Поурочные планы Средневековые культура тюрков


Сабақ жоспары
Оқытушы: Сейдалықызы Д
Пән: Мәдениеттану
Мамандық,топ 1 пая 1, 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111083 "Шетел тілі мұғалімі"
Тақырыбы: Орта ғасырдағы түркі мәдениеті
Күні______________________________________________________________
Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Студенттерді түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетімен таныстыру, орта ғасырлардағы жазба мәдениетінің дамуы, ортағасырлық қала мәдениетінің дамуы, ғылымның дамуына үлес қосқан түркі ғалымдарының шығармаларының құндылығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Студенттердің білімін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту, ұлтжандылық көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.
Тәрбиелілігі: Түріктердің әдеби тілі, жазба мәдениеті, наным-сенімдер мен діні туралы мәлімет бере отырып, елін-жерін сүюге баулу.
Әдістері: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты презентация, үлестірме материалдар, маркер, плакаттар
Әдебиет:
Негізгі:
Ғабитов Т., Мүталипов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері
Қосымша:
Нағымұлы Ш. Мәдениеттану: Оқулық. – Астана, 2007
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№ Сабақ кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, студенттердің сабаққа қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары.
Тыныштық сәті:
Студенттерді түгендеп, зейінің сабаққа аудару. (студенттерді 4топқа бөлу, содан соң студенттер бір біріне: «сәттілік бәрімізге»,- деп сәттілік тілейді. Топ басшылары сайланып, бағалау парағы таратылады).
І топ-"Әдебиетшілер"
ІІ топ- "Ғалымдар"
ІІІ топ-Дінтанушылар"
ІҮ топ- "Археологтар"
3 мин
2 Білімдерін тексеру (астын сызу)
Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.
Үй тапсырмасы- жаңа сабақтың іргетасы
Үй тапсырмасы "Жеміс ағашы" ойыны арқылы сұралады.
«Жеміс ағашы» ойыны. Әрбір топ сол сурет артындағы сұрақтарға жауап беріп, жеміс ағашына жинақтап, тақтаға іліп шығулары керек.
1.Сақ заманындағы "аңдық стиль" дегенді қалай түсінесің?
2.Сақтардың қару жарақтары
3.Сақтардың діни наным-сенімдері
4.Алтын адам ескерткіші туралы не білесің?
5.Сақтардың жерлеу ғұрыптарында қандай өзгешелік болды?
6.Аң стилінің қандай кезеңдерін білесің?
7.Қыш өндірісі туралы не білесің?
8.Ерте кезеңдегі зергерлік өндіріс жайлы не білеміз?
9.Ежелгі сақ қалалары , қала мәдениеті
10.Ұлы жібек жолы қай кезден пайдаланылды?
11.Ұлы Жібек жолының қазақ жеріне әсері
12.Қазақ халқының қолөнері
13.Сақтардың бейнелеу өнері
14.Сақтардың тұрғын үйлері және киімі15.Ұлы жібек жолының тармақтары
Бекіту. Анықтамалық диктант
1. ... — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы.
2. Сақтар мекендеген аудандардың бәрінде ... болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді.
3. ... негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болды.
4. ... шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
5.Сақтардық орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі ..., ал далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған ... болды.
6. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ... сиыну ғұрыптары болған. 10 мин
5мин
3 Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу)
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік
Қызығушылықты арттыру 
 - Оқушылар, бір сәт  аудиотаспаға  назар аударып, мұқият тыңдаңыздар. 
(Аудиотаспадан «Күлтегін» жыры оқылады). 
- Оқылған үзіндіні тыңдап отырғанда қандай ой түйдіңдер? Оқиға не жайлы екен?
(Оқушылар пікірі тыңдалады).
 І топ – әдебиетшілер– «Тіл мен жазуы»ІІ топ – ғалымдар – «Ғылымның дамуы»ІІІ топ – дінтанушылар – «Діни саным-сенімдері»ІV топ – археологтар - «Қала мәдениеті»
Дамыту видео көрсету
Оқушылар берілген мәліметтер бойынша және ұялы телефонмен ғаламтор арқылы жұмыс жасап, өз топтарына берілген тапсырмаларға қатысты мәліметтер жинақтайды. Постермен қорғайды.
20 мин
4 Студенттердің өздік жұмысы Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау.
  Бейнені таны
Орта ғасырлық ғалымдардың бейнесі беріледі сол бойынша қай ғалым екенін тану.
а)Әбу-Насыр Әл-Фараби
б)Махмұд Қашғари
в)Жүсіп Баласағұни
с)Ахмет Иассауи
Ойлан тап. Ортағасырда салынған сәулет өнерінің ескерткіштерінен сұрақтар қойылады. Қай ескерткіш екенін табуы қажет.
1.Түркістан қаласындағы бұл ғимарат XIV ғасырдың соңында тұрғызылған. Орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. (Қожа Ахмет)
2.Көне орталық - азия халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келетін бұл кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Жамбыл облысында орналасқан. (Айша бибі)
3.Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Кесене төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. (Қарахан)
4. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген. (Алаша хан) 5.Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. (Көккесене)
6. Кесенесі XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. ( Рабиға Сұлтан Бегім)
"Жұлдызды сәт" (кесте толтыру)
Түріктердің діни наным-сенімдері қандай болды?
10 мин
5 Тақырыпты бекіту Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар, графикалық диктант, дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету
Тест тапсырмаларымен жұмыс 7 мин
6 Сабақ қорытындысы Түсінік бере отырып, бағалау
"Бес саусақ әдісі"
Топ көшбасшылар өз тобын және студенттер өзі-өзін бағалайды. Оқытушы балалауы қосылып қорытынды баға шығады.
3 мин
7 Үй тапсырмасы Түріктердің рухани және материалдық мәдениеті жайында эссе жазу.
2 мин