Та?ырыбы:Мал атасы.Т?лді ?алай ша?ырады?


Тақырыбы:Мал атасы.Төлді қалай шақырады?.
Мақсаты: 1.Мәтіннен төрт түлік малды шақыруды үйрету.
2.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқи білуге,еркін ой-пікірлерін айта білуге
машықтандыру.Сауатты жаза білуді үйрету.
3.Оқушыларды төрт түлік малды күтіп-баптауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: төрт түлік мал суреттер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Шопан,Қыс” мәтіндерінің мазмұнын сұрау, оқыту,мазмұндау.
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
-Шопан туралы білетініңді әңгімеле.
-Қоян қыста түсін неге өзгертеді?
2. Қорытындылау
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Төрт түлік.Төлді шақыру.17-19 жаттығу” .
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.
-Төлді қалай шақырады? -Қой- пұшайт-пұшайт.
-Ешкі-шөре,шөре.
-Жылқы-құрау-құрау.
-Сиыр-аухау-аухау.
-Түйе-көс-көс.
-Төлдер туралы өздерің не білесіңдер?
-Мысықты,итті қалай шақырады?\кіс-кіс,ка-ка\.
3.Сергіту сәті
6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2.Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.Жж \сөздер жазу\.
Есте сақта!
Дауыссыз дыбыс әріптері:б,в,г,ғ,д,ж,з,и,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).
17-жаттығу.Төлдер атасы: Шопаната,Сексеката,Ойсылқара,Зеңгібаба,Қамбарата.
\дауыссыз дыбыстардың астын сызу\.
Қорытындылау.18-жаттығу.Мәнерлеп оқыңдар.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Өлеңді оқу,мазмұндау. 19-жаттығу. 9.Бағалау.