Ашы? ?йымдастырыл?ан ерте?гілік. Та?ырыбы: Жыл басы — ?з-Наурыз, ырыс пен береке бастауы!


«22 - Наурыз» Ұлыстың ұлы мейрамына орай ұйымдастырылған «Жыл басы-Әз Наурыз, Ырыс пен береке бастауы» атты ертеңгілігіміз.
Ертеңгіліктің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Жыл басы-Әз Наурыз, Ырыс пен береке бастауы» атты ертеңгілімізді салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар бүгін міне «Бәйтерек» балалар бақшасында да Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі тойланып жатыр. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күнi. Наурыз мейрамы шығыс халықтарында өте ертеден бері атап өтілген. Наурыз — жасару, жаңару, көктем мерекесі.
Наурыздың 21-22жұлдызында күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да бәрі де жаңарады.
Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Халық аңызы бойынша Қызыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.
Көрісу: Музыка ойналады. (залға Қыдыр ата, жер Ана, күн Ана, көктем кіреді).
Уа, жараңдар, қараңдар бізге де қонаққа Қыдыр атамыз келіп қалыпты.
Қыдыр атамыз өзімен Жер Ананы, Күн Ананы және көктем ханшайымын ала келіпті. Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер.
Құрметті қонақтар мерекемізді бастамай тұрып Қыдыр атадан бата сұрасақ.
(Бата сұрасаң берейін, уа, жамағат қолымызды ж...)
1.Қызыр ата:
Ұлыс бақыты болсын.Әр күніміз жақсы болсынДостығымыз берік болсын.Ұлыс оң болсынАқ мол болсын.Қайда барсаң, жол болсын.
Ұлыс бақты болсынТөрт түлік ақты болсын!Ұлысберекеберсін.Пәле-жала жергеенсін.      Қайғы-уайымжоқболсын.Ұлыстыңұлыкүніқұттыболсын!
Әумин!
Жүргізуші:
-Әумин, айтқаныңыз келсін Қыдыр ата!
2.Жер ана:
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым, есірке,
Ұрпағымды аман ет!
Алас, алас,
Мың бір пәледен алас,
Жүз бір қатерден алас,
Көзі жаманның көзінен сақта,
Тілі жаманның тілінен сақта,
Ниеті жаманның ниетінен сақта.
Жүргізуші:
-Рахмет, Жер ана.
3.Күн ана:
Уа, жарандар, келіңдер!Той қызығын көріңдер!Наурыз тойға бас иіп,Күнге сәлем беріңдер!
О, қасиетті Жер-Ана! Адамзат үшін саған басымды иемін. Мен сенің табиғат байлығыңа енетін тау-тасыңнан, жан жануарыңнан бастап адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі сыйласын.
Жүргізуші:
-Рахмет, Күн Ана.
4. Көктем:
Сәлем анам – алтын күн!Нұр шуағы халқымныңАшық болсын аспаның,Аман болсын жас-нәрің!
О, халайық! Жараңдар!Қане, бері қараңдар!Тауық жылыбаршаңдыКенелтсін зор бақытқа.
-Рахмет сізге де Көктем ханшайымы.
Жүргізуші:
Армасындар халайық,Бармасындар халайық.Келді наурыз сағынтып, Қыздарға алқа тағынтып.Наурыз келсе құт келгені халайық,Есік ашып шашу шашып қол соғып, Ұлысты қарсы алайық Әжелерімізді. (залға екі әже кіреді, шашу шашады.)
Жүргізуші:
Уа, халайлық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең.
Наурыз тойы тойланады балабақшада,
Қош келдіңіздер мерекені көруге!- дей келе, құрметті қонақтар төрлетіңіздер біздің ауылдың қонағы болыңыздар, төрге отырып, Наурыз мерекемізді тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Әнім де саған, білім де,Құт қонақ өзің үйім деҚуаныш сыйлап елімеКүлімде, Наурыз, күлімде
Құтты болсын халайықҰлыстың ұлы күніШырқап әнге салайық, -дей келе...
1.Хор. «Балдәурен» тобының бүлдіршіндерін «Наурыз келді» әнімен қарсы алыңыздар.
2.Тақпақтар. Келесі кезекті бүлдіршіндердің Наурыз мерекеге жаттап келген тақпақтарына берсек. «Раушан, Әдемі» топтарының бүлдіршіндерін ортаға шақырсақ.
3.Би: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз,
Би, билейміз бәріміз,-дей келе,
«Домбыра» биі мен ересектер тобының бишілерінің қарсы алайық.
Қол соғып, қошемет етіңіздер.
Жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кетуді дұрыс деп санаймыз. (төрдегі қыздар сөйлейді, Айтыс туралы айтады).
Жүргізуші:
Ал, қәнекей ағайын,Асқақ әнге салайық,Басы болсын бұл тойдың,Шырқап әнге салайық,-дей келе, 4.Хор. «Наурыз» әнімен Алтынай тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
5.Тақпақтар. Келесі кезекті бүлдіршіндердің Наурыз мерекеге жаттап келген жыр шуақтарына берсек. «Балдәурен, Балапан, Алтынай» топтарының бүлдіршіндерін ортаға шақырсақ.
