Та?ырып:ХХ ?ас.20 жылдырында?ы ?аза?станда?ы ?лтты? саяси партиялар


Павлодар облысы, Ақсу қаласы,Жолқұдық ауылы,Қанаш Қамзин атындағы орта мектебі . Тарих мұғалімі : Рысбаева Гүлдана Қабдылжағыпарқызы 2013-2014жж. Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған.Бодандықтан құтқарам деп елімді,Талай боздақ қара жерді жастанған. Сабақтың тақырыбы: Мақсаты: “ХХ ғас. 20 жж. Қазақстандағы ұлттық саяси партиялар”Саяси партиялардың бағдарламалары мен қызметін зерттеп,тарихи маңыздылығын анықтау. “Алаш” партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық съезінде құрылды.Алаш партиясының төрағасы Әлихан Бөкейханов болып сайланды. “Казақ” газеті 1913-1917 жж. Орынборда басылды.Газеттің мақсаты-жұрт пайдасына көз болу,қазақ арасына ғылым,өнер жайылуына басшылық ету.1913 ж- 3000дана аптасына 2рет шықты Ахмет Байтұрсынов “Қазақ” газетінің редакторы. Қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен заңдарын жариялауМемлекеттік Дума мен Мемлекеттік совет жұмысын жариялау Ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру Ғылыми мақалалар,әдеби шығармалар,хабарлар,ақпараттар жарияланды “ Туған жер”1913ж.№5 “Жұт” 1913ж №5, “Елім-ай” 1914ж.№52 Қырғыз (Қазақ) халқы басым тұтас аймақ болып, табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу,Сырдария облыстары мен Ферғана, Самарқан Қырғыз (Қазақ) уездерінің, Каспий сыртқы облысы Әмудария бөлімінің ,Алтай губерниясының Қазақ аралас тұратын болыстарының аумақтық-ұлттық автономиясы құрылсын.Қазақ (Қырғыз) облыстарының автономиясына АЛАШ атауы берілсін.Жер бетіндегі барлық табиғи байлықтарымен, суымен,сондай-ақ,жер қойнауымен қоса автономиялы АЛАШ облыстарының аумағы Алаштың мемлекеттік меншігі болып табылады.Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан пропорциялы түрде өкілдер болуға тиіс.Алаш облыстарын жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Қеңесі құрылып,оның 10 орны қазақ-қырғыздар арасында тұратын орыс және басқа халықтарға берілсін.Алаштың орталығы СЕМЕЙ қаласы болсын. «Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов,фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды. Бас кезінде Кеңес үкіметін қолдау,Кеңес үкіметіне және оның жергілікті Кеңестеріне сенім білдіру.Алаш автономиясы қолдамады.Мұсылман дініне үлкен құрметпен қарау.Заң жинағына шариғат қағидаларын еңгізу.Халық билігін орнату,Қазақ комитетіне басқару құқықтарын беру.Коммунистер партиясының басшылық рөлін танымады. “Алаш” Ұқсастығы “Үш жүз” 4. “Алаштың ардақтысы” өлең жолдары5. “Егер мен 20 жылдары өмір сүрсем____партияға мүше ретінде кіруші едім” ,себебі ...6.Үйге: Эссе жазу. “Алаш тағдыры”