Химия п?нінен саба? жоспары ?ыш?ылдарды? алынуы, жіктелуі, ?асиеттері (8 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларға қышқышдардың құрамын, физикалық, химиялық қасиеттерін оқып үйрету, оксидтердің жіктелуін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру
Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, ұышұылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сыйластыққа, құрметтеуге, пікірталас жасауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: СТО, «Заттар мемлекеті», «Сынау зынданы», «Формулалар ауылы»,
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың негізгі дерек көздері: Интербелсенді тақта, слайдтар, «Химия әлеміне саяхат», суреттер, плакат, маркер, стикерлер
Оқыту нәтижелері: Қышқылдардың химиялық формуласын біледі. Қышқылдардың жіктелуін оңай ажырата алады, қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін үйренеді.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. «Оксидтер», «Негіздер», «Қышқылдар» болып топтарға бөліп аламыз. Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындап, зейінін
сабаққа аударады. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша топтарға бөлінеді.
ІІ Өткенді қайталау:
Еске түсіру: 8 мин Үй тапсырмасын тексеру
1.«Заттар мемлекеті » ойыны. Бұл ойында молекуласында атомдар саны ең көп заттардың формулаларын табыңдар
2. «Формулалар ауылы» ойыны. Бұл ойында оксидтердің формулаларды үйшікке орналастырады. Жұптық жұмыс, жеке жұмыс арқылы өз жұмыс-тарын тексереді.
ІІІ Жаңа сабақ:
Түсіну:
Тақырыпқа шығу 6 мин. «Сынау зынданы» бойынша берілген формуланың ішінен оксидті босату керек. Яғни оксид жаңа сабақтың тақырыбы екенін білеміз.
Қышқылдардың алынуы, жіктелуі, қасиеттері
1. Лездік сұрақтар
Қышқылдардың құрамы неден тұрады?
Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар?
Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз?
Қышқылдар дегеніміз не?
Қышқылдар қандай химиялық элементтен басталады?
Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар?
Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет?
2. Төмендегі кестеге сәйкес келетін қышқылдардан мысалдар келтіріп, толтырыңдар.
Отекті Оттексіз Бірнегізді Екінегізді Үшнегізді 3. Қышқылдардың алынуы
А) Қышқылдық оксидтерді сумен әрекеттестіру
Ә) Сутекті металл еместермен әрекеттестіргенде оттексіз қышқыл түзеді
Б) Тұздарды қышқылдармен әрекеттестіру
Оқулықты пайдалана отырып, қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттеріне тәжірибе көрсету арқылы көз жеткіземіз.
Оқушылар лездемелік сұрақтар арқылы қышқылдардың атауларын ажырата алады. Қышқылдардың жіктелуін ажыратып, формуласын жаза алады.
Талдау және қолдану: 10 мин Қышқылдық
оксидтердің
формуласы Қышқылдық
оксидтердің
атауы Сәйкес келетін
қышқыл
формуласы Қышқылдардың
атаулары
SiO2 Күкірт (ІV) оксиді SO3 Фосфор(V) оксиді Н2СО3 Н.Н. Бекетовтың металдардың кернеу қатары:
Li K Ca Na Mg Zn Al Fe Pb H2 Cu Hg Ag Au
металл + қышқыл→тұз + сутек
«Тәжірибе» Үш сынауыққа тұз қышқылын құйып, біреуіне мырыш, екіншісіне мыс сым, үшіншісіне темір шеге салынады.
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Күйдіргіш зат! Теріні және ағаштан, былғарыдан жасалған заттарды күйдіреді.
Егер қышқыл ерітіндісі қолыңызға тамып кетсе, дереу қатты ағынды суға жуып, сосын жарақаттанған жерді 2%-ік ас сода ерітіндісімен сүртіңіз.
Топтардағы бір-бірінің мүшелерімен тақырыптың мазмұнын түсіндіреді.
Берілген кестені толтыра отырып, қышқылдардың формулаларын, атауларын ажырата алады.
Сергіту сәті: 1 мин «Қ» әрпінен тұратын жеміс-жидектердің атауын айту. Оқушылар «Қ» әрпінен тұратын жеміс-жидектің атауын атап шығады.
Дәптермен жұмыс:
мин Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдармен әрекеттесетін заттардың атаулары
Мысалдары
Индикаторлардың түсін өзгертеді Металдармен әрекеттеседі. Негіздік оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз бен су түзіледі. Негіздермен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз бен су түзіледі. Тұздармен әрекеттеседі. Кейбір қышқылдарды қыздырғанда айырылып, нәтижесінде су мен қышқылдық оксид түзіледі. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін ажырата біледі.
Жинақтау:
5 мин Тұжырым жинақтау.
Топтық тапсырма
1 топ. Берілген реакция типтеріне сәйкес қышқылдарды байланыстырып, реакция теңдеулерін мысалға келтіріп жазыңдар.
топ. Берілген заттардың қайсысы тұз қышқылымен әрекетеседі: а) СuO; ә) Cu; б) Cu(OH)2; в) Ag; г) Al(OH)3.
3 топ. 25%-дық 400 г күкірт қышқылы 68 г магний металымен әрекеттескенде қанша көлем сутегі газы бөлінетінін есептеңдер.
Топтық жұмыс: тұжырым жасайды. Тақтаға жазып, соңынан тексереді. Жасаған жұмыстарын қорытындылап, қорғайды.
Сөзжұмбақ
5 мин Ауызша журнал.
Қышқылдар туралы кішігірім хабарлама.
1. Тамақ қорытудағы тұз қышқылының рөлі
2. Табиғатта қышқыл-қару ретінде.
3. Қышқылдардың маңызы.
Қышқылдардыңмаңызына сөйлем құрастыру.
Бағалау:
2 мин Бағалау Өзін-өзі бағалау, топ жетекшілерін бағалау.
Рефлексия Бүгінгі сабақтан сендер не алдыңдар?
Бұл сабақ қиын болды ма?
Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар Өз ойларын стикерге жазады.
Үйге тапсырма: Үйге тапсырма беру: §47 127 беттегі № 9, 10 есепті шығару Күнделікке жазып алады.