Методическая разработка по физкультуре на тему Допты бір-біріне беру ж?не допты ?абылдау


Қызылорда облысы
Сырдария ауданы
С.Сейфуллин ауылы
№137 орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Рахмет Төребек Әбжапбарұлы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 10
Сабақ тақырыбы: Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Өткізетін орны: спорт зал
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1.Оқушыларға волейбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар жасату, жалпы дене дайындығының жаттығулары, допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосуды тордан асырып орындау тәсілдерін меңгерту;
2. Волейбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар жасату;
3. Өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтары: Волейбол доптары, ысқырық, секундомер
Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау
І. Кіріспе бөлімі
Сыныпты сапқа тұрғызу, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып спорт секторынан мәлімет алу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Саптағы жаттығулар:
оңға,солға, айналу жаттығулары.
Жүру жаттығулары:
Аяқтың ұшымен жүру, аяқтың өкшесімен жүру.
Жүгіру жаттығулары: жеңіл жүгіру, оң, сол иық ты алға беріп секіріп жүгіру, тізені жоғары көтеріп жүгіру, аяқты алдыға, артқа лақтырып жүгіру.
Жүгіру жаттығулары:
Жеңіл жүгіру, қолды алдыға созып аяқты көтере жүгіру, қолды артқа қойып аяқты лақтыра жүгіру.
Гимнастикалық жаттығулар:
Басты оңға, солға айландыру 4 рет; иықты алдыға, артқа кең айландыру; оң қол жоғары, сол қол төмен артқа алдыға алма–кезек сермеу; белді оңға, солға 4 рет айландыру; аяқ иық деңгейінде ұстап, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа жеткізу, тізені бүкпеу; секіру жаттығулары; қол мен аяқтың буындарына арналған жатты –ғулары; демалыс жаттығуларын жасату. 20 мин.
Оқушылардың спорттық киімдеріне және сабаққа қатысуларына көңіл бөлу.
Жаттығуларды бұлжытпай орындауды қадағалау, талап ету.
ІІ. Негізгі бөлім
Арнайы жаттығулар; допсыз волейбол ойынының допты алу және қабылдау әдістерін үйрету; допты екі қолымен ұстап әріптесіне лақтырып беру және қабылдау; бір қолымен допты лақтыру және қабылдау.

Жаңа сабақты айтып, көрсетіп түсіндіру; допты беру және алу тәсілін үйрету; тапсырма бойынша допты бір-біріне беру әдістерін ұйымдастыру; кемшіліктеріне қарай тапсырмаларды қайталап орындау; допты жоғарыдан бір рет төбеге лақтырып, екінші допты әріптесіне беру; бір қадам алдыға жасап еңкейіп допты қабылдау.
Допты қабылдау әдістері: Ойынды үйрет
Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату. 20 мин. Оқушылардың сөре сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадағалау.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қорытынды бөлім.Оқушыларды саппен жүргізіп, демалыс жаттығуларын жасату. Бір қатарлы сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылап, оқушылардың кемшіліктерімен жетістіктерін айту
Бағалау
Үйге тапсырма беру 5 мин. Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.
Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау
Пайдаланылған әдебиеттер:
Интернет парақшалары;
Әдістемелік нұсқау