1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліске 100 жыл


1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл
Кикымова Айгүл Ахметжанқызы
Қарағанды қаласы
№68 МИББ кешені – тәрбиеші
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толғалы отыр. Қазіргі таңда, еліміз күннен-күнге дамып, дамыған елдердің қатарына ілігуде. Осы 25 жыл ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, өзін таңыта білген. Осындай дәрежеге жеткеніміз біз үшін, елі үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың арқасында деп айтуға болады. Сонау Керей хан мен Жәнібек ханның кезінен кең-байтақ жеріміз үшін өмірін қиюға дейін барған аталарымыз мен ағаларымыздың ат салысуынан, еліміз барша әлемге таңылды.
Тәуелсіздігімді алғанға дейін көптеген көтерілістер, қозғалыстар, соғыстар да болып жатты. Біздің жерімізге көзін салған адамдар өте көп болды. Сонымен қатар, патша үкіметінен, Кеңес Одағынан да біздің жаққа қарай қауіп-қатерлер төніп жатты. Яғни, салықты көбейту, орыстандыру саясаты, жердің тартып алынуы сияқты шешімдер көптеген көтерілістердің себептері болды. Мысал ретінде, 1916 жылғы ұлт-азаттық соғысты алуға болады.
Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы айтқан «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген сөздерінде ащы болса да, шындық бар. Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі қазақ ұлтының өмірін бір ауызбен сипаттаған. Шыны керек, бірінші дүниежүжілік соғыс кезінде ұлтымызға төнген қиындықтар жетерлік. Ең маңызды мәселелердің бірі-«1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу» туралы жарлығы еді. Бұл осы ұлт-азаттық көтерілістің болуына ең маңызды себеп болды деп айтуға болады. Тыл жұмыстары малды қысқы жайылымдарға қоныстандыру, егін өнімдері мен пішін жинау кезінде басталды. Халыс іс жүзінде аштан қырылуға душар болды. Бұл жұмыстар халықтың ашу-ызасын келтірді, халықтың шыдамын тауысып, осы көтеріліске түрткі болды. Тұтас алғанда Қазақстанда осы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды. Бұл көтерілістің бір ерекшелігі-бұл көтеріліске тек ғана қазақ ұлты ғана емес, сонымен қатар, басқа да ұлттардың қатысуы еді. Осы көтерілісте революцияшыл топ өкілдері-Ә.Жәнгелдин, Т.Рысқұлов, С.Сейфулин, Т.Бокин және т.б халықты жарлықтан бас тартқызып, басқаша айтқанда көздерін ашқан. Ал қазақ зиялылары-Ә.Бөкейхан, А.Байтұрысынов, М.Дулатов осы жағдайға байланысты патша үкіметімен келісім жасағысы келді. Яғни, олар осы жарлыққа қатысты келісімпаздық (компромисс) іздеді.
Өкінішке орай, көтерілісшілер тарапынан ынтамақтастық болмауынан, әскери қарудың жеткіліксіз болуынан, нақты жоспар болмағандықтан көтеріліс жеңіліс тапты. Көтерістің салдарлары да, себептері сияқты қазақ халқына ауыр жүк әкелді. Жетісу мен Торғайдағы көтеріліс көптеген адамдардың түрмеге отыруына, тіпті, қайтыс болуына себеп болды. 3 мың адамқа жауапқа тартылып, оның 201-і өлім жазасына кесілді, көптеген ауылдар тоналып, басқа да жазықсыз адамдар атылды. Бұл жазықсыз өлімдер, кінәлар әрбір қазақтың жүрегіне ауыр тиді. Себебі, көтеріліске шыққан адамдар барша қазақтардың атынан шығып, құқығын қорғаған.
Алайда, бұл көтеріліс жеңіліс тапса да, дәл осы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы өте ерекше. Көтерілістің негізгі мақсаты-саяси да, ұлттық жағынан да әділдікке, азаттыққа қол жеткізу еді. Еліміздің барлық азаматтарына тең қарамағандықтан да, осы көтеріліс тарихта өз орнын алды. Яғни, осы көтерілістің арқасында қазақтардың ұлттық мүдделері сақтала бастады.
