«БИОМЕХАНИКА» БА?ДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ?О?У ??РАЛЫН ЖАСА?ТАУ


ІІ «БИОМЕХАНИКА» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАҚТАУ
Жубандыков Н. - Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледждің
1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
3 курс студенті
HTML (HyperText Markup Language) термині «гипермәтінді белгілеу тілі» деген ұғымды білдіреді. Гипермәтін деп құрамына басқа құжатарға, файлдарға, сайттарға сілтемелер бар тексті айтады.
HTML -дің бірінші нұсқасын1989 жылы сол кездегі танымал болған ‘Mosaic’ браузеріне арнап Тим-Бернерс Ли жасады. Бірақ ол уақытта бұл жаңалық кең қолданыс таппады. 1993 жылы HTML+ пайда болды, бірақ ол да өзіне аса көп назар аудартпады. Гипермәтінді кең қолдануға 1994 ж. Маусымында шыққан HTML-дің екінші нұсқасы жол ашты. Сол жылы WWW-нің (World Wide Web – Бүкіләлемдік өрмек) қолдануының күрт өсуімен сипатталған еді. Екінші нұсқаға енген элементтердің көбі күні бүгінге дейін қолданыс табуда.
Келесі жылы шыққан HTML-дің үшінші нұсқасында тіл элементтері көмегімен математикалық символдарды экранға шығару мүмкіншілігі туды (оларға ∞, ∑ т.б. жатады). Осы нұсқаға арнап ‘Arena’ браузері жасалды. Бірақ бұл жоба ары қарай дамуға мүмкіншілік алмады.
1996 ж. HTML 3.2 шықты. Тілдің спецификациясына фреймдер ұғымы енді. Осы спецификация негізінде web-дизайнерлерқызығушылық тудыратын сайттар құра алады.
HTML 4 (Dynamic HTML) деп аталатын спецификация 1997 жылы дүниеге келді. Ол уақыттың өзінде-ақ гипермәтіннің әрі қараай дамуы скрипт-бағдарламалау арқылы өтетіні анық болды. Яғни HTML кодына қолданушымен интерактивті түрде әрекеттесе алатын Java, Perl, Visual Basic тілдерінде жазылған бағдарлама үзінділерін енгізуге мүмкіндік туды. Бірақ әртүрлі браузерлер бағдарламаларды әртүрлі орындады. Мәселен, көптеген скрипттер (web-бағдарламалар) браузер версиясын анықтаудан басталады, одан кейін кодтың сәйкес үзіндісін іске келтіреді.
Гипермәтіннің негізгі ерекшелігі – безендірудің күрделі түрлерін оңай әрі түсінікті әдіс арқылы алу.
Гипермәтіннің тағы бір маңызды ерекшелігі – ол қандай компьютерде, қандай редакормен орындалғанына, қандай операциялық жүйе мен браузерде шығарылғанына тәуелсіз. Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютерде web-парағын құрып отырып, ол Unix сияқты басқа операциялық жүйеде де дұрыс көрсетілетініне күдіктенбеуге болады.
HTML-дің үшінші ерекшелігі – қайсібір элементтерді басқа элементтердің ішіне енгізуге жол беріледі, ол міндетті деп қарастырылады. Басқа тілдерде ішінара енгізусізкод жазуға болады.
Тілдің бүкіл элементтерін үш топқа жіктеуге болады. Біріншісіне гипермәтінді құжаттың құрылымын анықтайтын элементтер жатады. Осы элементтер міндетті түрдеқолданылады. Екінші топқа форматтауды атқаратын элементтер жатады. Олардың қолданылуы құжатқа қойылатын нақты талаптармен, өндірушінің талғамы мен хабардарлығына көнеді. Үшінші топқа жататын элементтер клиент компьютерінде орнатылған және жұмыс істейтін бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуге мүмкіншілдік береді. Осындай элементтер гипермәтінді редактор сияқты бағдарлама қолданылғанда автоматты түрде құрылады.
