Поурочный план по химии на тему Биологическая роль химических элементов


Қысқа мерзімді жоспар
8 сынып Химия пәні мұғалімі: Мукушева Қалимаш Күні: 6.12.16
Сабақтың тақырыбы
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық рөлі.
Мақсаты Білімділігі: Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру;
Тәрбиелігі: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың күнделікті дұрыс тамақтана білуін дағдыландыру.
Дамытушылығы: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбы тек химия пәнімен ғана емес, биология, медицина салаларымен тығыз байланыста екендігін айта отырып, болашақта өз мамандығын таңдаудағы ой-өрісін дамыту.
Күтілетін нәтижелер
А. Адам ағзасындағы химиялық элементтерді біледі.
В. Оқушылар күнделікті дұрыс тамақтана білуді үйренеді.
С. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің атқаратын рөлін білетін болады.
Керекті жабдықтар
Электрондық оқулық, оқулық әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі, слайдтар, дидактикалық тапсырма, периодтық кесте.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер «Еркін талқылау» әдісі, «Досыма хат», «Басбармақ» әдісі
Оқушылармен қарым-қатынас №1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
№2. Оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
№3. Сөзжұмбақ шешу арқылы топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны: Ағза толған химиялық элемент, Біліп алғын қызметін, неткен олар керемет.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Қызығушылығын ояту
Білу
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Топтарға бөлу:
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
3. Үй тапсырмасын сөзжұмбақ шешу арқылы білімдерін тексеру. Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.Күмістей ақшыл, тісте, бұлшық еттерде кездесетін, екі валентті s-элемент.
2. Магниттік қасиеті бар, қанда кездесетін металл
3. Көз, жұлын сұйығында, ас қорыту сөлінде, сүйек ұлпасында кездесетін сілтілік металл.
4. Ұйқы безінің қызметін бірқалыпты деңгейде ұстайды, d-элемент, реттік нөмірі 27.
5. Шашта, өкпеде, мида кездеседі, электр өткізгіш металл.
6. Ол өте аз мөлшерде қанның құрамында, шашта болады, адамды ерте қартаюдан сақтайтын металл.
7. Қанда, бүйректе, сүйек ұлпасында кездеседі, сілтілік-жер металы.
8. Гипофизде кездесетін ең қатты металл. 1.Сабаққа әзірлеу
2. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
3. Сөзжұмбақ шешеді, білімдерін көрсетеді.
Әрбір дұрыс жауапқа 2 балдан беріледі. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде тігінен бүгінгі сабаққа қатысты химиялық сөз шығады.
Сөзжұмбақтың шешуі:
Магний
Темір
Натрий
Кобальт
Алюминий
Ванадий
Кальций
Хром
Тігінен “Металдар” деген сөз шығады.
Түсіну
Интерактивті тақтамен жұмыс. Слайд көрсету.
Жұптық тапсырма беріледі:
Ағзада кездесетін маңызды элементтер. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Әр топтан екі оқушыдан шығып түсіндіреді. Содан кейін оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.
Қолдану
Химиялық элементтердің биологиялық рөлі «Мені түсін, мені тап»
1 топ: Мен ауадан тіршілікке қажет оттегін сіңіріп аламын, оны қанға жіберемін. (өкпе)
2 топ: Менде организмде ұдайы қажетсіз заттар пайда болады. Мен оларды сүзгіден өткіземін де, зәрге айналдырамын. (бүйрек)
3 топ: Мен – қанға түсетін химиялық заттарды жасап шығаратын химиялық фабрикамын. (бауыр)
4 топ: Мен – бүкіл денеге қанды жеткізетін органның бірімін. Мен адам өлгенге дейін ешқашан тыным таппаймын.(жүрек) Оқушылар адам ағзасының атқаратын қызметіне қарай анықтайды. Оқушының логикалық ойлауы дамиды.
Талдау Адам денесіндегі ағзаларды үш тілде айтқызу.
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде айту.
Жүрек, бүйрек, бауыр, асқазан, бұлшық ет, өкпе, т.б.Осы ағзаларда қандай элементтер бар? Олардың латынша аталуын айт. Ағзаларды үш тілде айтады. Құрамына кіретін элементтерді анықтайды, оларды латынша атайды.
Жинақтау І топ: Тіршілік тірегі – элемент.
ІІ топ: Химиялық элементтер адам ағзасында.
ІІІ топ: Металдар – ғажайып табиғат байлығы.
IV топ:Дені саудың жаны сау.
Топтық тапсырмаларды орындайды. Жауап берген оқушылар жұлдызшамен бағаланады.
Ватман қағазға топтық тапсырманы орындайды, тақтаға шығып қорғайды.
Бағалау «Досыма хат» әдісімен сабақты қорытындылаймын.
«Басбармақ» әдісі арқылы сабақты бағалау
Кері рефлексия парағын толтыру.
Мысалы., Мен білдім.Мен үйрендім.Мен білгім келеді.
Үйге тапсырма: Менің денем неден құралған? Оқушылар өздеріне берілген тапсырмадан нақты жауапты тауып, дәлелдеп береді.
Оқушылар бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасын жазып алады.