Т?ырыбы Т?ты?па сыр?аты бар балалармен ж?ргізілетін жатты?улар мен ойындар


Тақырыбы: Тұтықпа сырқаты бар балалармен жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.
Түзете дамыту жұмысының мақсаты:
1.Білімділігі: баланың тұтықпай дұрыс сөйлеу қабілетін дамыту. Қойылған сұрақтарға асықпай жауап беруге үйрету.
2.Дамытушылығы: баланың денесінің бұлшық еттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгеру;
3.Түзетушілігі: баланың сөйлеу тіл кемістігін түзету және асықпай буынға бөліп сөйлеу қабілетін қалыптастыру.
4.Тәрбиелегі: балаға берілген тапсырманы дұрыс орындауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, компьютер, айна, бет орамал.
Іс-әрекет кезеңдері Маманның іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық.
Баламен сәлемдесіп көңіл-күйін сұрау. Баланы сабаққа дайындап, қағаз-каламсапты үстел үстіне дайындап қою. Шаттық шеңбері.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған. Қимылмен көрсету. Балалар хормен қайталап, хормен айтады.
Үй тапсырмасын тиянақтау Үйге берілген тапсырманы тиянақтап, орындалу барысын қадағалау. Орындау барысына қарай мадақтау. І.Негізгі бөлім.
Сөйлеу ережесі:
Сөйлеу барысында дене еркін және ыңғайлы қалыпта болу керек. Аяқ нық тұрады, кеуде тұсы мен иық керулі, бас көтеріңкі.
Әңгімелесу кезінде әңгімелесушіге тіке сенімді түрде қарау керек.
Тек дем шығарған кезде ғана сөйлеу қажет.
Әрдайым асықпай буындап сөйлеу. Сөйлеу ережесін қалай жасаукеректігін ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер ІІ. Ойын арқылы тыныс алу жаттығулары.
1. Мұрнымен тыныс алып, мұрыннан шығару.
2. Ауызбен тыныс алып, мұрыннан шығару.
3. Мұрынмен тыныс алып, ауыздан шығару.
4. Ауызбен тыныс алып, ауыздан шығару. Вокалды жаттығулар. А-О-У-И дауысты дыбыстарды созып айту. АУИО, АУИО, АИУО, АОУИ дыбыстарын бір тыныста бөлмей тез айту.
Тыныс алу жаттығуларын ауыз қуысы арқылы қайталаау.
ІІІ. Диафрагмалды тыныс алу жаттығулары.
Бұл тыныс алу жаттығуларын іш престері арқылы жасау.
«Бүркітке ұқсаймыз» ойыны.
Бастапқы қалып жан-жаққа қолдарын көтеру. Қолды жоғары көтерген кезде мұрынмен тыныс алып, тынысты терең ішінен алу қажет. Қолдарын төмен түсіргенде демді ауыздан шығарады.
«Штанга» ойыны.
Ауыр штанганы көтергендей алдымен кеуде тұсқа дейін, содан жоғары көтеру керек. Жаттығуды 10-15 секунд жасаймыз. Қол, аяқ, кеуде бұлшық еттерінің жиырылуына ерекше назар аудару керек. Алға қарай еңкейе отырып, штанганы жерге тастау керек. Бұл кезде қолды барынша еркін ұстап ауада бос ұстау керек. Дене босаңсуына мән беріледі.
«Мұздықтар» ойыны.
Тіке тұрамыз. Көз алдымызға шатырдағы мұздықтарды елестетеміз. Қолымызды барынша жоғары көтереміз, аяқтың өкшесімен барыншы көтерілеміз. Күн шықты дегенде қолды жерге қарай түсіреміз.
IV. Тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылпаштар айту.
Маматкаримов Нұрмухамед:
Қайырлы таң, қонақтар!
Шуақты күннің сәулесін
Қонақтарға шашыңдар.
Қуансын олар жарқылдап.
Өнерлі бала сүйкімді.
Ян – ян-ян жүгіріп жүр қоян.
Ян- ян –ян бұл қоян емес шаян. Аязбеков Марлен:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға сыйлайық.
Жаңылпаш.
Шөмеленбеген шөпті, мен шөмелемей
Кім шөмелейді.
Баядилов Сармат:
Армысың, қайырымды аспан ата.
Армысың, қайырымды жер ана.
Армысың, шұғылалы алтын күн.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
Сабанбай Ғалымжан:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Тебіншек ат- шегіншек.
Шегіншек ат – тебіншек. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, ептілікке үйрету.
V. Мимикалық және артикуляциялық бұлшықеттерге арналған релаксациялық жаттығулар.
А) басты сәл ғана артқа шалқайтып, 10 секунд ұстаймыз.
Ә) 15 секунд қолымызды жоғары көтереміз.
Б) 5 секундқа қабақты түйеміз.
В)5секундқа тістенеміз.
Г)5 секундқа тісімізді көтереміз. Артикуляциялық жаттығулармен бұлшық етті дамыту жұмыстарын бала қимылмен орындайды.
VІ. Логоритмика.
Мақсаты: музыканың ырғағымен балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ән-әуен ырғағымен оңға және солға қимыл жасау. Алға қарай бір адым аттап, қолдарын айқастырады. Бір отырып, бір тұрып аяғын оңға, солға бұрады.
Әуен ырғағымен қимыл, қозғалысты көрсетеді.
Үйге тапсырма. Тыныс алу жаттығуларын қайталау. Қорытынды. Мадақтау.