Разработка коучинг-сессий на тему Сын т?р?ысынан ойлауды? жолдары


Сын тұрғысынан ойлаудың кейбір жолдары
( коучингтің жоспары)
Жалпы мақсаты Оқу қызметіне сын тұрғысынан ойлауды ықпалдастыру жолдарын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Коучинг –сессияның соңында мұғалімдер :
-Сын тұрғысынан ойлау “Ойлау туралы ойлану”, бақылау,тәжірибе, толғану, ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау,жинақтауда қолданылатын әдіс екенін түсінеді.
-Ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу үдерісі.
-«Сын тұрғысынан ойлау дәлелдерді (ақпаратты) немесе сөйлемдер мен пайымдауларды бағалаудың тәртіпке келтірілген ойлау қызметі болып табылады, бұл ұстанымдарды дамытып, шешім қабылдауды бағыттай алатынын түсінеді.
Түйінді идея: -сын тұрғысынан ойлау белгілі ретпен жасалатын әрекеттерге емес, тұжырымдама мен қағидаттарға негізделеді.
-сын тұрғысынан ойлау адам шындыққа не қорытындыға қол жеткізетіндігіне кепілдік бермейді.
-сын тұрғысынан ойлау бұл ұзақ үдеріс және әдетте түпкі қорытындыға әкелмейді.
-сын тұрғысынан ойлау бұл күрделі ой еңбегі.
-сын тұрғысынан ойлау бұл зерделеуге және жетілдіруге болатын (жетілдірілуге тиіс) зияткерлік шеберлік.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Құралдар мен жабдықтар Интерпктивті тақта,плакат,стикер,үлестірме материалдар
1.Қызығушылықты ояту.(10мин)
1.Қатысушылар араласып ортада жүреді,араласады «Қатып қал»дегенде қасындағы кісімен қол алысып,соңғы жаңалығымен бөліседі
2. Қатысушылар араласып ортада жүреді,араласады «Қатып қал»дегенде қағазға әлемнің жеті кереметін жазады.
2. Топқа бөлу.
Стикерлердің түсіне қарай мұғалімдер топқа бөлінеді
3. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының бағдарламасы арқылы сабақтың құрылымын құру:
(5 мин)
PowerPoint слайдтарын пайдалана отырып, тақырып бойынша идеялармен таныстыру.
4. Жаттығулар: 1. Мағынаны тану(25мин)
А) Ақ бөкен жайында не білесің?
(қағазға жазады)
Ә) Мәтінмен жұмыс жасайды.
(дайын мәтін беріледі,салыстырады)
2.Жеке-жұп-топ-орта(постерге енгізіп қорғайды)
5. Сергіту сәті
(4 мин)
Музықалық әуенге байланысты қымыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды
6.Рефлексия
(5 мин)
Берілген екі сұрақ бойынша ойларын стикерге жазып ілу.
1.Оқушы ретінде сіз не сезіндіңіз, не үйрендіңіз?
2. Мұғалім көзқарасынан алғанда, осындай сабақ не береді және сіздің пәніңіз үшін не беруі мүмкін деп ойлайсыз?
Фаткуллина Данагүл Сайлаубайқызы
Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі