Саба?ты? та?ырыбы: Оттекті? химиялы? ?асиеті


Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеті
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оттектің химиялық қасиеті дегеніміз не? Оттегі туралы түсінігін қалыптастыру,есептер шығарту,тәжірибе жасату
2.Дамытушылық мақсаты: Мәтіндегі негізгі ұғымдарды анықтау дағдысын логикалық ойлау қабілетін, алған білімдерін қолдану, дағдысын дамыту
3.Тәрбиелік мақсаты:Өзгелердің пікірін тыңдауға, сыйлауға, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Постер,маркер,инсерт кестесі,бағалау парағы
Химиялық препараттар:спиртшам,пробирка,сіріңке, кәрлен табақшасы,темір қасық,көмір,темір,фосфор ұнтақтары мен таза оттегі жиналған колба
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Миға шабуыл
Оқушылардың алдыңғы өткен тақырып бойынша ой шақыру әдісімен үй тапсырмасын сұрау
Оттек

Көптеген мееталдар мен бейметалдар оттекпен әрекеттесуге бейім келеді. Ауаның қатысуымен жүріп жатқан түрлі химиялық процестерді өздерің байқап жүрсіңдер. Жай заттармен де күрделі заттармен де оттегі қуатты әрекеттеседі және реакция нәтижесінде оттегі жарық пен жылу шығарады. Мұндай реакцияларды жану реакциясы деп атаймыз. Тұрнмыста көріп жүрген газ, көмір және ағаштың жануын байқап жүрміз. Отын мен оттектің әрекеттесуі жануды қолдайды. Оттегі жану тыныс алу яғни ауаның құрамындағы оттек газы металдың таттануы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының шіруі-барлығы тотығу процесіне қатысатынын білеміз.Қазір біз көмірдің, фосфордың,темірдің магнийдің жануын тәжірибе жүзінде көреміз.
Тәжірибе жасау арқылы проблеммалы сұрақтар туғыздым Мысалы: «Темір жанады ма?»
Келесі тапсырма
«Оттек тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу және осы тақырыпқа 5 жолды өлең шығару
Зат есім –оттек
Сын есім – иіссіз,түссіз,дәмсіз
Етістік – тотығады, жануды қолдайды
Синоним – ауа
4 сөзден тұратын – оттек –ауадан ауыр газ
Алған білімдерін венн диаграммасы арқылы оттектің химиялық қасиеті мен физикалық қасиетін жазып толықтырады.
Сұрақтар мен жаттығуларды орындайды.
Білімдерін бағалау
Үйге тапсырма беру:33 парагроф № 7 есеп