Тігіншілерді? та?ырыпты? айлы?ы ?ол?нер «Hand made» сайысы


Алматы қаласының білім басқармасы
Алматы Технология және Флористика колледжі
Әдістемелік дәйектеме
Тігіншілердің тақырыптық айлығы

Қолөнер «Hand made»
сайысы



Дайындаған: Оспанова П.Н.
Уразова Л. Ш.
Алматы, 2014/15 ж.

«Бекітемін»
Директордың ОӨЖ
жөніндегі
орынбасары
Садирова Н.У.
______________

Сайыс аты: Қолөнер «Hand made»
Қатысушы топтар: № 4м, 5м, 51, 53 топ оқушылары.
Мақсаты: Қолөнер шеберлігіне оқушыларды баулу
Оқыту: білімді, білікті және дағдыны жүйелеу, бекіту.
Дамыту: ой - өрістерін кеңейту, өздігінен ойлау қабілеттерін арттыру,
қолөнер шеберлігін шыңдау.
Тәрбиелік : алдына қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу және пәнге
деген сүйіспеншілігін, мамандыққа деген қызығушылығын
арттыру.
Көрнекіліктер: планшеттер, маталар, презентация , қайшы,
түрлі- түсті қағаздар, түйреуіш.


Техникалық құралдар: Интерактивті подиум.
Сайысты жүргізу барысы:
Сайысты ашу.
Қатысушы командаларды таныстыру.
Сайыс ережесімен таныстыру.
Әділ қазылар алқасын таныстыру.
Қолөнер «Hand made» сайысының
бағдарламасы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тігіншілер апталығының кезекті жарысына қош келдіңіздер! Он саусағынан бал тамған қыздарымыздың шеберліктеріне сөз жоқ екендігін дәлелдеуге бүгін тағы да куә боласыздар. Олай болса Қолөнер «Hand made» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін. – Ортаға қатысушы қыздарымызды шақырамыз.
1 жүргізуші: Сайысқа түсуші қыздарды бағалайтын әділ- қазылар алқасымен таныс болыңыздар! (әділ- қазы алқалары таныстырылады).
1-сайыс. «Визит карточкасы»
Әр команда өз командасының атын, ұранын, эмблемасын
таныстыру. (5 ұпай)
1-Жүргізуші: Бұл сайыста қатысушы қыздарымыз өздерін таныстырып өтеді. Әділ- қазы алқасы сырт келбетімен, сөйлеу мәдениетіне қарай бағалайды. 1- 5 балл аралығында. Әр топқа 3 мин беріледі
lefttop00

2-сайыс. «Сиқырлы әріптер» ойыны
Жүргізуші: Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптердің барлығын қолданып, мамандыққа байланысты сөз құрастыру керек (3 мин) 1 сөзге бір ұпай

3-сайыс. «Сиқырлы сандық»
1- Жүргізуші: Ортаға сиқырлы сандық шығарылсын. Қатысушы командалар ішінен жасырын тұрған заттарды алады. Сол заттарға байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайды. Қолдан әртүрлі әшекей бұйымдарын жасайды (10- 15-ұпай) 10 мин беріледі

Ән: 44 топ: Жакупова Мадина
4-сайыс. «Оригами»
Берілген бейне таспа бойынша тапсырманы орындау. (10 ұпай)
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар экранда көрсетиілген бейне таспа бойынща түрлі-түсті қағаздан тапсырманы орындайсыздар. Бұл жерде әр топтың жылдамдығы мен ұқыптылығы бағаланады.
38102076450(1-10 ұпайға дейін беріледі ) 7 мин беріледі

Би 44 топ қыздары
5-сайыс. «Қиял ғажайып коллаж» сайысы
Жүргізуші: Алдарыңызда тұрған әр түрлі маталардан және моншақтардан, аплекация әдісімен еркін тақырыпта мазмұнды коллаж жасайсыздар өз қалауларыңызбен қиялдарыңызға байланысты 7 мин беріледі (1-10 ұпайға дейін беріледі )
381020574000Ән: 44 топ Жакупова Мадина

lefttop
6 - сайыс «Жақсылықтан жақсылыққа» ойыны
- Жүргізуші:
Бұл ойында топ мүшелері бірлесіп келесі топтарға өздерінің достық сезімдерін білдіріп, ақ тілектерін жазады 3 мин беріледі.
lefttop
- жүргізуші: Сайыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектеніп жалықпау, дей келе бүгінгі сайысымызға қатысқан қыздарымыздың еңбектерін бағалаған әділ қазы алқаларына сөз берейік.

2 - жүргізуші: Сау болыңдар көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше.