Тік б?рышты параллелепипед к?леміні? формуласы та?ырыбына саба? жоспары


Пәні: математика
Сынып: 5
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі куб см3 таныстыру. Текшемен параллелепипед ерекшелігі туралы толық мәлімет беру;
Дамытушылық: . Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз беттерінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Математикаға қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі:
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Оқыту тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау кубизм.
Сабақтың көрнектілері: Таратпа материалдар, оқулық, жұмыс дәптері, бағалау парағы
Сабақтың құрал – жабдықтары: қарындаш, сызғыш, кітап, дәптер
Уақыты Сабақ барысы Мұғалім іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеттері
Ұйымдастыру кезең-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Қалдарың қалай?
-Біз кімдерміз?
-Қандай оқушылармыз?
-Біз бір-бірімізге кімдерміз?
-Достар бір-бірімен қандай қарым-қатынаста болады? -Сәлеметсіз бе!
-Жақсы
-Оқушылармыз.
-Әдепті, тәртіпті, білімді, үлгілі, әдемі
-Достармыз
-Жылы, мейірімді, адал
Үй тапсырмасын тексеру -Сонымен, балалар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Дұрыс!
-Ал, формулалар деп нені айтамыз?
-Тік бұрыш параллелепипед деп нені айтамыз?
-Куб деп нені айтамыз?
-Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің және куб көлемі деп нені айтамыз? Формулаларын көрсетіңдер!
-Үйге қандай тапсырма берілген? - «Тік бұрышты параллелепипед. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы.» тақырыбын өттік
-Сөзбен айтылған ереженің сан мен әріппен белгіленуін формула деп айтамыз.
Тік бұрышты параллелепипед – бізге өте жақсы таныс фигура, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие. Ал, балалар қараңдаршы мына заттардың атын атайықшы. ( кітап , кірпіш, сіріңке қорабы) .Осы көріп тұрған заттарымыздың бәрі тікбұрышты параллелепипедке мысал бола алады.
Ал енді тікбұрышты параллелепипед дегеніміздің өзі не?
Ол тек тікбұрыштардан тұратын болғандықтан тік бұрышты параллелепипед деп аталады.
Параллелепипедтің кез келген төбесінен үш қабырға шығады. Бұл қабырғалар тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері болып табылады және олар параллелепипедтің ұзындығы, ені, биіктігі болып аталады.
Тап осы жерде мен сендерге бір сұрақ қояйын.
Тік бұрыш, шаршы сияқты фигуралардың неше өлшемі бар?
Дұрыс 2, ұзындығы ені.
Олар қандай әріптермен белгіленеді?
Латынша а, в
Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемі ұзындығы, ені, биіктігі яғни а, в, с.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығын ені мен биіктігіне көбейткенге тең.
V=abcКуб – барлық өлшемдері тең тік бұрышты параллелепипед.
Кубтың көлемі оның қырының кубына тең.
V=a3Деңгейлік есептерді шығару Сонымен, балалар, қазір деңгейлік есептер шығарамыз!
1 деңгей. №537
2 деңгей. №539, №541,
3 деңгей. №544, №546 Оқушылар дәптерлеріне орындайды.
Қорытындылау
Үй тапсырмасын беру
Бағалау Параллелепипед ол қандай фигура?
Куб қандай фигура?
Параллелепипедті көлемі нешеге тең?
Кубтың көлемі нешеге тең?
№ 536, №542, № 545
Оқушыларды сабаққа қатысуы бойынша бағалау.