HTML спецификациясы стандартты болғанымен, бұл тіл жаңа элементтермен (кеңейтілулермен) толықтырылып тұрады. Сондықтан кейбір web-парақтарды арнайы браузерлермен көру ыңғайлы. Кеңейтілулерді тек WWW-ға арналған программалар жасайтын танымал фирмалармен өндіріледі, ал қарапайым қолданушылар өз web-парақтарын бағдарламалау арқылы жетілдіре алады. Егер әртүрлі web-парақтардың бастапқы мәтіндерін қарастырсақ, олардың құрылмдарында ұқсастықтарды аңғару оңай. Ол бүкіл құжаттар белгілі ережелер бойынша жасалатынымен түсіндіріледі. HTML тілінің синтаксисінің негізінде ISO 8879:1986 “Information Processing. Text and office systems. Standard Generalized Markup Language(SGML)” стандарты жатады.
HTML-құжатарында белгіліеу модельдерінің негізі ретінде тегтер моделі қабылдалынған. Тегтер моделі құжатты контейнерлер ретінде түсіндіріледі, мұндағы контейнерлер дің әр қайсысы тегтермен басталып, тегтермен аяқталады. Яғни HTML құжаты кәдігімгі ASCII- файлға HTML басқару кодтары (тегтері) қосылған файл болып табылады.
HTML-құжатының тегтері көбінесе қолдануға және түсінуге жеңіл. Себебі олар ағылшын тілінің көпқолданбалы сөздерінен түсінікті түрде қысқартылып және белгіленіп алынған. HTML-тегі өзінің атынан, міндетті және міндетті емес атрибуттардан тұрады. Тег мәтіні бұрышты жақшалармен қоршалады. Мысал ретінде қарапайым варианттардың бірі: <HEAD> немесе <i>. Тегтердің күрделілігі олардың атрибуттарында болып табылады. Мұндағы атрибуттар тегтердің функцияларын өзгерту үшін қолданылады (көлемін, ұзындығын, түрін және т.б.).
Тегтер атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен бір немесе бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы ажыратылады. HTML тілінде тегтер атрибуттарын кезекпен жазуды керек етпейді. Атрибуттың мәні атрибут атынан соң жазылатын теңдік белгісінен кейін жазылады. Егер атрибут мәні бір сөз немесе сан болып келетін болса, онда оны ешбір қосымша белгілеусіз теңдік белгісінен кейін жаза беруге болады. Басқа жағдайларда атрибут мәндерін бірлік немесе екілік тырнақшаларға алып жазу керек, әсіресе егер олар пробел арқылы бөлінген бірнеше сөз болса. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат етілген. Мысалға, әсіресе HREF атрибутының мәні ретінде басқа құжаттардың адресін (URL) көрсеткенде керекті регистрді қолдану маңызды болып табылады.
Көп жағдайларда HTML тегтері бастапқы және ақырлы компоненттерден тұрады және олардың арасына мәтін және басқа да құжат элементтері орналасады. Жабушы тегтің аты бастапқы тегтің атына сәйкес болып келеді, бірақ жабушы тегтің атының алдына көлденең сызықша (/) қойылады. Мысалы, шрифт түрі <i>-курсив тегі үшін жабушы сыңары </i> түрінде болады. Жабушы тегтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да ол атрибут қабылданбайды. Мәні бойынша тегтер әмбебап программалау тілдерінің “begin \ end” белгілеулеріне түсінігі бойынша өте ұқсас болып келеді. Тегтер құжаттың мәтіндік интерпретациялау шартының әрекет ету ауданын анықтайды.
Ішкі тегтерді қолданғанда құжатта ерекше ұқыптылықты сақтау керек. Ішкі тегтерді соңғысынан бастап бастапқысына қарай жазып шығу керек. Кейбір HTML тегінің жабушы тегтері болмайды, өйткені олар автономды элементтер болып табылады. Мысалы, бейнелер тегі <IMG> жабушы компонентті қажет етпейді. Автономды тегтерге тағы да <BR>- жолдарды айыру, <HR>-көлденең сызық және көрсетілетін нәтижеге әсер етпейтін, тек қана құжат туралы ақпараттар сақтайтын <META> және <BASE> сияқты тегтер жатады.
Кейбір жағдайларда жабушы тегтерді жазбаса да болады. Көптеген браузерлер құжат мәтінін өңдегенде бастапқы тегті алдыңғы тегтің жабушы тегі ретінде қабылдайды. Ең көп тараған мұндай тегтің түрі абзац тегі - <P>. өйткені оны құжаттарда жиі қолданады және оны әдетте әр абзац алдына жазады. Бір абзац біткеннен кейін келесі <P> тегі браузерге осы абзацты аяқтап жаңа абзац бастау керектігін көрсетеді.
