?аза? тілі.Саба?ты? та?ырыбы: Сын есім.2 сынып


Қазақ тілі-2 сынып Уақыты: 2.04.2015 105 сабақ
Сыныбы 2 «а»
Сабақ тақырыбы Сын есім
Мақсаты: Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде меңгерту.Заттардың жалпы сын,сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету.
Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін көрсетіп,сипаттап айтуға баулу.
Оқыту нәтижелері: Тапсырмаларды орындауда сын есімдерді тауып,қай сөзбен байланысып тұрғанын дәлелдейді.Зат атауларына қатысты сапа белгілерін атайды,сөздерден сөйлем құрайды.
Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау,сөз мерген,ығармашылық тапсырма
Негізгі ресурстар: Оқулық,парақ қағазы,түрлі-түсті фломастерлер.
Негізгі идеялар: Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде меңгерту.
Қамтылған модульдер Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беруде АКТ-ны пайдалану,білім берудегі және көшбасшылық.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Сабақтың барысы:
кезеңдері Әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбер. Бір,екі,үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз. Шеңберде тұрып,өлең сөздерін айтады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Сын есім туралы ереже.
-Сын есім дегеніміз не?
-Оның сұрақтары?
-Мысал келтір. Жұпта бір-бірін тексереді.
Қызығушылықты ояту «Сөз мерген» ойыны
Ормансыз Бұлбұл
Тоғайсыз Көлсіз Жерсіз Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл. Оқушылар ойларын айтады.Сөздерден мақал-мәтел құрастырады.
Сын есімді сұрақ қою арқылы табады.
ІІІ.Мағынаны ашу 427-ж.Өлеңді көшіріп жазып,сын есімдерді тап.
Кең жайлауда гүл терем,
Бағатыным қошақан.
Асау құлын үйретем,
Өсіремін ботақан.
-Сын есімдерді ата.
-Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызып көрсет.
-Қошақан,ботақан,құлын қандай сұраққа жауап береді?
Оларды бір сөзбен не дейді?
428-ж.Суреттегі зат атауларының әрқайсысынына қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.
Ағаш- ұзын,жасыл,биік.
Көше-таза,кең,түзу.
Кітап-қалың,қызықты,жұқа.
Шие-ащы,дөңгелек,қызыл. Өлеңді көшіреді,сын есімді ирек сызбамен сызып,қай сөзбен байланысып тұрғанын табады.
Қошақан,ботақан,құлын сөздеріне сұрақ қояды?
ІҮ.Сергіту сәті Музыкамен орындайды. Ү.Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма Шығармашылық тапсырма:
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Көп,Қазақстанда,шұрайлы,жер
2.Сынып,біздің,кең,және,жарық.
3.Тоғжан,алды,кеудеше,әдемі.
4.Бар,күшігі,қара ала,Шынтастың.
-Сұрақ қойып,сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта.
2 тапсырма:
Ішінде сын есімі бар жұмбақтар тауып айт.
*Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
*Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады. Шығармашылық тапсырманы топта орындайды.
ҮІ.Рефлексия -Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Қай тапсырма қиын болды?
-Қай тапсырма ұнады? Рефлексия жазуға машықтанады.Сабақ туралы пікірлерін тыңдау.
ҮІІ.Бағалау Жұпта,топта,топтардың бағалауы. Жұпта,топта,топтардың бағалайды.
ҮІІІ.Үй тапсырмасы 431-ж.
Ішінде сын есім бар жұмбақты тауып жаз.
1 сөзге дыбыстық талдау.