Микропроцессорлы? техника негіздері п?нінен Позициалды? есептеу ж?йесіні? ?асиеттері та?ырыбында жарыс саба?


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжі» РМҚК
ЖАРЫС САБАҚ
Пән: «Микропроцессорлық техника негіздері»
Тақырыбы: «Позициалдық есептеу жүйесінің қасиеттері»
Дайындаған оқытушы: Рахымжанова М.Е.
2015 – 2016 оқу жылы
Ф.219
№ 3. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Топ Күні
3 қысқ. ВТ 09.09
Пән: Микропроцессорлық техника негіздері
II бөлім Сандық техниканың арифметикалық және логикалық негіздері
Курс тақырыбы: 2.1. Сандық техниканың арифметикалық негіздері
2.1.1. Санау жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Позициалдық есептеу жүйесінің қасиеттері.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Тәжірибелік, жарыс сабақ
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық құзыреттілік БҚ 4. Ақпаратты әр түрлі жолмен алу көздерінің жұмысын ұйымдастыру – табу, өңдеу, сақтау, көрсету, шығару;
БҚ 5. Жұмысты нәтижелі түрде орындаудың шешімін табуда ұжыммен қатысу;
БҚ 6. Белгілі бір мақсаты қойылған нақты есепті орындау мен жоспарлау.
Кәсіптік құзыреттілік КҚ 1. Компьютерлік құрылғылардың тесттік тексеруден өтуін және алдын –ала қаралуын жүргізу.
Сабақ мақсаттары
оқытушылық Позициалдық есептеу жүйесінің қасиеттерімен таныстыру
тәрбиелік Пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушылардың өздігімен ойлау, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
дамытушылық Қарастырылған материалды қорыта білуді, талдай білуді дамыту, теорияны практикада қолдануды үйрету және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін Есептеу және микропроцессорлық техника негіздері
Қамтамасыз етілетін Микропроцессорлық техника негіздері
Курс тақырыбы: Электронды есептеуіш машиналар логикалық негіздері
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар ОТМ
Таратпа материалдар Карточкалық тапсырмалар
Оқытудың техникалық құралдары Дербес компьютер
Әдебиет: негізгі Р.Токхаим «Микропроцесоры» Курс и упражнения-М., 1988г.
Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцесорное системы: учебник для техникумов-М., «Радио и связь», 2000г.
Қосымша Пятибратов А.П., Гудыно JI.IL, Кириченко А.А. Вычислительные системы, сети и телекомуникации- М., «Финансы и статистика», 1998г.
МайкоГ.В. «Ассемблер для IBM PC»- М., «Бизнес- информ», 1999г.

Сабақ мазмұны
Эле-мент № Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері Қосымшалар, өзгерістер
І. Кіріспе бөлім:
Ұйымдастыру2 мин
ІІ. Негізгі бөлім:
2) Үй тапсырмасын сұрау25 мин
3) Жаңа сабақ түсіндіру20 мин
ІІІ. Қорытынды бөлім:
4) Сабақты бекіту23 мин
5) Сабақты қорытындылау және бағалау6 мин
6) Үйге тапсырма беру 4 мин 1. Ұйымдастыру (2 мин)
Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру 2. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)
Фронтальды сұрақ:
Позициялық есептеу жүйесі дегеніміз не?
Позициялық емес есептеу жүйесі дегеніміз не? 3. Жаңа сабақ (30 мин)
Курс тақырыбы: 2.1. Сандық техниканың арифметикалық негіздері
2.1.1. Санау жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Позициалдық есептеу жүйесінің қасиеттері.
Позициалдық есептеу жүйесі 4. Жаңа сабақты бекіту (23 мин)
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін тексеру мақсатында оқушылар жарыса есеп шығарады.
1-есеп
Кестені толтыру.
2-есеп
Екілік арифметика
Тест сұрақтары:
3-есеп
Нүктемен сурет салу
4-есеп
Қосымша есеп
5 Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)
Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын. 6 Үйге тапсырма беру (2 мин)
Р.Токхаим «Микропроцесоры» 8-11 бет Оқытушы __________ Рахымжанова М.Е.
