Технологическая карта на тему: Жапала?тап ал?аш?ы ?ар жауып т?р. Шы?армашылы?. Сурет салу.


«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 22.11.2016 ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекет түрі : Сурет салу
Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр»
Мақсаты:
БМ: саусақ арқылы қардың бейнесін салуды үйрету;
ДМ: саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;
ТМ: бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: ойындар ойнату
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: қыс мезгілінің суреті
Билингвальді компонент: қар-снег-snow.
Іс-әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі
-Балалар, қараңдаршы, бір ғажайыптың күшімен біз қысқы орманда саяхатта жүргендейміз. Орман қандай әдемі күйге енген, ағаштардың бәрін қар басып, жердегі ақ ұлпа қар күн сәулесіне шағылысады.
-Мұнда қар жауып тұрған сияқты ғой. Қыста көптеген аңдар қысқы ұйқыға кетеді. Олар қардың жауғанын көрмейді. Біз оларға қыстан естелік ретінде қардың қалай жауатынын көрсетіп, сурет салып берейік.
Тақтадағы қыс табиғатын бейнелейтін суреттерге, алдарындағы қолдан жасалған қарларға көңіл аударады.
29210099695
Іздену
ұйымдастыру
Бүгін ақ гуашьты пайдаланып, саусақ арқылы жауып тұрған қардың суретін саламыз.
Балаларға сурет салу жолын көрсетемін.
Балаларға алдарыңдағы көк парақтың бетін толығымен пайдалану керек екенін айтып түсіндіремін.
Осы салған суреттерін қысқы ұйқыға кететін жануарларға сыйлайтындарын айтып, жұмыстарын жинап алып ойын ұйымдастырамын.
«Кім алысқа лақтырады?» ойыны. Балалар сұқ саусақтарын ақ гуашьқа салып, көк парақтың бетіне жауып тұрған қарды бейнелейді.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды. Бояуға батырып, онымен қағаздың бетіне дақ түсіреді.
Рефлексивті
қорытындылау
Салған суреттерінен көрме ұйымдастырамын. Жақсы салған балаларды мадақтап қорытындылаймын. Өздерінің жұмыстарына зер сала қарайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыс мезгілінде қардың жапалақтап жауатынын, қардың пайдасын
Игереді: қыста қар жауып, адамдар тіршілігіне өзіндік өзгерістер әкелетінін
Меңгереді: қарды саусақ ұшымен, кеңістікті бағдарлай отырып бейнелеуді