Мені? ойыншы?тарым Технологиялы? картасы


«Коммуникация» білім беру саласының көркем сөз вариативтік компонентінің технологиялық картасы
Жасы: (3-4 жас) Екінші кіші
Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым»
Мақсаты: Балаларды сөзді анық айтып ,дұрыс сөйлей білуге баулу ,сөздік  қорларын  дамыту.Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа ,эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен ,жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Алдын ала жұмыс: әңгіме жүргізу
Сөздік жұмыс: ойыншықтар, жинау, таза ұстау, ұқыпты болу
Іс-әрекетінің
мақсаты Тәрбиешінің
басқарымдылық қызметті Балалардың іс- әрекеті
І - кезең мотивациялық-қозғаушы Сендерде ойыншықтар бар ма?
Ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.
Жаңа ойыншықтар Ойыншықтар туралы естіп қуанады.
Ойыншықтарға қызыға қарайды
ІІ - кезең проблемалық ізденушілік
Жұмбақ жасыру:
1.Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
2.Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемне,
Тек сөйлеуді білмейді.
Ғажайып сәт:
Біреу бізге ойыншықтар әкеліп тастапты, көрейік қандай екен, неден жасалды екен.
Сұрақ-жауап:
-Қуыршақ, доп бір сөзбен қалай атаймыз?
-Сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
-Ендеше жаңа тақпақпен танысайық.Суретпен жұмыс:
Суретте қандай ойыншықтар бар?
-Ұнаған ойыншықты көрсетіп, кім және қалай ойнауға балатынын айту. Бірігіп тілек тілейді.
Жұмбақтың шешімін табады.
Әкелінген ойыншықтарды қарайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қимыл-қозғалыс жасап демалады.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтар жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Біз тынығып аламыз.
Суреттен ойыншықтар туралы әңгімелейді.
ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші Ойыншықтар туралы не білдіңдер? Түсінгендерін әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже
Ұғынады: Ойыншықтар туралы
Түсінеді: Ойыншықтар не үшін керектігін түсіну.
Қолданады: Ойыншықтар туралы әңгімелей білу.