Пән: Микропроцессорлық техника негіздері
II бөлім Сандық техниканың арифметикалық және логикалық негіздері
Курс тақырыбы: 2.1. Сандық техниканың арифметикалық негіздері
2.1.1. Санау жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Позициалдық есептеу жүйесінің қасиеттері.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Тәжірибелік, жарыс сабақ
Уақыты: 09.09.2015
Топ: 3 қысқ ВТ
Ұйымдастыру кезеңінде қоңырау соғылысымен зертханаға кіріп оқушылармен амандасамын. Зертхананын дайындығын тексеремін. Жоқ оқушыларды түгендеп журналға толтырамын. Сабаққа дайындықтарын тексеріп, сабақтың мақсатын айтамын.
Үй тапсырмасын сұрау: Фронтальды сұрақтар
Жаңа сабақ түсіндіру
Дәріс 3
Санау жүйесі деп сандарды жазу мен атауын қабылдау жиыныайтамыз. Кез келген санау жүйесінде сандарды көрсету кейбіреуінде символдармен таңдалады, ал қалған сандарды көрсету сандарға операцияларды қолдану кезінде пайда болады.
Санау жүйесі позициялық деп аталады, егер көрсетілген әрбір сан мағынасы тізбектелген санның позициясына қатысты өзгерсе.
Санау жүйесінің позициялық негізі деп бірлік санының қандай да бір разрядын, жоғары разрядтан көп бірлікті біріктіруі аталады. Егер осындай сандардың жиыны Р– ға тең болса, онда санау жүйесі Р-лық жүйе деп аталады. Осы санау жүйесіндегі қолданылатын сандар жазбасы санау жүйесіндегі сандар жиынымен сәйкес келеді.
х еркін санының жазбасы Р-лық позициялық санау жүйесінде көпмүше түрінде неізделеді:
x = anPn + an-1Pn-1 + ... + a1P1 + a0P0 + a-1P-1 + ... + a-mP-m
Кез келген санау жүйесіне арифметикалық амал қолдану ондық жүйедегі сияқты ереже бойынша орындалады. Сондықтан мәліметтерге сәйкес келетінР – лық санау жүйесіне негізделген қосу және көбейту таблицаларын ғана қолдану керек.
Ондық санау жүйесінен P > 1 жүйесіне ауыстыру үшін келесі алгоритм қолданылады:
1) егер санның бүтін бөлігі ауыстырылса, онда ол Р-ға бөлінеді, кейін бөліндіден қалған қалдық сақталынады. Алынған бөлік тағы да Р-ға бөлнеді, қалдық сақталады. Бұл процедура 0-ге тең болғанынша жалғаса береді. Р-ға бөлгендегі алынған қалдық керісінше қатарда жазылады;
2) егер де бөлшек бөлігі ауыстырылса, онда ол Р-ға көбейтіледі, кейін бүтін бөлігі сақталады және кері қайтарылады. Жаңа алынған бөлшек бөлімі Pкөбейтіледі. Бөлшек бөлігі ноль болғанша процедура жүзеге аса береді.
 
Есептерді шығару мысалдары :
1. Берілген санды екіліктен ондық санау жүйесіне ауыстыру:а) 464(10); б) 380,1875(10); в) 115,94(10) (екілік түрде үтірден кейін бес мән алу).
Шешімі.
464 | 0 380 | 0 |1875 115 | 1 |94
232 | 0 190 | 0 0|375 57 | 1 1|88
116 | 0 95 | 1 0|75 28 | 0 1|76
58 | 0 47 | 1 1|5 14 | 0 1|52
а) 29 | 1 б) 23 | 1 1|0 в) 7 | 1 1|04
14 | 0 11 | 1 3 | 1 0|08
7 | 1 5 | 1 1 | 1 0|16
3 | 1 2 | 0
1 | 1 1 | 1
а) 464(10) = 111010000(2); б) 380,1875(10) = 101111100,0011(2); в) 115,94(10)  1110011,11110(2) (осы жағдайда үтірден кейін алты мән алынды, содан кейін шешім жуықтап алынды).