Осы тарихи маңызы бар көтеріліске осы жылы 100 жыл . Бұл мерейтой елеіміздің тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойымен қатарласып келеді. Осы маңызды көтеріліс әрбір қазақтың жанын түршіктендіріп, намысын оятатын бірде-бір оқиға. Бұл мерейтомға орай, арнайы өлеңдер, көркем-әдеби шығармалар шығарылуда. Олардың бірі-ЕҰУ-нің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында «Ер қазақ ежелден-еркіндік аңсаған» атты көрмесі ашылды. Бұл көрме осы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы зерттеулер, оқиғаларға толы. Бірақ, ең өкініштісі-бұл мерейтой «ҚР мемлекеттік мерекелер», «ҚР кәсіптік және өзге мерекелерге» жатпайтыны. Себебі, бұл көтерілістің нақты күні болмауы. Бұл оқиғаның әлі күнге дейін әділ, тарихи бағасын ала-алмай жүргені-адамды тебіреңтеді. Егер бұл мерейтойды тиісті деңгейде тойланбаса, алда келе жатқан «Алаш орданың 100 жылдығы» қалай тойланбақ деген сұрақ туындайды.
Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.
Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.
Дегенмен де, осы тақырыпқа тікелей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты, әрі терең зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған жөн.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихта ғана емес, сонымен қатар, әрбір патриот қазақтың жүрегінде де ерекше орын алуы қажет. Себебі, бұл көтеріліс қазақтардың мүдделерінің сақтала бастауына үлкен рөл атқарды. Ұлттық сана сезімнің оянуына, әрі қарай өсуіне ықпалын тигізді. Яғни, көтерілістің 100 жылдығын тиісті дәрежесіне қарай тойлануы қажет. Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына, басына да ие болмайды» деген сөздері көтерілістің тарихтағы маңызын ашады. Шынында да, дәл осы көтеріліс барлығына бастау болды. Биыл бұл оқиғаға 100 жыл, сол кездегі ата-бабаларымыздың еңбегін зая кетірмей, рухтарын сыйлап, мерейтойды өзіне лайық деңгейде өткізуіміз қажет.
Қорытындылай келе, жоғарыда аттары аталып, қылмыстық іс қозғалған азаматтардың барлығы көтерілістің басшылары, белсенділері, ұйымдастырушы - ұйытқысы болған адамдар.  Қазіргі кезде бұл адамдардың ұрпақтары да, ауылдас - туыстары да арамызда жүргені сөзсіз. Патша отаршылдығына қарсы қазақтардың ең ауқымды көтерілісіне 100 жыл толды. Осы адамдардың елі үшін көрсеткен ерліктерін ескеріп, аудандардағы мұражайларда, өз ауылдарында аты - жөндері жазылған тақталар қойылса артық болмас еді. Мектептегі тарих пәні мұғалімдері 1916 жылғы көтеріліс туралы тақырыпты өткенде жергілікті компоненттерді пайдаланып жатады. Сол кезде осы адамдардың аттары аталып, жанкешті ерлік істері айтылып жатса, жас ұрпақтың ел қамы үшін күрескен жерлес батыр бабаларына деген мақтаныш сезімдері оянып, олардың патриоттық рухын көтеретіні сөзсіз. Ұлтының болашағы – жастарды тыл жұмысына бермей, аман сақтап қалу үшін бораған оққа қарсы қарусыз шапқан есіл ерлердің аруақтары да риза болар еді. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
http://anatili.kazgazeta.kz/?p=35403http://www.studfiles.ru/preview/5331129/page:19/https://infourok.ru/azastandai-zhili-lt-azatti-ozalisti-bastalui-sipati-barisi-zhne-ntizhesi-909457.htmlhttp://elana.kz/1. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995, 64 бет
2. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991
3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. «Атамұра», 1999
4. Мырзағалиұлы М. Төрғай көтерілісі. Егемен Қазақстан. 2006,29 тамыз, №204