Презентация на тему О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту-б?гінгі к?нні? талабы


  «№23 ЖББОМ» КММҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміМамедярова Роза Момыновна Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі күннің талабы Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның басты талабы. Сабақты жоспарлаудағы мұғалімнің шеберлігі оқушыны үлкен жетістікке жеткізеді. XI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы әйгілі шығарма «Кабуснамада» «Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі - сөз, сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Ей, перзентім, сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу үшін әрекет істе. Шешен кемеңгерлердің кеңесінде болып, сөзді сөйлей білудің өнерін үйрен. Қай кезде болсын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Сөз үйренуден жиренбе» Қазақ тілі пәнінен берілетін білімді зерделеп, саралап, оқушы жадына сақтауға, алған теориялық білімін тұрақтандыруда мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі - тілдік талдаулар. Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау барысында жүргізілетін жұмыстар Дауысты, дауыссыз дыбыстарға математикалық әдіспен фонетикалық талдау (5-сынып)Берілгені: Өнерпаз=O= □+∆Шешуі: Өнерпаз =7O=3□(ө, е, а) +4 ∆(н, р, п, з). Өнерпаз сөзінде жеті дыбыс бар, оның үшеуі – 3□(ө, е, а) дауысты дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай, еркін шығады. Ал 4 ∆(н,р,п,з) дауыссыз дыбыстар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында әр түрлі кедергіге ұшырап шығады. Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың біреуі (а) тілдің қатысына қарай жуан дауысты, себебі, бұл дыбысты айтқанда тіл кейін шегініп, үсті сәл дөңестенеді. Ал, екеуі (ө,е) жіңішке дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тіл ілгері қарай созылады.а) Тілдің қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =__1□ (а) жуан □ 2□ (ө,е) жіңішке □ Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың үшеуі (а,ө, е) жақтың қатысына қарай ашық дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылады да ауа еркін шығады. Ал, қысаң дауысты жоқ. ә) Жақтың қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =__3□ (а, е ,ө) ашық □ қысаң □ жоқ Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың біреуі (ө) ерін мен езудің қатысына қарай еріндік дауысты дыбыс, себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін сүйірленіп ілгері қарай созылады. Ал, екеуі (е,а) езулік дауысты, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда езу тартылып, ерін кейін қарай жиырылады.б) Ерін мен езудің қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =_1□ (ө) еріндік□_ 2□ (е,а) езулік □ Еркін жазу стратегиясы Тапсырма: Берілген мәтіндегі негізгі ойды анықтау арқылы дұрыс жауапты белгілеу. Өздеріне ұнаған төрт немесе бес буынды сөздің біріне фонологиялық талдау жасап, ауызша баяндау.Мысалы: Тегінде қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үшін әдебиетті білу - жалпыға ортақ шарт. Әр адамның жақын досы - бала күннен өмір досы – кітап болған-ды. Сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады.Дұрыс жауабын белгілеңізА)Мамандығыңа байланысты болмаса әдебиет кітабын оқудың қажеті жоқ;В)Кітап оқу арқылы адам интеллигент дәрежесіне жетеді;С)Әр адам мамандық иесі болу керек;Д)Әдебиетті оқу үшін интеллиген болу керек.Е)Әр адамның жақын досы – өз мамандығы. Фонологиялық талдау сызбасы«Кітабымен» деген сөзге оқушылардың жасаған фонологиялық талдау сызбасы Кітабымен 1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай – аралас буынды сөз. Себебі, бұл сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар (а,ы) жуан дауысты және (і,е)жіңішке дауыстылар. 2.Бұл сөз: кі-та-бы-мен болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. кі-та-бы-мен а.б. а.б. а.б. б.б.  3 Кі- та-бы- мен Бұл сөз 3 жағдайда буын жігіне сәйкес тасымалданады 4.Кі-та-бы-мен Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады, сондықтан бұл сөзде екпін - мен буынындағы е дауысты дыбысына түседі. 5.Кітабы –мен сөзіндегі соңғы буын жуан, оған - мен көмектес септік жалғауы жалғанып, буындар үндеспей тұр. Көмектес септігі – мен буын үндестігіне бағынбайтын қосымша.6. КІТАБ+Ы + мен сөзінде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасындағы кейінді ықпал. Кітабымен  Сабақ барысындағы әр түрлі тақырыптық жұмыс түрлерін орындау оқушы өзін-өзі реттейді, қорытындылайды, бағалайды;ауызекі сөйлеу әдебімен бірге тыңдау әдебі де артады; бірін-бірі сыйлауға, біріне-бірі сын айтуға, өзіндік көзқарасын білдіруге төселеді.