Егер екілік санау жүйесідегі санды санау жүйесіне ауыстыру керек болса, негізі екінің дәрежесі болып табылатын, онда төмендегі алгоритмді қолданып, дәреже көрсетіші қанша болса сонша екілік санының сандарын топқа біріктіру жеткілікті болады.Мысалы, егер сегіздік жүйеге ауыстыру жүзеге асса, онда топ үш саннан тұратын болады (8 = 23). Сонымен, бүтін бөлікте оңнан солға қарай, бөлшек бөлігінде солдан оңға қарай топтастыру жүргіземіз. Соңғы топта сандар жеткіліксіз болса нолдеді жазмаз: бүтін бөлікте —сол жақтан, бөлшек бөлігінде — оң жақтан. Кейін әр бір топ жаңа жүйенің тиісті номерімен ауыстырылады. Тиісінше кетелерде көрсетілген.
 P   2   00   01   10   11 
4 0 1 2 3
 P   2   000   001   010   011   100   101   110   111 
8 0 1 2 3 4 5 6 7
 P   2   0000   0001   0010   0011   0100   0101   0110   0111   1000   1001   1010   1011   1100   1101   1110   1111 
16 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F
1111010101,11(2) екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстырымыз.
001111010101,1100(2) = 3D5,C(16).
Pнегізделуі бар санау жүйесіндегі садарды ондық санау жүйесіне ауыстырғанда оңнан солға қарай, ноліншіден бастап, бүтін бөліктің разрядын номерлеу керек,және бөлшек бөлігіндеүтірден кейінгі разрядтан бастапоңнан солға қарай (бастапқы номер -1) номерлеу қажет. Содан кейін разряд номеріне тең, дәрежедегі санау жүйесіне негізделе отырып разрядтардың тиісті мәндерінің туындылар қосындысын есептеңіз. Бұл берілген санның ондық санау жүйесіндегі көрінісі болып табылады.
2. Берілген санды ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз.
а) 1000001(2).
1000001(2)=1*26+0*25+0*24+0*23+0*22+ 0*21+1*20 = 64+1=65(10).
Ескерту.Қанайда бір разрядта ноль саны түрса, онда ол қосындыны елемеуге болады.
б) 1000011111,0101(2).
1000011111,0101(2)=1*29 + 1*24 + 1*23 + 1*22 + 1*21 + 1*20 + 1*2-2 + 1*2-4 = 512 + 16 + 8 + 4 + 2 + 1 + 0,25 + 0,0625 = 543,3125(10).
в) 1216,04(8).
1216,04(8)=1*83+2*82+1*81+6*80+4*8-2 = 512+128+8+6+0,0625 = 654,0625(10).
г) 29A,5(16).
29A,5(16) = 2*162+9*161+10*160+5*16-1 = 512+144+10+0,3125 = 656,3125(10).
Pнегізделуі бар санау жүйесінде арифметкалық операцияларды орындау үшін тиісті қосу және көбейту кестелері болу керек. P = 2, 8 және 16 үшін кестелер төменірек көрсетілген.
