Конспект ?мина киім д?ненінде


Ашық сабақ : Қонаққа қуыршақ Сауле келді
Білім беру саласы: « Әлеумет» Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру _
Мақсаты.____ Сөздік қорларын «Ыдыстар» тақырыбындағы сөздермен толықтыру.____
Міндеттері:
* Білімділік: Әрбір ыдыстың қолдану жағдайына байланысты аталуын түсіндіру.
* Дамытушылык: қонақ күту туралы дағдыларын қалыптастыру
* Тәрбиелік қонақжайлық, сыпайлылық сияқты сапаларын тәрбиелеу.
*Үш тілдік орысша: _ыдыс –посуда- dishes ; қуыршақ –кукла- doll;_ __________________
Сөздік жұмыс: ___ майлық, кәмпит салғыш_
Қажетті көрнекілік. қуыршақ Сәуле, қант салғыш, майлық салғыш кәмпит салғыш, қасықтар, кастрөл, таба.
Әдіс тәсілдері: әнгімелеу, сұрақ-жауап
Жоспар кестесі:

Әрекет кезендері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1.Балаларға қонаққа қуыршақ Сәуле келгенін хабарлап айтады. -Балалар, біз-қазақ халқы қонақжай халықпыз. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі шығарып салады. Қуыршақ Сәулеге өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетіп сыйлайық.  Қуыршақ Сәулемен амандасады, қуаныштарын көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Әңгіме өткізу. -Қонақ күту үшін ыдыс-аяқ керек. Ыдыс-аяқ – күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс – аяқ қолдану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар,қазан, ожау; тамақ қабылдайтын: тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан саптыаяқты және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Сәулеге дастарқан жаямыз. Ол үшін алдымен мынадай жаңа сөздерімен танысамыз.
2. . -Мынау – шай шығаратын шәйнек.
Мынау – кішкентай қасық.
Ол не үшін керек? –
Мынау – саптыаяқ. Онымен шай ішеміз.
-Дастарқан басында өзіңді қалай ұстауың керек? –
Кастрөл не үшін керек? Ал таба ше?    
3. Сергіту сәті: «Дастархан» әні қойылады.
  Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан Жайылып тұр дастарқан.   Дастарқан –ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей!  
4.Дастарқан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.
-Қуыршақ Сәуле сендерді
«Қонақжай, сыпайы балалар екен», - деп жатыр.
Ол сендерге риза болды.
Тәрбиешінің айтқанын қайталайды.     Қайталайды.   -Кішкентай қасықты шай ішкенде қолданамыз.   -Дастарқан басында көп сөйлеуге болмайды. Ыдыстарды тарсылдатпау қажет.   Музыка әуенімен сергіту жаттығуын орындайды.   Тәрбиеші бірге дастарқан жаяды.
Рефлекстік-жинақтаушы Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды. -Шай ішу үшін дастарқанға қандай ыдыстарды қоямыз? Шай ішуге арналған пияла, кішкентай қасық қоямыз. Қант салғыш, майлық салғыш, кәмпит салғыштары да ретімен қоямыз.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады : __Ыдыстың қолдану жағдайына байланысты аталуын түсінеді
Түсінеді: _ : қонақ күту туралы түсініктерін айта алады
Қолданады: қонақжайлық, сыпайлылық дағдыларын қолданады
Ашық сабақ : Әмина киім дүкенінде (байланыстырып сөйлеу)
Білім беру саласы: « Коммуникация» Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты : Сөздік қорларын молайту (жейде , шалбар т.б) ;
Міндеттері:
* Білімділік:. Ертегіні оқу және мазмұндау үйрету.
* Дамытушылык: _.Жаңылпаш жолдарын түсініп жаттау , жатқа айтуға дағдыларындыру
* Тәрбиелік: Дұрыс айтуға тәрбиелеу
*Үш тілдік _киім- одежда- ; жейде – рубашка-__
Сөздік жұмыс: __ине,жайқалып тұр айналаң_
Қажетті көрнекілік: Әмина қуыршақ ,киім дүкені макеті, киім үлгілері;
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу,
Жоспар кестесі:

Әрекет кезендері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балаларды қуыршақ Әминамен таныстырады . Әминаның қонаққа киіп баратын әдемі көйлегі болғандықтан ренжулі екенін айтады.
Әминаны киім дүкеніне апарып,киіндіруді ұсынады Әмина қуыршақты тамашалайды.
Әминаны киіндіруге келіседі
Ұйымдастырушылық-ізденістік
«Дүкенде» дидактикалық ойыны. Киімдердің суреттерін іліп ,сұрақтар қоя отырып ,атан,түсін айтқызады,сипаттады.
Сөздік жұмысы: «ине,жайқалып тұр айналаң» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Ұзын-қысқа» дидактикалық ойыны
Ұзын, қысқа көйлектерді көрсетіп ,айтқызады
Жаңылтпаш жаттату
Ақ көйлек,көк көйлек,көп көйлек
Баяу,жылдам ,өте жылдам,тез,созып,әндетіп айтқызады.
«Түрлі түсті баулар» дидактикалық ойыны
Тәрбиеші балалардың назарын қуыршақтардың бәтенкелерінің түрлі түсті бауларына аударады.Қандай түстерді көріп тұрғандарын сұрайды
Сергіту сәті: Қояным,тұршы ,Бетіңді жушы,Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы,Әдемі көйлек киші.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Аң-аң-аң ,Үстің болды шаң,Атып қапты таң,Жайқалып тұр айналаң.
«Қуыршақтарды киіндір» дидактикалық ойыны
Балааларға екі қуыршақ пен олардың киімдерін беріп,киіндіруге тапсырма береді. Бұл заттарды бір сөзбен қалай айтуға болатынын сұрайды.
Киімдерді атайды.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді
Антоним сөздерді айтуға үйренеді
Жаңылпашты жаттайды, қайталап айтады,тілдерін
дамытады
Баулардың түстерін атайды.
Сөздерін қайталап ,қимылдар жасайды.
Қайталап айтады.
Қуыршақтарды киіндіреді.
Рефлекстік-жинақтаушы
Сұрақтар қойып ,тақырыпты қорыту.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Киім бөліктерінің атауларын дұрыс айтып ,ажырата білуді
Түсінеді: Антоним ,синоним сөздерді қолдануды.
Қолданады: Жаңылпашты шатаспай айтуды.