаларымыздың таппақтарына береміз.
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптер парақтап,
Қыс отырған секілді. Оспан
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз. Мөлдір
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам жағып. Әсел
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлемберді жұртына. Нұрай
Жүргізуші: Балалар би биледік, таппақ айттық. Қане, енді қонақтарымызды ортаға алып бірігіп ән айтайық.
Хор: «Жаңа жыл»
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сендерге сыйлықтарымыз бар, қазір қызым сендерге оны таратып береді.
(Музыка қосылып балаларға сыйлықтары таратылады).
Аяз ата: Ал, енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар. (Қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін. Қош сау болыңыздар.