Басқа бір жабушы тегтер түрі, жоқ болса да нәтижеге әсер етпейді және браузерлер оларсыз еш мүлтіксіз істей береді. Оларға мысал ретінде </HTML> тегін алуға болады. Сөйте тұрса да, әр жабушы тегтерді қойып отырған дұрыс. өйткені құжатты өңдеуден өткізгенде кейбір жаңылулар мен қателер болуы мүмкін.
Құжат басының атрибуттары болмайды. Құжат басы тегтерінің негізгі міндеттері бүкіл құжаттың көріну параметрлерін баяндау. Мұндай параметрлерге құжатты көрсету стилін, жалпы базалық гипермәтіндік сілтеме адресін, жалпы гипермәтіндік сілтемелерді, идентификаторды, құжат атын және т.б. жатқызуға болады. Төменде тек қана жиі кездесетін контейнерлер берілген.
Ең жиі қолданылатын құжат басы тегі – TITLE құжат аты болып табылады. TITLE-дің жазылу тәртібі келесідей:
<ТIТLЕ> Құжат аты </ТIТLЕ>
TITLE тегінің құрамы құжат аты өрісінде көрсетіледі.
BASE тегі URL формасындағы гипермәтіндік сілтеме формасымен байланысты. Себебі, URL спецификациясы құжаттардың екі формасын анықтайды: толық және толық емес URL адрес формасын қолдануға болады. Бірақ толық емес спецификация формасын қолдану үшін оны бір нәрсеге базалау керек, яғни толық емес URL формасынан толық URL формасын құру үшін базалық адресін беру керек. BASE тегі осы базаны анықтауға мүмкіндік береді. Солайша, егер құжат басынана келесі қатар берілетін болса:
<BASE HREF="http://www.site.kz/>
онда гипермәтіндік сілтеме түрі:
<A HREF="/catalogue/index.html">
келесі түрге дейін кеңейтіледі:
<A HREF=”http://www.site.kz/catalogue/index.html”>
Бұл басқа да құжат тегтерінің импорттаушыларына да әсер етеді. Графикалық бейне құжатында келесі команда бойынша көрсетілсе:
<IMG SRC="/gif/test.gif">
онда ол келесі адрес бойынша ізделінеді:
<IMG SRC=' http://www.site.kz/gif/test.gif'>
BASE тегі құрамы қолданушы интерфейсімен тура көрсетілмейді.
META тегі HTML спецификациясында жоқ конструкцияларды құжат басында анықтауға арналған. Үш атрибуты бар: NAME, CONTENT, HTTP-EQUIV. Бұл тегтің күрделілігі – бұл тег арқылы енгізілетін конструкцияны интерпретациялау үшін сервердің немесе қолданушы интерфейстің конструкцияны қолдана білу және шифрын оқи білу мүмкіншілігі болуы қажет. Мұндай жұмыс түрі үшін программа SGML конструкцияларын интерпретациялауы қажет. Бірақ ол ешбір интерфейсті программада қамтылмаған. Практика жүзінде бұл тегті тек құжаттың басына HTTP-EQUIV атрибуты арқылы анықталған HTTP ақпараттар протоколы бойынша енгізу арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол келесі түрде болады:
<META HTTP-EQUIV="Keywords" CONTENT="Plasma, Nuclear Physics">
Мұндай қолданымнан соң HTTP пакетінің басына келесі қатарлар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear, Physics. Мысалға, бұл почта арқылы жіберу кезінде өте ыңғайлы.
META контейнерінің ең тиімді қолданылымын демонстрациялық роликтерді құру үшін пайдаланады. Мұндай жағдайда көрсетілетін беттің өзгеруі Refresh (яғни, құжат өңделу уақытында) параметрінде құрылады. Құжат басына META контейнерінің келесі түрі жазылады:
<META HTTP-EQUIV="Refresh": CONTENT=“0, URL=next.html”>
бұл құжат басында шығатын HTTP протоколының хабарламасымен бірдей болып табылады. Ол келесі түрдегідей болады:
Refresh = 0; URL=next.html <LF>
Бұл негізінен құжаттың браузер қосылғаннан кейін ауысқандығын білдіреді. Сонымен қатар жаңа құжат ретінде URL параметріндегі құжат қолданылады.