Электролиттік диссоциаицялану теориясы т?р?ысынан т?здарды? ?асиеттері


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
химия пәні мұғалімі Алмаганбетова
Тиллектес Исатайкызы Тұз ерітінділерінің электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан химиялық қасиеттері.
Сілтеме 9 сынып оқулығы, BilimLand сайты, Itest.kz
Сабақтың мақсаты Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың қасиеттерін үйрену
нәтиже Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың және негіздердің қасиеттерін қайталап бекіту;
Тұздардың классификациясын, қолданылуын, катионы мен аиондарына сапалық реакция жүргізіп біледі;
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың қасиеттерін үйренеді.
Түйінді идеялар Тұздар – орта тұз, қышқылдық тұз, негіздік тұздар деп жіктеледі. Тұздардың құрамы металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат. Тұздар электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарынан тұратын электролиттер.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері Блум таксономиясы, СТО, диалог, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Пән аралық байланыс Биология, экология
Ұйымдастыру кезеңі 1-2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сәлемдесу
2.Ұйымдастыру
3. Сабақ барысымен таныстыру
5.Бағалау парағын таныстыру
6.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
7. BilimLand.kz және Itest.kz сайтын іске қосу 1.Сәлемдесу
2.Өздерін ретке келтіру
3.топқа бөліну
4.кітап ,оқу құралдарын ,дәптерлерін дайындыққа келтіру
Қызығушылықты ояту 1 мин.
 Na+ ; SO42– ; Cl–; Ba2+; Al3+ .
Слайдтағы жазулар нені білдіреді?
Қандай күрделі заттың формуласын құруға болады? Оқушылар жауабын табады.
Иондар, катиондар, аниондар.
Тұздардың формуласын құруға болады. Тақырып тұз жайында екенін біледі.
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады.Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады)
Сабақтың негізгі бөлімі 35мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу. Сұрақ – жауап
ЭДТ тұрғысынан қышқылдар дегеніміз не?
ЭДТ тұрғысынан негіздер дегеніміз не?
Тұздар қалай жіктеледі?
ЭДТ тұрғысынан орта тұздар дегеніміз не?
ЭДТ тұрғысынан қышқыл тұздар дегеніміз не?
ЭДТ тұрғысынан негіздік тұздар дегеніміз не?
Түсіну.1. "Тұздар" тақырыбына кластер бойынша тақырыпқа қысқа шолу жасалады.
2. Электронды оқулықтан тақырып бойынша мәлімет алу;
Қолдану. Постер қорғау.
Бейнекөрсетілімнен көрген тәжірибенің жүрісі бойынша реакция теңдеуінің молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазып қорғау.
1 – топ. Калий карбонаты мен тұз қышқылы
2 – топ. Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді
3 – топ. Натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы
Талдау. BilimLand.kz сайтын іске қосу.
Тұздар тақырыбындағы тапсырмаларды топпен бірге орындау
Жинақтау. Itest.kz сайтынан тест орындау.
Бағалау. Білу бөлімінде
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Түсіну бөлімінде
Слайдтағы кластер бойынша тұз жайында білетіндерін айтады.
Электронды оқулықты мұқият тыңдайды.
Қолдану бөлімінде
Оқушылар бейнекөрсетілімнен көрген тәжірибенің жүрісінің молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазып, түзілген тұнбаның түсін көрсетіп постер қорғайды.
Талдау бөлімінде
BilimLand сайтындағы «Тұздар» тақырыбындағы тапсырмаларды топпен бірге орындайды.
Жинақтау бөлімінде
Itest.kz сайтынан тест орындайды.
Қорытынды. Күтілетін нәтиже 4 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақты қорытындылау. Өзін-өзі бағалау,топ басшылары оқушыларды бағалайды.
Қорытынды.Бір-бір сөйлемнен түйінді идея айтады.
Кері байланыс.Оқушылар бүгінгі сабақта Блоб ағашының қай бұтағында отырғанын айтады.
Бағалау 4 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды,бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауы мен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма 1 мин. Тұздар гидролизі тақырыбын оқып келу.