Р =2
  +     0     1  
0 0 1
1 1 10
          0     1  
0 0 0
1 0 1
Р =8
 +   0   1   2   3   4   5   6   7 
0 0 1 2 3 4 5 6 7
1 1 2 3 4 5 6 7 10
2 2 3 4 5 6 7 10 11
3 3 4 5 6 7 10 11 12
4 4 5 6 7 10 11 12 13
5 5 6 7 10 11 12 13 14
6 6 7 10 11 12 13 14 15
7 7 10 11 12 13 14 15 16
         0   1   2   3   4   5   6   7 
0 0 0 0 0 0 0 0 0
1 0 1 2 3 4 5 6 7
2 0 2 4 6 10 12 14 16
3 0 3 6 11 14 17 22 25
4 0 4 10 14 20 24 30 34
5 0 5 12 17 24 31 36 43
6 0 6 14 22 30 36 44 52
7 0 7 16 25 34 43 52 61
Р =16
 +   0  1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F
0 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F
1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F 10
2 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F 10 11
3 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F 10 11 12
4 4 5 6 7 8 9 A B C D E F 10 11 12 13
5 5 6 7 8 9 A B C D E F 10 11 12 13 14
6 6 7 8 9 A B C D E F 10 11 12 13 14 15
7 7 8 9 A B C D E F 10 11 12 13 14 15 16
8 8 9 A B C D E F 10 11 12 13 14 15 16 17
9 9 A B C D E F 10 11 12 13 14 15 16 17 18
A A B C D E F 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
B B C D E F 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 1A
C C D E F 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 1A 1B
D D E F 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 1A 1B 1C
E E F 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 1A 1B 1C 1D
  F     F    10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   1A   1B   1C   1D   1E 
   0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F
0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0
1 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F
2 0 2 4 6 8 A C E 10 12 14 16 18 1A 1C 1E
3 0 3 6 9 C F 12 15 18 1B 1E 21 24 27 2A 2D
4 0 4 8 C 10 14 18 1C 20 24 28 2C 30 34 38 3C
5 0 5 A F 14 19 1E 23 28 2D 32 37 3C 41 46 4B
6 0 6 C 12 18 1E 24 2A 30 36 3C 42 48 4E 54 5A
7 0 7 E 15 1C 23 2A 31 38 3F 46 4D 54 5B 62 69
8 0 8 10 18 20 28 30 38 40 48 50 58 60 68 70 78
9 0 9 12 1B 24 2D 36 3F 48 51 5A 63 6C 75 7E 87
A 0 A 14 1E 28 32 3C 46 50 5A 64 6E 78 82 8C 96
B 0 B 16 21 2C 37 42 4D 58 63 6E 79 84 8F 9A A5
C 0 C 18 24 30 3C 48 54 60 6C 78 84 90 9C A8 B4
D 0 D 1A 27 34 41 4E 5B 68 75 82 8F 9C A9 B6 C3
E 0 E 1C 2A 38 46 54 62 70 7E 8C 9A A8 B6 C4 D2
  F     0     F    1E   2D   3C   4B   5A   69   78   87   96   A5   B4   C3   D2   E1 
3. Қосуды орындаңыз:
а) 10000000100(2) + 111000010(2) = 10111000110(2).б) 223,2(8) + 427,54(8) = 652,74(8).в) 3B3,6(16) + 38B,4(16) = 73E,A(16).
10000000100 223,2 3B3,6
+ 111000010 + 427,54 +38B,4
------------ ------- -----
10111000110 652,74 73E,A
4. Азайтуды орындаңыз:
а) 1100000011,011(2) - 101010111,1(2) = 110101011,111(2).б) 1510,2(8) - 1230,54(8) = 257,44(8).в) 27D,D8(16) - 191,2(16) = EC,B8(16).
1100000011,011 1510,2 27D,D8
- 101010111,1 -1230,54 -191,2
-------------- ------- ------
110101011,111 257,44 EC,B8
5. Көбейтуді орындаңыз:
а) 100111(2)* 1000111(2) = 101011010001(2).б) 1170,64(8)* 46,3(8) = 57334,134(8).в) 61,A(16)* 40,D(16) = 18B7,52(16).
100111 1170,64 61,A
*1000111 * 46,3 *40,D
------------- -------------- ----------
100111 355 234 4F 52
+ 100111 + 7324 70 + 1868
100111 47432 0 ----------
100111 ------------- 18B7,52
------------- 57334,134
101011010001
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін тексеру мақсатында оқушылар жарыса есеп шығарады.
1-есеп
Кестені толтыру.
Санау жүйелері Негізі Алфавит
Ондық 10 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік 2 0,1
Сегіздік 8 0,1,2,3,4,5,6,7
Оналтылық 16 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,В,С,Д,Е,Ғ
2-есеп
Екілік арифметика
Екілік арифметика  көбейтіндісін  есептеңіз.
