Преентация по химии Оксидтер


Оксидтер.Олардың жіктелуі, алу жолдары. Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы. Оксидтер.Олардың атаулары Оттек барлық металдармен және бейметалдардың көпшілігімен реакцияға түсіп, оксидтер түзеді. Мысалы; Калций (ІІ) оксидінің CаO түзілуін алайық: 2Са + О2 = 2СаО Оксидтер – біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар. Сөйтіп, оттектің қатысуымен жүретін реакциялардан түзілетін оксидтерді құрамы екі элементтен тұратындықтан биэлементті қосылыстарға жатқызады. Атомдар саны грекше оқылады, яғни моно - бір, ди - екі, три - үш, тетра - төрт, пента - бес мағынасын білдіреді. Оксидтердің жіктелуі Оксидтердің алынуы Оксидтерді алудың бірнеше жолына тоқталайық: жай және күрделі заттар жанғанда, валенттігі төмен оксидтерді тотықтырғанда , ерімейтін негіздерді, оттекті қышқылдардың тұздарын қыздырғанда, тағы басқа тәсілдермен алынады. Оксидтерді алудың негізгі тәсілдері. 1.Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуі арқылы: C + O2 = CO2 2Cu + O2 = 2CuO 2Ca + O2 = 2CaO 2.Оксидтерді әрі қарай тотықтыру арқылы: 4FeO + O2 = 2Fe2O3 2CO + O2 = 2CO2 3.Суда ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы: Cu(OH)2 = CuO + H2O 2Fe(OH)3= Fe2O3 + 3H2O 4.Тұздарды қыздырып айыру арқылы: CaCO3 = CaO + CO2 CaSO4 = CaO + SO3 5.Күрделі заттарды жандыру арқылы: CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2OҚалыпты жағдайда қатты күйдегі оксидтер: CuO, MgO, Fe2O3.Сұйық немесе газ күйіндегі оксидтер: CO2, SO2, NO2. Қышқылдық оксидтерге де осындай үш түрлі қасиет тән. 1.Қышқылдық оксидтер: CO2, SO2, SO3, P2O5 сумен әрекеттескенде оттекті қышқыл түзіледі: SO3 + H2O = H2SO4 P2O5 + 3H2O = 2H3PO4 2.Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп, тұз және су түзеді. 2NaOH + SO2 = Na2SO3 + H2O Ca (OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O 3.Қышқылдық оксид пен негіздік оксид өзара әрекеттескенде тұз түзіледі. SiO2 + Ca = CaSiO3 Оксидтердің химиялық қасиеттері. Негіздік және қышқылдық оксидтердің қасиеттері әр түрлі. Оксидтердің бәрі бірдей суда ерімейді. Негіздік оксидтердің ішінде К2О, Са2О, ВаО сумен шабытты реакцияға түседі. Негіздік оксидтерге тән химиялық қасиеттерге тоқталайық. 1.Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп, негіз (сілті) түзеді. Na2O + H2O = 2NaOH CaO + H2O = Ca (OH)2 2.Негіздік оксидтер қышқылдармен тұз және су түзе әрекеттеседі. MgO + H2SO4 = MgSO4 + H2O BaO + 2HCl = BaCl2 + H2O 3. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде тұз түзіледі. CaO + CO2 = CaCO3 BaO + SiO2 = BaSiO3 Оксидтерге тән химиялық қасиеті.{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} Оксидтер Әрекеттесетін затРеакция нәтижесі. Негіздік оксид Су Сілті + су Негіздік оксид Қышқыл Тұз + су Қышқылдық оксид Су Қышқыл Қышқылдық оксид Сілті Тұз + су Екідайлы оксидтер Негіздік және қышқылдық оксидтермен қатар екідайлы қасиет көрсететін оксидтерді де қарастырамыз. Екі жақты – негіздікте қышқылдықта қасиет көрсететін оксидтерге: ZnO, Al2O3, Cr2O3, BeO жатады.Олар суда ерімейді, қатты күйде болады. Мұндай оксидтер қышқылдармен де, негіздермен де реакцияға түсе алады, демек, екідайлы химиялық қасиет көрсетеді. Екідайлы оксидтердің химиялық қасиеттері.{F5AB1C69-6EDB-4FF4-983F-18BD219EF322} Оксидтер Әрекеттесетін затРеакция нәтижесі Екідайлы оксид Қышқыл Тұз + су Екідайлы оксид Сілті Тұз + су{21E4AEA4-8DFA-4A89-87EB-49C32662AFE0} Оксидтер Әрекеттесетін затРеакция нәтижесі ZnO H2SO4 ZnSO4 + H2O ZnO 2NaOH Na2ZnO2 + H2O Оксидтердің қолданылуы Оксидтер түрлі салада кеңінен таралған. Күкіртті газдың SO2 жүнді, жібекті ағартуда жеміс-жидектерді консервілеп оны сақтауда, қоймаларды зиянкестерден тазартуда алатын орны ерекше. Көмірқышқыл газ CO2 тамақ өнеркәсібінде, өрт сөндіруде “құрғақ мұз” ретінде кеңінен қолданылады. Ал су H2O (сутек оксиді) адам өмірінде ерекше маңызға ие. Қатты күйдегі кремни диоксиді SiO2 шыны, керамика алуда, ал негіздік оксидтер көбінесе ақ бояу алу үшін қажет, мысалы, ZnO ақ бояу, Cr2O3 жасыл бояу алудың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Кальций оксиді CaO құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент және түрлі тұздар алуға көп қолданылады. Кейбір оксидтердің атаулары{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} Химиялық формулалары Ертеден белгілі атауларыХалықаралық атаулары Н2Осутек оксиді CO2көмірқышқыл газкөміртек (V)оксидікөміртек диоксиді COиіс газыкөміртек (ІІ) оксидікөміртек монооксиді CaOсөндірілмеген әккальций оксиді Al2O3 глиноземалюминий оксиді Fe2O3 гематиттемір (ІІІ) оксиді SO2күкірт газыкүкірт (VІ) оксидікүкірт триоксиді Назар қойып тыңдағандарыңызғаРахмет!!!