6. Би. Шаттығын сыйлап жалпығаЖалғаса берсін ән - күй, биіміз!- дей келе, «Наурыз шуағы» биі мен ортаңғы тобының бишілерінің қарсы алайық.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар Әз –Наурызды одан әрі қыздыра түсу, келесі кезекте ұлттық ойындар жалғасын тапса. Ортамызда күштерін сынасатыратын ер азаматтармызбар ма? Бар болса, ортаға келсеңіздер? ...
-Құрметті қонақтар ер азаматрымыздың ішінде мергенмін асықты дәл атып түсіремін дейтін ер азаматтарымызды ортаға шақырсақ, келіңіздер.
-Ер азаматтарымыз бірінен-бірі өткен мерген екен, рахмет сіздерге....
(төрдегі атамыз сөзді бастайды ұлттық ойындарды айтады).
Жүргізуші:
Наурыз тойың , Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық-дей келе,
7.Хор. «Наурыз» әнімен Раушан тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық. Ду, қол шапалақ. 8.Тақпақтар. Келесі кезекті бүлдіршіндердің Наурыз мерекеге жаттап келген жыр шуақтарына берсек. «Нұр-ай, Көгершін» топтарының кішкентай бүлдіршіндерін ортаға шақырсақ. Өнерлерін тамашалаңыздар.
9.Би. Жайнатамын бар гүлді.Сайратамын бұлбұлды –Мың бұралып би-билеп,Мейрам етем бұл күнді,-дей келе, «Құтты болсын Наурыз» биімен кішкентай «Нұр-ай» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Жүргізуші: Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырымдарымызда бар. Сол ырым-тыйымдарды қайта жаңғыртып еске түсірейік.
(Қыздардың сөздері )
1.Сәлемдеме .(Балауса тобы), біздің ауылымыздың құрметті қонағы болыңыз, келіңіз төрлетіңіздер.
2.Айдар.(көгершін тобы)
3.Ерулік.(Нұр-ай, Еркетай топтары )
4.Шөміш қағу.(Жұлдыз, Ай-керім топтары).
Жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық,-дей келе,
10. Хор. Әдемі тобының орындауында «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Жылдың басы -Наурыз,
Жырдың басы-Наурыз,
Меркеге арналсын,
Жырымыз , -дей келе,
11.Тақпақтар. Өркен тобының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалаңыздар.
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз,
Би, билейміз бәріміз,-дей келе,
12. Би. «Боз жорға» биін тамашалаңыздар.
Көктем тойы – әнніміз,Көркем өнер сәнімізӨлең-ән мен той сәнінӨрнектейміз бәріміз,-дей келе,
13. Хор. «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Апатайым» әні.
Балабақшамыздың 2 кіші топтың тәрбиешісі Мәлженбай Күльзияның орындауында
14.Ән. «Қазақи дастарханым» әнін тамашалаңыздар.
Той думанға келіңіз,Тамашалап көріңіз,Ән айтайық бәріміз,- дей келе,
15. Хор. «Өркен» тобының бүлдіршіндерін «Наурыз біздің жаңа жыл» әнімен қарсы алыңыздар. Қол соғып, қошетет етейік.
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым, бүгін бізде Әз-наурызбен қатар «Бәйтерек» балалар бақшасы ұжымының көрікті де сүйкімді қызы Тұрсынайдың «Қыз ұзату» тойыда тойланып жатыр .
-Гума шығады құдаларды шақырады.
-Қыз сынсу айтады.
-Сынсудан кейін күйеу жігітті қарсы алу сәті.
-Қызға жігітті апарды.
-Қызға анасының тілегі.
-Қонақтардан Бата сұрау.
-Батадан кейін қыз жақындарымен қоштасады.
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым бізге, Алматы қаласынан бізді наурыз мерекесімен құттықтап Жанболат пен Жазирада келіп қалыпты. Келіңіздер, төрлетіңіздер, біздің қонағымыз болыңыздар. (Жанболат пен Жазираның құттықтау сөзі).
Жүргізуші:
-Тойшыл қауым, әнші жұбымызға ду қол шапалақтап қойсақ.
-Қонақтар дастарханға келіңіздер, дәмнен ауыс татыңыздар.
Жүргізуші:
Құтты болсың тойыңыз, той иесі,
Той есесін тәңірім толтырады.
Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!... дей келе, тойымызды Тойбастар әнімен жалғастырсақ. (Асияның сөзі той өзінің тойбастарымен қызықты, кәне қыздарым той бастарды әкеліңдер...)
Жүргізуші:
Той бастарымызды алып келген болса, тойбастар әнін айта отырып сыйлықтарымызды қонақтарымызға үлестірсек.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар сөз кезегін «Бәйтерек» балалар бақшасының меңгерушісі Карагулова Камшат Курманхановнаға берсек.
Жүргізуші:
Наурыз тойы келе берсін,Барлық халық бақытты бола берсін!Еліміздің несібесі көп болсын,Халқымыз көбейіп, тоқ болсын!
Жүргізуші: 
Ән қосылсын сәніңе!Ырысты боп жаңа жыл!Бақ дарысын бәріңе!Ой қосылып ойыңаБас қосылып бойыңаАман-есен жетейікКелер Наурыз тойына.
Келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!
-Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.  –Көжеден дәм татыңыздар.