1 ) 110102 * 1102 = 100111002 2 ) 111012 * 1002 = 11101002 3 ) 110012 * 1112 = 101011112 4 ) 101112 * 1012 = 111001125 ) 100012 * 10012 = 100110012 6 ) 2568 * 638 = 2125287 ) 6578 * 5638 = 47023588 ) 3678 * 1238 = 5002589 ) 4258 * 3568 = 200606810 ) 3128 * 5238 = 2055768
 
Тест сұрақтары:
1. Ақпараттың неше қасиеті бар?А) 2               Б) 3                 В)  6
2. Ақпараттың неше түрі бар?А) 4              Б) 3                  В) 2
3. Санау жүйесі неше топқа бөлінеді?А) 2                    Б) 3                      В) 4
4. Ондық жүйе санау жүйесінің қай тобына жатады?А) Позициялық      Б) Позициялық емес     В) Ешқайсына
5. Он алтылық санау жүйесінде қандай цифрлар қолданылады?А) 0-9                        Б) 0-9, А-Ғ                   В) 0-7
6. Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне  ауыстыр 10112:А) 1110 Б) 1510 В) 1310
7. Он алтылық санау жүйесінен ондық сану жүйесіне ауыстыр 2Е716:А) 19410 Б) 74310 В) 4310
8. Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыр 268 :А) 36510 Б) 3510 В) 2210
9. Екілік санау жүйесінде қандай цифрлар қолданылады?А)  0,2                         Б)  0,1                           В) 1,2
10. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын  қандай жүйе  деп атайды?А)  Санау                     Б) Ондық                     В) Сегіздік
11. Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды?А) Кіші цифр              Б)  Үлкен цифр           В) Разряд
12. Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін қандай санау жүйесі қолданылады?А) Сегіздік                  Б) Оналтылық            В) Екілік
13. Екілік сандармен қандай амалдар орындаймыз?А) Арифметикалық     Б) Квадраттау            В) Бөлу
14. Қандай амалды орындағанда көрші (үлкен) разрядтан бірді қарызға аламыз?А) Көбейту                   Б) Бөлу                       В) Азайту
15. Қандай амалды орындағанда бір көрші (үлкен) разрядқа көшеді?А) Қосу                         Б) Азайту                    В) Бөлу
3-есеп
Нүктемен сурет салу
1-кестеде екілік санау жүйесінде берілген нүкте нөмірлері мен координаталары келтірілген.
2-кестеде нүкте нөмірлері мен әртүрлі санау жүйесінде берілген оның координаталары көрсетілген.
Кейбір нүктенің координаталарын көрсетілген санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындап, табу керек. Әр нүктенің өз координаталарын ондық санау жүйесіне айналдырып, координата жазықтығында нүктемен белгілеп қойыңыз. Санау жүйелерін дұрыс айналдырып, нүктелерді бір-бірімен байланыстырса, бір сурет пайда болады.
1-кесте                                                                                   2-кесте
№ Нүкте координаталары
Х У
1 10012 10012
2 1112 10012
3 1012 10012
4 1002 1112
5 112 1012
6 1012 1012
7 10002 1012
8 10002 112
9 1002*102 12
10 1012 12
11 112 12
 
№ Нүкте координаталары
Х У
1 1002 1002
2 1012 1102
3 1102 1002*102
4 1102 1002
5 1002*102 1002
6 1112 12
7 1002*102 1102
8 10012 10002
Оқушылар қай кестемен жұмыс істейтіндерін өздері таңдайды. (Координата жазықтығында пайда болған суреттердің біріншісі өздігінше 5 санының стильді суреті болса, ал екіншісі кесте -4 цифрын көрсетеді.)
4-есеп
Қосымша есеп
Қосымша есеп болып есептеледі де, шығармашылық есепті бәрінен бұрын орындаған оқушыларға беріледі.
Әр түрлі санау жүйесінде жазылған сандарды өсу ретімен орналастыр:
3510 , 368, 3А16, 101012
Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушылар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек біз позициалдық есептеу жүйесінің қасиеттері туралы түсінік алдық. Сабақтын алдында қойылған мақсатқа жеттік. Сабақты қорытындылай келе жалпы оқушыларының бүгінгі сабаққа дайындығы және сабаққа қатысқанын айта кетем. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймын!
Есептер шығару және сабаққа қатысулары бойынша бағалаймын.
Үйге тапсырма беру: Р.Токхаим «Микропроцесоры» 8-11 бет
Оқытушы __________ Рахымжанова М.Е.