?стаз деген — ?ла?атты ?лы есім


- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір – біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықпен сүйіспеншіліктің белгісін көріп,өмірге деген құштарлықтарыңды сезіп тұрмын. 3. І -жақ- ? ІІ-жақ - сағанІІІ-жақ - оған Тақырыптың атын ашатын сұрақтардың жауабын тез,шапшаң табайық 1.Табиғаттың адамзатқа берген ең құнды сыйы? 2. Арзансың-сөзінің антонимы? Өмір қымбатсың маған Эй, өмір.Әні: А.АязбаевСөзі: А.Аязбаев Эй,өмір әуреге салған Қол жетпес арман-өте жалған Болсаңда қатал,таңдарымда атар Бөленіп жатар,бақытқа апар! Күн мен түн таласып, жарысқан Жандар көп өмірде алысқанӘлде Талайдың басынан бағы ұшқан, Талайлар өмірде табысқан Тәтті ғой, бұл өмір жағымды Өмірде салып қал жаныңды Өткенің келмейді өкінсең Өмірден алып қал барыңды Ш.Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан»Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан. Өмір деген тұрады:ақ – қарадан, Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам! Өмір деген тұрады:таң мен кештен, Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен. Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге, Адамдар Армен келіп,Армен көшкен. Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш, Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс. Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп, Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз. Күн десең де,тірлікті түн десең де, Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер, Жолында жолығатын қос тағдыр бар: Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел. Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті, Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты. Жолында жолығатын екі тағдыр, Күтеді Адам үшін сын сағатты. Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз, Тірлік татып жатады шулы - шусыз. Кез келіп тағдырына келеді Адам, Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз. Қолға түспес дүние жұрт таласқан, Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан. Сезінер жүрегімен,жаныменен, Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр? Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады? Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек? Адам баласы не үшін өмір сүреді? Өмір деген несімен қымбат? Сенің өмірдегі мақсатың қандай Ақын «ақ» пен «қара» деп нені меңзеп отыр?Қай уақытта адам өмірі аққа толы болады?Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек? Оқу ақпаратАдам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады. Халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт-нұры тассын» «Жаманның жамандығын айт-құты қашсын»-дейді Адам жаман-жақсыны біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап,бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқында-масын таба алады Мұғалім:-Менің не істеніме қарап,нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер,-деп тапсырма береді.Ол ыдыс алып,біріншісіне ірі тастарды салады да шәкірттерінен толды ма?-деп сұрайдыШәкірттері толы,толды –дейді.Мұғалім: сол ыдысқа ұсақ тастарды салып,бірнеше рет шайқайды.Ұсақ тастар ірі тастардардың қуыс-қуысын бойлап,ыдысты толтырады.Данышпан шәкірттерінен тағы сұрайды-Ыдыс толды ма? Шәкірттері толғанын айтады.Мұғалім: тас толы ыдысқа құм,содан соң су құяды.Мұғалім: тағы бір ыдыс алып,оны құмға толтырады.Одан соң ірі тастарды сыйғызуға тырысады,бірақ құм кедергі келтіред,еш нәрсе шықпайды.Мұғалім: оқушыларға;-Менің әрекетімнен және ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,Оқушылар өзара кеңесіп ойларын ортаға салады.Қалай,ойлайсыңдар,оқушылар қандай тұжырымды жауап айтты екен? Балалар шеңбер жасап тұрайық, өмір туралы жақсы-жаман қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, сендер ойларыңды ойын арқылы жеткізіңдер. «Мен өмір-деймін сендер ақырғы-Р әрібінен бастала-тын жақсы сөз айтасың,келесі бала сол айтылған сөздің соңғы әрібінен басталатын антоним сөз айтады І-топӨмірді көз алдарыңа қалай елестетесіңдер?Сурет арқылы ойларыңды жеткізіңдер! ІІ-топӨмір туралы өлең шығарыңдар,мақал айтып,жатқа өлең айтыңдар! «Өміріңе немқұрайлы қарама!»Өмір-сенің жарқырайтын күндерің.Өмір-сенің артта қалар іздерің,қиыншылық түскен кезде басыңа.Қалқан болсын,қорған болсын бүгінгі айтқан сөздерім!Мен өзіме және барша жандарға өмірің қуаныш пен бақытқа толы болсын,өмірің өз қолыңда-деп тілек тілеймін! ПСИХОЛОГ: Есболова Г.А.