К?згі орманны? к?ріністері «?дебиеттік о?у» 3 сынып


3 СЫНЫП
«Әдебиеттік оқу»
Сабақтың тақырыбы: Күзгі орманның көріністері.
Сабақтың тақырыбы:
а) Күзгі орманның көріністері туралы түсінік бере отырып, аңдардың қысқа дайындығы, өзгерісі туралы әңгімелеу;
а) Ой-өрісін, дүниетанымдарын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
б) Еңбек сүйгіштікке,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Күзгі орман, қоян, борсық, тиін суреттері.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау әдістері.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
II. Үй тапсырмасын тексеру: “Күздің кереметі”.
III. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын хабарлау. Ой қозғау. Жұмбақ шешу (Жауабы: Орман).
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Мазмұнын ашу. Мәтінді бөлімге бөлу.
«Күзгі орман». «Тиіннің еңбектенуі». «Борсық пен қоянның қысқа дайындығы».
Тізбектей дауыстап оқу.
Сөздік жұмысы.
IV. Сиппатау. Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді атау: Борсық. Тиін. Қоян. (Көрнекілік арқылы түсінік беру).
V. Балғын бояу. «Мен ұнатамын...». (Өз ұнатқан аңның суреті салу).
VI. Дүниетанумен байланысты күшейту.(Сызбамен жұмыс.)
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар: ауа, жарық, жылу, қорек.
VII. Дидактикалық ойын.«Немен қоректенеді?».
Борсық шырша, жаңғақ
Тиін сәбіз, шөп
Қоян кемірушілер, бақа, кесіртке, т.б.
VIII. Бекіту. Венн диаграмма. Жазғы орман. Күзгі орман.
IX.Үйге тапсырма.«Күзгі орманның көрінісі»мәтінін оқу.
X. Бағалау.