Логопед саба?ы Ертегілер елінде


Тақырыбы: Ертегілер елінде. (ЖТК ІІІ деңгейі)
Сабақтың мақсаты: психотерапиялық мазмұндағы әңгімелесу. Күнделікті айналасындағылармен жақсы, еркін тілдесуін қалыптастыру. қозғалыс ырғақтығы мен сөздер үйлесімділігін дамыту. Диафрагмалды тыныс алуды қалыптастыру. ұзақ фонациялық дем шығаруды дамыту. Тілдің фонетика-фонематикалық, лексика-грамматикалық қатарын, тілдік байланысын дамыту. Үнтаспадан ертегі тыңдау барысында логопаттардың назарын анық, таза, нақты, жатық сөздерге аудару. Ән әуенін әртүрлі тонға салып шырқау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Көңіл-күй және дене сергіту жаттығулары.
Біз қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы,
Үлкенді біз көргенде
Ізетпенен иіліп,
Біздер сәлем береміз.
Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?
Көңіл-күйлерің қандай?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс белгілерін атаңдар.
2. Релаксациялық гимнастика кешені:
«Мұздықтар»
Біздің шатырдың астында,
Ілулі тұр ақ шеге.
Күн шуағын шашқанда,
Ғайып болар сол шеге.
Желдің дауысы «Ысқырық»
«Құлып»
Қолымызды біріктіріп,
Көтерейік жоғары.
Міне, қандай керемет.
Болып шықты дөңгелек.
Жай емес, қане, қараса,
Алтын қақпа тамаша.
Сендер қандай ережелерді сақтауларың керек.
Біз сөйлеу алдында
Ойымызды жинақтап,
Көтерместен иықты,
Тереңдетіп тыныстап.дыбыстарды анықтап.
Жауап бергін дұрыстап.
3. диафрагмалдық тыныс алу қою.
А.Н. Стрельникова әдісі.
А. Шалқалай жату қалыпта (бір тыныспен санау)
Ә. Айна алдында (дауысты дыбысты созып айту) (дауысты дыбысты созып айту).
1.2.3.4.5. а-а-а-а-а-а-о-у-и-е
6.7.8.9.10. а-а-а-а-а-а-о-у-и-е
Қыс, көктем,жаз,күз.
Қыста мен ыжылы киінемін.
Біз шанамен сырғанап, қар атыстық.
4.Үй тапсырмасын пысықтау.
Диалог: «Түлкі мен үйрек».
Түлкі атаулы қу ғой,
Жүрген жері ду ғой.
Жатып алып жағада,
Көздегені су ғой.
Жүзген үйрек, кел, -дейді.
Үні құлақ тербейді.
Көк шалғанда демалшы,
Соққан самал жел, - дейді.
Үйрек айтты га-га-га
Шыға алмаймын жағаға
Мені іздесең суға кел,
Самал жел бар мұнда да.
5. Релаксация: «Сиқырлы түс» (баяу әуеннің орындалуымен)
- сендер барынша сабырлысыңдар, көздерің жұмулы, сендердің қолдарың, аяқтарың дем алады.
Бүкіл дене босаңсиды. Қыс мезгілі. Сендер серуендеуге шықтыңдар. Күн суық. Дала аппақ қар. Тіпті ағаштар да апақ киім киіп алған сияқты. Аяқтарыңмен қышырлаған қарды басып келе жатырсыңдар. Қатты жауған қар ұшқындары мен жел сендердің жүрулеріңе кедергі жасауда. Аяқ баспаған жердің қары өте қалың екен. Жүру қиындай түсті. Тоңа бастағандарыңды сезгеннен кейін сендер үйге қайтатын қыска жолға түстіңдер. Аздан соң үйге келіп жеттіңдер. Сырт киімдеріңді шешіп, пештің қасына жайғасып отырдыңдар. Кенет мяу-мяу деген мысық дауысы естилді.
6. Үнтаспадан мысықтың ертегісін тыңдау: «Арыстан мен адам» Е.А.Дьякова әдісі.
7. Ертегі бойынша сұрақ-жауап.
- Ертегі не туралы?
- Ертегі кейіпкерлерін ата.
- Адамның жасаған іс-әрекетін баяндап бер.
- Арыстан адам туралы не ойлады?
8. Караоке: «Бақытты балалық шақ»
Ашық аспан аясында біз отырмыз,
Ақ көгершін самғағанда жыр әніміз.
Жарық заман білімге жол ашады.
Өрендерміз көрікті, өрендерміз көрікті,
Күндей нұрлы болашағы..................
9. Сабақты қорыту:
- бүгінгі сабақ ұнады ма?
- қай сәт сендерге көбірек ұнады?
10. Үй тапсырмасы: артикуляциялық жаттығуларды қайталаау. Мадақтау. Мақтау.