Статья «А?ылшын тілі саба?ында сын т?р?ысынан ойлау техналогиясын пайдалануды? тиімді жолдары»


-13335118110
Ағылшын тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау
техналогиясын пайдаланудың тиімді жолдары
Сабитова А.Ж
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Тауағаш орта мектебі
Елбасы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»- деген болатын.
Яғни, қазіргі кезеңде бұрынғы таптаурын болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа техналогияны пайдалана отырып түрлендіру - өмір талабы.Өйткені ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Демек, әр ұстаз, жас маман біріншіден, педагогикалық шығармашылық пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай,оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн. Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды. Менің 4 жыл аралығында тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі – «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету

Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын

Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау

Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау

Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру

Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек

Әртүрлі идеялармен пікірлерді қабылдау

Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Ал оқушылардан осыған байланысты
Сенімділікпен жұмыс жасау
Бар ынтасымен оқуға берілу
Пікірлерді таңдау, құрметтеу
Өз пікірлерін ашық білдіруді талап ету қажет
Тек сонда ғана олар
Мен осы мәселе туралы не ойлаймын
Осы алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?- деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады. Ол үшін үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілдерін қолдануға болады. Қызығушылықты ояту, мағнына тану, ой толғаныс кезеңдері.
1. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа тақырыппен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту жүзеге асады.Бұл кезеңде мен «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау» т.б әдістерді пайдаланамын. Мысал келтіре кетейін.6 form.
Does it belong?
Read the word at the top of each box
Circle the word that go with it
1. Fruits
banana carrot
apple lemon
bread
peach
2. Toys
doll yo-yo
ruler
belt
ball top

Try this think about it look at the words you didn’t circle. Tell why they don’t belong to that group.
fish milkmouse
hours


water cat

dog
Топтау әдісі арқылы оқушылар өздері мәтін құрып оны айтып беруге дағдыланады, оқушылардың сөздік қоры көбейеді. Сабақ барысында топтау әдісінің басқа да түрлерін қолданамын.
2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кзеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, V білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңалық, ? мені таң қалдырады деген белгілерін қойып отырып, оны тобымен талқылайды.
What I have know V New information - I want to know + I don’t agree ?New York is on the east coast of the United States on the HUD – son River
It has a population of over seven million people The Statue of Liberty was a present from the people of France to the people of the United States - about big sightseeing’s of New York
- about great parks
- why it is an exciting city
Өз сабағымда қолданылатын тағы бір әдіс Джиксо. Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ынтасына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. Мен үшін бұл әдіс көбінесе үлкен мәтіндерді өткенде өте тиімді. Мысалы: london, education т.б сабақтарды өткенде қолдандым.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе Эссе жазу, бес жол өлең, Венн диаграммасыт. б. стратегияларды қолданып қорытындылайды. Мысалы:
Венн диаграммасы
New York
It is on the Hudson River
It has 7 million people
Both
They both
Are big, has problems with Traffic and pollution
London
It lies on the river
Thames
It has 6 million people

Cын тұрғысынан ойлау әдісінен - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді. « Сын тұрғысынан » сабақтарында әрбір ұстаз шәкірттерін ойлауға тұрақты түрде үйрететіндіктен , бала білім қоймасына айналып қалып қоймайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Г. Амандыкова. «Шет тілін оқыту  әдістемесі». Алматы, 2007ж., (103-105 б.).
2.  Республикалық әдістемелік –педагогикалық журнал « Мектептегі шет тілі» № 5. 2011 жыл
3. Республикалық әдістемелік –педагогикалық журнал « Мектептегі шет тілі» № 7. 2012 жыл
4 .Қаламқалиев М. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары// -2000- N2. – Б.103-106.
5. Б.Д. Мұхаметжанова Шет тілін оқыту әдістемесі № 5 (37) 2010
В статье анализируются актуальные проблемы внедрения инновационных технологий учебный процесс. Представленны эфективные пути использования стратегий критического мышления. Особое внимание уделяется видам компетентности, выявляется значимость, особенности и эфективност каждого из них. Приводятся примеры уроков на тематику. Доказывается эффективность применнения разнообразных технологий в учебном процессе.